Жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктері Жоспары


Жеке тұлға жөніндегі түсінік және жеке



бет2/7
Дата26.04.2022
өлшемі40,29 Kb.
#32269
1   2   3   4   5   6   7
1.Жеке тұлға жөніндегі түсінік және жеке

адамның қасиеттері

Жер бетінде адам ұзақ эволюцияның барысында өзінің жануарлын морфологиясын өзгертіп, денесінің тік жүру қалпына келуі, сөйтіп алдыңғы аяқтарының жүру қызметінен босап, қолға айналуы нәтижесінде пайда болды, бұған қоса дыбысты сөйлеу тілінің қалыптасуы-мұның бәрі мидың дамуына алып келеді. Адамның морфологиясыныц өзгерісі оның қоғамдық, дәлірек айтқанда, ұжымдық өмір сүруінің материалдың бірлігі, негізі десе де болады.

Адам биоәлеументтіктің бірлігі ретінде туады. Демек ол дүниеге келгенде толық қалыптасқан анатомия-физиологиялық жүйе түрінде келмейді; ол әлеуметтік жағдай барысында қалыптасады.

«Жеке тұлға» түсінігі «тұлға» түсінігіне қарағанда біршама тар мағынаға ие. Оның қоғамдьқ мәні мен әлеуметтік функциясы жеке адам сипатта-масының ең басты көрсеткіштері болып табылады. Жеке адам тек қана қоғамдьқ ғылымдардың: тарих, философия, әлеуметтану, этика, эстетика, психология, педагогика тағы басқалардың зерттеу объектісі.

Жеке тұлға -қоғамда белгілі бір жағдайға ие және белгілі бір қоғамдық ролін атқаратын, саналы индивид. Роль дегеніміз - жеке адамның атқаратын әлеуметтік қызметі. Мәселен, ата-ананың ролі - балаларын тәрбиелеу, мектеп директорының ролі-мұғалімдер ұжымын басқару және оқушыларды оқыту барысын ұйымдастыру.

Жеке тұлғаның позициясы дегеніміз-оның қатынастарының жүйесі. Жеке адамның мәнді қатынастарына: өмірдің материалдық жағдайларына, қоғамға және адамдарға, өзіне-өзі мойнына алған міндеттерге, қоғамдьқ, еңбек міндеттеріне деген қатынастар жатады. Бұл қатынастар жеке адамның адамгершілік бейнесін,оның әлеуметтік бағдарын сипаттайды.

Қатынастарды тек олардың объектіге деген бағытына қарап қана айырмайды, сондай-ақ олардың аңғарылу деңгейіне байланысты да ажыратады. Әдетте қатынастарды аз аңғарылған және терең түсінілген деп бөледі. Аз аңғарылатын қатынастар дегеніміз-қуанту мен жек көру сезімдері. Терең түсіну дегеніміз - принципті қатынастар, олар ситуация таланттарымен емес, жеке адамның қалыптасқан адамгершілік мұратымен, ішкі сенімімен, парызбен міндеттерді сезінумен анықталады. Сөйтіп, материалистік философия мен психология жеке адамда әлеуметтік мәні тұрғысынан қарастырады. Жеке тұлға дегеніміз-ол да сол адам, тек ол бұл ретте қоғамдық мәні мен қоғамдық іс-әрекеті жағынан қарастырылады. Физиолог адамда организм ретінде зерттейді, әлеуметтанушы адамда жеке адам ретінде қарайды. Міне,сондықтан да жеке адаммен оның құрылымын анықтағанда әлеуметтік және биологиялық жағына бірдей орын беретін кейбір психологтармен келісуге болмайды. Жеке адам дегеніміз-саналы индивид. Жеке тұлғаның қоғамдық ролін оның психологиясын талдамай тұрып түсіну мүмкін емес: іс-әрекетпен айналысу себебін, қабілеті мен мінез-құлқын, ал кейбір жағдайларды тіпті дене құрылысын тексеруге болады.

Жер бетінде адамнан қастерлі,адамнан артық еш нәрсе жоқ. Себебі адам бір бойына бүкіл әлемді сыйғызып тұрған ерекше құбылыс. Ұлы ойшылдар адамға мынадай анықтама береді: «Адам-ақыл иесі», «Адам-сана иесі», «Адам-бостандық иесі». Ақыл, сана және бостандық-адамның адамдық жігерлігінің сипаттамасы.

Тұлға жөнінде психологияда сөз қозғасақ, онда нақтылы жеке адам туралы айтатынымыз рас. Сонымен қатар адам жөніндегі ұғымда басқа да бір-біріне өзара жақын көптеген түсініктер бар: «адам», «индивид», «даралық», «тұлға». Жалпы алғанда бұл ұғымдар бір ғана мағына бергенімен, ал өмірде, ғылымда олардың әр-түрлі түсініктері болады.

Индивид /жеке тұлға/ -бұл әлдебір тұтастықтың өкілі ретіндегі жеке кісі (адамзатқа қатысты бір адам, белгілі бір әлеуметтік топтың өкілі). Жеке адам ретінде жарық дүниеге келгенде адам біртіндеп жеке адам ретінде қалыптасады. Бұл процестің тарихи сипаты бар: дүниеге келгеннен кейін адам қоғамдық қатынастардың белгілі, тарихи тұрғыда қалыптасқан жүйе-сіне қосылады.

Жеке тұлға дегеніміз-әрбір кісінің әлеуметтік сипаттамасы, яғни мұның мәнін оның сапалы, не қаны, не дене құрылысы ғана білдіріп қоймайды, оның әлеуметтік сапасы айқындайды. Еңбектену арқылы пайда болған тіл-ойлау мен сөйлеуді тудырады, ал тілдің негізінде сөз жасалады. Сөз арқылы, сөйлесудің нәтижесінде адамдардың өзара қатынасы қалыптасып, жоғары тиімділікке қол жеткізеді. Адамдар тіл арқылы өздерінің сезімдік қабылдау процесінен шығып, объективті дүниені түсіндіруге ұмтылады.

Адам жаратылысынан іс-әрекет етуші тұлға, оның барлық ерекше қасиет-тері еңбектің нәтижесінде, тарихи даму арқылы қалыптасқан. Жеке адамның қоғамда өмір сүруі нәтижесінде бойына жинақтайтын сапалық қасиеті олардың өндірісте, қоғамдық еңбекте қалыптасатын күрделі және көпсапалы қатынастарын анықтайды. Даңқ, ақыл, байлық, тартымдылық және дарын-бәрі де адамның сапасы. Бұлардың әрқайсысы шын мәнісінде мазмұнды, себебі бір адамның мақсат-мүддесі адаммен қатынасы арқылы жүзеге асырылады. Жеке адамның осы қасиеттері қоғамнан ажыратылса, оның жеке басының сапасы затпен қамтамасыз етілмеген ақшаның сатып алу қабілетіндей ғана болып қалады.

Даралық-жеке тұлғаның өзіне ғана тән белгілі бір сипаттамасы. Мұны әр адамның психологиялық ерекшеліктерінің қайталанбас ұштасуы деп түсінген жөн.

Даралық-адамды басқадан ажырататын өзіндік ерекше өзгешелігі. Әрбір адам айналадағы дүниені өзгеше түсініп, өзгеше қабылдайды, оның ақыл есінің, ойының, зейінінің өзіне гана тән ерекшеліктері бар құштарлығы мен өзіндік қиялы, өз қызығуы мен ұғатып, көңіл-күйінің ерекшеліктері, азды-көпті эмо-циялық тебіреністері, күшті не нашар дамыған ерік-жігері, түрлі мінез-бетістері болады. Адамның ішкі жан дүниесі, яғни қалыптаса келе қол жеткізген «мені» - ең тереңде жататын барынша нәзік те бағдарланатын өлшем. Жеке адамның ішкі жан дүниесі сол адаммен бірге туып, дамып жетілетін соның өзіне ғана тән нәрсе. Жеке адамның белгілі дәрежедегі психикалық және әлеуметтік тұрғыда даму деңгейі сол адамның өз алдына маңызды мақсаттар қойып,оларды орындай алуына мүмкіндік тудырады, оның бойында дербес көзқарас пен қарым-қатынас қалыптасып, өзіндік адамгершілік талаптар қоюмен іс-әрекетіп бағалауларына түрткі болады.

Жеке тұлғаға белгілі дәрежеде сипаттама берегенде оның белсенділігін бірінші кезекте қарастыру керек. Белсенділік-адамға өмірдегі өз орнымен жағдайын анықтауға, ұстаған адамзаттың позициясын аңғаруға мүмкіндік тудырады.

Адамның адамдығы негізінен алғанда оның іс үстінде немесе адамдар арасында болсын, өзін-өзі көрсете білуі арқылы анықталады. Жеке адамның «өзін-өзі жасай алу» қабілеті оның тағдырын, қоғамға қаншалықты бағалы екендігін, әрине, сондай-ақ бағалардың соған деген қатынасты мәнді түрде белгілейді.

Жеке тұлға-белгілі бір әлеуметтік ортада атқарылатын елеулі іс-әрекеттің нәтижесі ғана емес, оның себепшісі де. Қоғамдағы экономикалық саяси, әлеуметтік қатынастар әр-түрлі көріністерге ие болады. Олар әрбір жеке адамның әлеуметтік сапасын және оның іс-әрекетінің мазмұнын айырып, ажыратады. Атап айтқанда, адам осы процестің барысында өзін қоршаған ортамен қарым-қатынаста болады және сыртқы әлемге деген өзінің көзқарасын қалыптастырады. Адамның әлеуметтік қатынасы әлеуметтік сапа ретінде оның іс-әрекетінде және тәртібінде көрінеді. Адамның әлеуметтік сапасының элементтеріне оның белгілі бір іс-әрекетінің мақсаттары: әлеуметтік орнымен атқаратын әлеуметтік нормалармен құндылықтар, пайдаланатын жүйе белгіле-рі, әлеуметтік ролін орындауда мүмкіндік беретін білімдердің жиындығы, білім дәрежесі мен арнаулы дайындығы, әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері, жігері және шешім қабылдауға дербестік дәрежесі жатады. Осы элементтердің жиынтығы-жеке адамның әлеуметтік сапасы жөніндегі түсінікті айқындайды.

Даралық дегеніміз-өзіндік өзгешілігі бар жеке адам. Даралық туралы сөз қозғағанда жеке адамның өзінше бөлек сыр-сипатын айтады. Әдетте «даралық» деген сөзбен жеке адамды басқалардан ерекшелендіріп тұратын қандай да бір басты қасиетін көрсетеді. Кез-келген адам өзінше дара, бірақ кейбір адамдардың даралығы тайға-таңба басқандай, мен мұндалап айқын көрініп тұрады да, басқаларыныкі онша байқала қоймайды.

Даралық интеллектілік, эмоциялық, еріктік салаларда немесе психикалық іс-әрекеттің барлық саласында бірден көрінуі мүмкін. Интеллектінің өзіндік ерекшілігі оның басқалар байқай бермейтіндігі көре білу қабілетінде, ин-формацияны өңдеу ерекшіліктерінде, яғни алдына мәселе қойып, оның шеше білуінде болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет