Жеке табыс салығЫ


ТӨЛЕМ КӨЗІНЕН САЛЫҚ САЛЫНАТЫН ТАБЫСТАР



бет10/14
Дата23.09.2023
өлшемі149,61 Kb.
#109906
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

2. ТӨЛЕМ КӨЗІНЕН САЛЫҚ САЛЫНАТЫН ТАБЫСТАР

Төлем көзінен салық салынатын табыстарға табыстардың мынадай түрлері жатады:

1) қызметкердің табысы;

2) жеке тұлғаның салық агентінен түсетін табыстары;

3) жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдері;

4) дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс;

5) стипендиялар;

6) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыс.


160-бап.
Салықты есептеу, ұстау және төлеу
1. Жеке табыс салығын есептеуді салық агенті төлем көзінен салық салынатын табыстар бойынша, салық салуға жататын табысты есебіне жазу кезінде жүргізеді.
2. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, жеке табыс салығын ұстауды салық агенті төлем көзінен салық салынатын табысты төлеу күнінен кешіктірмей жүргізеді.
3. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, салық агенті төленген табыстар бойынша жеке табыс салығын аударуды төлем айынан кейінгі айдың 25-іне дейін өзі орналасқан жері бойынша жүзеге асырады.
Резидент заңды тұлғаның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері салық агенттері ретінде қаралуы мүмкін.
Резидент заңды тұлғаның шешімі бойынша салық агенттері болып танылған құрылымдық бөлімшелер осы Кодекстің 12-бөлімінің мақсаттары үшін әлеу­меттік салықты дербес төлеушілер болып танылады.
Салық агентiнiң құрылымдық бөлiмшелерi қызметкерiнiң табыстары бойынша жеке табыс салығын төлеу құрылымдық бөлiмшелер орналасқан жер бойынша тиiстi бюджеттерге жүргiзiледi.
4. Депозитарлық қолхаттар бойынша табыстардан салықты есептеуді және ұстауды осындай депозитарлық қолхаттардың базалық активінің эмитенті жүргізеді.
5. Оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері және шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимдерін қолданатын салық агенттерінің жеке табыс салығын төлеу мерзімдері осы Кодекстің 438 және 446-баптарында белгіленген.
161-бап.
162-бап. Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация
1. Қазақстан Республикасының азаматтары бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияны салық агенті есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей, салық төленетін жердегі салық органдарына табыс етеді.
2. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін және оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін қолданатын салық агенттері осы режимдер қолданылатын қызмет бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация табыс етпейді.
2-1. Құрылымдық бөлiмшелерi бар салық агенттерi бөлiмшенiң орналасқан жерiндегi салық органына жеке табыс салығы және әлеуметтiк салық жөнiндегi деклара­цияға құрылымдық бөлiмше бойынша жеке табыс салығының және әлеуметтiк салықтың сомасын есептеу жөнiндегi қосымшаны табыс етедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет