Жеке тұлғаны дамытуға, қалыптастыруға, тәрбиелеуге әсер ететін факторлар


Жеке тұлғаның дамуына, қалыптасуына әсер ететін факторлар



бет4/5
Дата26.04.2022
өлшемі30,92 Kb.
#32392
1   2   3   4   5
Байланысты:
Документ Microsoft Word (4)

Жеке тұлғаның дамуына, қалыптасуына әсер ететін факторлар.

1.   Тұқым қуалаушылық.

2.   Орта (биологиялық, географиялық, әлеуметтік).

3.   Мақсатты түрде жүргізілетін тәрбие.

4.   Тұлғаның іс-әрекеті

       Американдық психолог және педагог Э. Торндайктың пікірінше, жеке тұлғаның барлық қасиеттерін тек тектілік, тұқым қуашылық ғана анықтайды. Оның ойынша, ақыл-ой қабілеті балаға көздері, тістері және саусақтарының сияқты дүниеге келгеннен-ақ беріледі.

        Тұқым қуалаушылық деп генетикалық код арқылы атадан балаға түр ұқсастығы мен кейбір ерекше қабілеттілігі нышанының берілуін айтамыз.

   Ата-аналарынан балаларына тұқым қуашылық арқылы:

― дене бітімінің ерекшеліктері;

― шаштың, көздің, тері қабатының түсі сияқты сыртқы белгілер;

― қан тобы, резурс-фактор;

― бала мінез-құлқының негізін құрайтын жүйке жүйесінің ерекшеліктері, психикалық

     процестердің өту ерекшеліктері;

― қан аурулары, қат диабеті, кейбір эндокриндік бұзушылықтар;

― кейбір ерекше қабілеттіліктер нышаны.

        Маркс пен Энгельс адамды ортаға белсенді әсер ететін, өз өміріндегі жағдайларды өзгерте алатын әлеуметтік ортадағы қайраткер деп қарастырылады.

         Орта деп  бізді айнала қоршаған бүкіл дүниені айтады.

          Биологиялық және географиялық орта адамның дене бітіміне, денсаулығына, бет пішіміне, тері қабатының түсуіне айналысатын еңбек түрлерінің пайда болуы мен қалыптасуына, салт-дәстүрлердің пайда болуына ықпал етеді.

    Әлеуметтік орта сол орта үшін құңды болып табылатын бүкіл адами қасиеттер мен қабілеттермен, табиғатпен, адамдармен, қоғаммен қарым-қатынас нормаларының қалыптасуына ықпал етеді.

    Тұқым қуалаушылық пен ортаның адамға ықпалы мақсатты түрде жүргізілетін тәрбие арқылы түзетіледі. Тәрбиенің тиімділігі оның мақөсаты, жүйелі және білікті жүргізілетіндігінде. Тәрбиешінің мақсатқа сай, жүйелі ықпал ету алдын-ала жоспарланған мақсатқа сәйкес тұлғалық қасиеттердің қалыптасуына әкеледі.

   Джон Локк бойынша, бала жаны табиғатынан - ақ тақта сияқты таптаза болады, сондықтан тәрбиеші нені қажет деп тапса, соны сол таза ақ тақтаға жазуы тиіс. Бұл жерде ол тәрбиенің маңызын көрсетті.

   В.Г. Белинский тұжырымдауынша, өмір жазатын әріптердің мәні тәрбиеші мен жазы құралына  және сол тақтаның өз саласынан байланысты деп жазды. Мұнда ол тәрбиенің ролін аса  дәріптеді.

        Тәрбиенің тиімділігі оның мақсатты, жүйелі және білікті жүргізілетіндігінде. Тәрбиешінің мақсатқа сай, жүйелі ықпал ету алдын-ала жоспарланған мақсатқа сәйкес, тұлғалық қасиеттердің қалыптасуына әкеледі.

          Іс-әрекет деп адамның бүкіл айналысатын, шұғылданатын істерінің барлығын айтады. Адамның өз қолымен жасап көрмеген іс-әрекетті оның санасында із қалдырмайтын.

   Іс-әрекет бағыттарына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:

  танымдық іс-әрекет;

  қоғамдық іс-әрекет;

  - спорттық іс-әрекет;

  - көркем өнерлік іс-әрекет;

  - техникалық іс-әрекет;

  - қолөнерлік іс-әрекет;

  - гедоникалық іс-әрекет.

       Жеке тұлға туралы теориялар.

  Жеке тұлға теориясы - бұл адам бойынша болатын ойлар мен гипотезалар жиынтығы.

   Бұл теорияны негізгі екі функцияны атқарады: олар мінез-құлықты түсіндіреді және алдын-ала болжайды. Жеке тұлға теориясы адамның жеке басындағы мінез-құлықты зерттеп қалыптасқан жүйесіне түсініктеме береді.

   Психодинамикалық теория. З.Фрейдтің (1856-1939 ж.ж.) психодинамикалық теориясы адамның мінез-құлқын психоаналитикалық қарым-қатынас арқылы негізделген.

   Жеке тұлғаның Эго теориясы (Эрик Эриксон). Бұл теория бойынша, қоғамға және жеке адамдарға, олардың барлық өмірі бойында жеке басының қалыптасуы тепе-теңдік теориясына негізделген.

       Эриксон теориясының артықшылығы - биологиялық жетілу жолдарының адам өмірінің барлық кезеңінде толастамайтынын, оның философиялық, психологиялық, тарихи, ғылыми, т.б. Әлеуметтік үрдістермен байланыстылығын анықтайды.

        Джулиана Роттердің әлеуметтік - ілім теориясы. Әлеуметтік  ілім теориясын Джулиана Роттер қоршаған ортаны зерттеу арқылы басқа адамдармен қарым-қатынас түрлерінің әлеуметтік әсерін қабылдаудың нәтижесі деп түсіндіреді.

         Альберт Бандураның әлеуметтік-когнитивтік теориясы. Бұл теория өзара детерминизмге негізделген. Ол жеке тұлғаның және әрбір адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы кезіндегі мінезіндегі өзгерістің ауытқу ерекшеліктерін көрсетеді. Бұл теория бойынша мінез-құлық реакциясы мен айналадағылардың дамуы, ортамен бсыпайы түрде қарым-қатынас жасауға негізделген.

       Джорж Келлидің жеке тұлғаның когнитивтік теориясы (1967).

    Жеке тұлғаның когнитивтік теориясы бойынша адам бойында конструктивті заттар болады. Бұл арқылы ол қоршаған ортадағы интерпретациялық оқиғаны ұдайы жинайды. Бұл жиналған конструктивті заттар сол адамның  мінезін айқындайды. Осы арқылы жаңа конструктивті ойлар қалыптасады.

       Карл Роджерстің жеке тұлғалық феноменологиялық теориясы (1902-1987 ж.ж.).  Бұл теорияның авторлары феноменологиялық бағыт адамның ішкі дүниесінің және рухының үйлесімділігін тапқанда ғана дұрыс болып табылады деген.Субъективтік әлем - оның феномені қоршаған ортаны уақыттың қай кезеңінде болмасын түсіне білуі Роджерс субъективтік қабылдау немесе адамның уайым тартуы жеке тұлғаның жекелей іс-әрекетінің мінезге тән өзгерісін дәлелдейді.

   Жеке іс-қимыл теориясы. Іс-қимыл теориясы кәсіптік даму үрдісінің методологиялық негізі болып есептеледі. Ол субъектінің белсенділігін туғызатын, және сол белсенділік арқылы дамудың арнаулы жағдайын айқындайды.

         Іс-әрекет белсенді және енжар болуы мүмкін.

         Дамудың қозғаушы күші қайшылықтардың күресі болып табылады. Қайшылықтың түрлері: Ішкі қайшылықтар, сыртқы қайшылықтар, жалпы қайшылықтар, жеке-дара қайшылықтар.

   Ішкі қайшылықтар адам «өзімен өзі келіспеген» жағдайда, өзінің бойында бар тұлғалық қасиеттер мен қабілеттерге көңілі толмай, сапалық жағынан жаңа қасиеттер мен қабілеттерге ұмтылған жағдайда пайда болады. Негізгі ішкі қайшылықтардың біріне адамда пайда болған жаңа мұқтаждық пен оны қанағаттандыру мүмкіндігінің арасындағы қайшылық болып табылады. Мысалы, оқушының пән олимпиадасына қатысуға ұмтылуға мен оның осы пәнге қатысты ғылым саласынан нақты білімінің,  білігі мен шығармашылық ойлау деңгейінің арасындағы қайшылық.

       Жалпы қайшылықтарға адамдарда объективті факторлар әсерінен пайда болатын мұқтаждықтар мен оларды қанағаттандыру мүмкіндіктері арасындағы қайшылықтар жатады.

       Жеке дара қайшылықтар тек жеке дара алынған адамға ғана тән болып келеді.

Тәрбиенің  негізгі мақсаты-қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның жан жақты үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаның даму мен қалыптасу мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп апектілі және әртүрлі ғылымдардың тоғысында  қарастырылады.

Жеке тұлғаның қалыптасуының факторлары туралы идеялар келесі дәуірлердің прогрессивті философиялық және психологиялық пікірлерінде өз жалғасын тапқан (Э.Роттердамский, Я.А. Коменский, К.А. Гельвиций, Д.Дидро, А.Дистерверг, Д.Ушинский, В.Г. Белинский, Н.Г. Чернышевский, К.Маркс, Ф.Энгельс, З.Фрейд, Д.Дьюи, Э.Торндайк, Н.К. Крупская, П.П.Блонский, А.С. Макаренко т.б.).

Психологияда «жеке тұлға» деген ұғымның әртүрлі түсіндімелері бар, бірақ олардың көбісі мына түсінікке келіп тіреледі; жеке тұлға дегеніміз әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның ең басты белгісі-оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды (қызметтерді) (болмысқа, адамдарға, өзіне, еңбекке, жалпы қоғамға қатысты) атқаруы. Жеке тұлға, сондай-ақ, психологиялық дамудың белгілі бір деңгейіне ие (темперамент, мінезқұлық, қабілеттілік, ақыл-ой дамуының деңгейі, қажеттіліктер, мақсат-мүдделер).

Жеке тұлға-бұл интегративті және жүйе, әлдебір ыдырамайтын тұтастық. Алайда, жеке тұлғаны зерттеумен айналысатын ғалымдар бұл тұтастықтың «өзегі» бар деп мойындайды.Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері-оның саналылығы, жауап-кершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық прогрестің тенденцияларының, әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және спецификалық көрініс табуы арқылы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады. Бұл орайда «адам тұлға» деген ұғымдардың қатары «даралық» деген ұғыммен толықтырылуы қажет.

«Даралық» ұғым бір адамды басқа бір адамнан, бір тұлғаны басқа бір тұлғадан ажыратып, оған өзіне тән сұлулық мен қайталанбас қасиет беретін жалпы мен жекеден тұрады.Адам қасиетін түсіндіретін тағы бір ұғым - «индивид».Бұл сөз латын тілінен алынған және оның қазақша баламасы-«жекелік».Әрбір адам индивид болып табылады.Даму табиғатқа, қоғамға және әрбір жеке тұлғаға тән жалпы қасиет болып танылады. Даму дегеніміз-төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделіге қарай қозғалыс; сатылай эволюциялық ауысу немесе революциялық секіріс түрінде жүзеге асатын жоғары сапалы күйге қарай спиральды өрлеу процесі.Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз, ең алдымен, оның қасиеттері мен сапасындағы сандық өзгерістер процесі. Адам дүниеге келгеннен соң дене жағынан үлкейеді, яғни оның кейбір дене мүшелері мен нерв жүйесі өседі.

             

Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы үлкен мəселе екенін бір сөзбен жеткізіп айту өте қиын. Биологиялық тіршілік иесі ретінде өмірге келген адамның əлеуметке қосылып адам болып тұлғалануының негізінде жатқан нəрсе сөзсіз осы – тұлғаның кəсіби дамуының психологиялық ерекшеліктері екендігі еш дау тудырмаса керек.

Адамның эволюциялық даму жолында тек еңбек əрекеті ғана, яғни адамды адам еткен еңбек екенін көреміз. Осылайша, адам еңбек əрекеті арқылы қарадүрсін жабайы қоршаған ортаны игерілген, өңделген мəдени ортаға айналдырып өзгертті жəне өзі де өзгерді əрі мəдениленді. Осындай жасампаздық əрекеті арқасында адам қарапайым еңбек əрекетін күрделендірді əрі түрлендірді. Еңбек бөлінісіне байланысты орай болған күрделі еңбектен жеке-жеке кəсіп түрлері бөлініп шығып, кəсіппен айналысқан адамдар белгілі бір білімдерді игеріп, дағдылар қалыптастырып, тəжірибе жинақтап, шеберліліктерін шыңдап барып кəсіпке кіріскен.

Адамның тұлғалық дамуы мен кəсіби дамуы арақатынасы əрине бар. Ол қоршаған ортаға, адамдарға, материалдық жəне рухани мəдениет заттарына, отбасына жəне өз мамандығына деген жақсы қатынастардан байқалады. Сонымен, кəсіби дамудың негізгі ерекшеліктері - кəсіби байлықтар приоритеті, жұмысқа кірісіп кету, берілу.

Сондықтан да, қазіргі ғылымдағы кəсіпке дайындалу ұғымы, бір жағынан топтардың, таптардың, ұлттардың жалпы əлеуметтік жүйесінің құндылық стандарттарымен, екінші жағынан тұлғаның мотивациялық бағдарлауымен тығыз байланысты. Қоғамдағы маңызды құндылықтар интериоризациясы мінез-құлықтағы əлеуметтік нормативтерді игеру арқылы келеді. Құндылықтық бағдарлау қоғамдық маңызды істерде жəне мінез-құлықтарда пайда болатын сананың, мінез-құлықтың белгілі бір бағыттылығында өзін көрсетеді немесе өзі жөнінде мəлімет береді.

Индивидті, кəсіби жəне тұлғалық даму темптерінің сəйкес болуы дегеніміз адамдардың өзін-өзі еңбекке бейімдеуі жəне оны жүзеге асыруымен сипатталатын қатынас.

Жалпы айтқанда, адамның индивидті, тұлғалық жəне кəсіби дамуы оның индивидуалды өмірінде өзара əрекеттесіп, кəсіби   өмір   сценарийініңкең спектірін құрайды. Адамның шыңға жетуі тұлғалық кəсіби қалыптасуының əр кезеңдерінде орналасады.

Кəсіби қалыптасу адам өмірінің ұзақ кезеңін қамтиды (35-40 жыл). Осы уақыт аралығында өмірлік жəне кəсіби жоспарлар өзгереді, əлеуметтік жағдайлар мен жетекші іс-əрекет ауысады, тұлға құрылымының қайта құрылуы жүреді. Осыған байланысты кəсіби қалыптасудың үздіксіз процесінде кезеңдердің бөліну критерийлері туралы сұрақ пайда болады.



Тұлғаның кəсіби қалыптасу мəселесін терең зерттеген отандық психологтардың бірі Т.В. Кудрявцев тұлғаның мамандыққа қатынасы мен іс- əрекеттің орындалу деңгейін кезеңдерді бөлу критерийлері ретінде алды. Ол кезеңдердің төрт түрін бөліп көрсетті:

  • кəсіби ниет, (ой) оның пайда болуы мен қалыптасуы;

  • кəсіби білім беру жəне кəсіби іс-əрекетке дайындық;

  • мамандыққа кірісу, оны белсенді меңгеру жəне өндірістік ұжымнан өз орнын табу;

  • кəсіби еңбекте тұлғаның толық жүзеге асуы [2].

  • Е.А. Климов төмендегідей кəсіби бағдарланған кезеңді ұсынды:

  • Оптация кезеңі (12-17 жас) – кəсіби өмірлік жолын саналы түрде таңдауға дайындық;

  • Кəсіби дайындық кезеңі (15-23 жас) – болашақ кəсіби іс-əрекет икемділігіне үйрену, қажетті білім алу;

  • Кəсіпқойдың даму кезеңі (16-23 жастан бастап зейнеткерлікке дейін) – кəсіби қауымдастықтардағы тұлғааралық қарым-қатынас жүйесіне кіру жəне іс- əрекет субьектісінің əрі қарай дамуы [3].



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет