Жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктері Жоспары


Жеке тұлғаның түрткілері мен қасиеттері



бет4/7
Дата26.04.2022
өлшемі40,29 Kb.
#32269
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
stud.kz-72257

3. Жеке тұлғаның түрткілері мен қасиеттері

Адамды әрекстке бағыттайтын, қажетін өтеуге талаптандыратың бір түрткі болады. Бұл түрткіні психологияда мотив (себеп) деп атайды. Қандай болмасын объектінің себебін білмей тұрып, адамның бір мақсатқа жетем деген ойын қалайша тоқтата алатынын және оның мінез-құлқының мән-жайын толық түсіну қиын болады.

Түрлі жағдайлардың әсер етуіне қарай адам психология әртүрлі өзгеріске түсіп отырады. Осыған орай, оиың түркілері де, мақсатқа жету үшін қажетті шаралары да өзгеріске түседі. Түрткінің өзгеруі іс-әрекеттің бағыт-бағдарына нәтижесіне әсер етеді. Мәселен, қоғамдық мәні күшті түрткі іс-әрекет нәтижесіне ерекше әсер етеді.

Жеке адамды қандай болмасын әрекетке итермелейтін негізгі қозғаушы мотив — оның түрлі қажеттері, ягни бір нәрсеге мұқтаждануы. Адамнын қажеттері қоғамдық еңбекте, еңбек ету процесінде қалыптасқан. Сыртқы ортамен байланыс жасауда адамның өмір сүруі үшін ең алдымен ерекше маңыз алған материалдық қажеттер (тамақ, баспана, киім, еңбек құралдары т. б.) болады. Қадам баласының тарихи даму жағдайында туған еңбек әрекеті еңбек кқұралдарымен пайдалану секілді негізгі материалдық қажеттері біртіндеп дами келе, қажеттердің жаңа тобын — рухани қажеттерді (білім, көркемөнер т. б.) туғызады. Рухани қажеттердің дамуы — материалдық қажеттерінің қанағаттандырылуына байланысты. Адам қажеттерінің дамуы — тарихи дамудың елеулі бір кезеңі. Олар адамның алдына ор түрлі мақсаттар қойып отыруына себепші болатын негізгі түрткілер. Адам озінің қажеттерін өтеу үшін бар мүмкіндігін пайдаланады. Бұл оны белсенді түрде іс-әрекет істеуге талпындырады. Оның қажеттері саналы әрекетінің нәтижесіңде біртіндеп өтеліп отырады. Адам өз қажетін өтеу жолында сыртқы ортаны, табиғатты өзгертуге дейін барады. Қажеттердің өтелу, өтелмеуі адам пскхологиясына, оның, күйініш-сүйінішіне әсер етеді. Қажеттер орындалу тәсіліне қарай кісіде мазасыздану, не тынышталу, рахат, ләззаттану, не азап шегу сезімдерін туғызады. Қажеттерді өтеу арқылы адам тиісті құралдарды іздестіріп солардың күшімен, түрлі теориялық, практикалық сипаттағы мәселелерді шешуге мүмкіндік алады. Өйткені қажет-адамның ойлау қызметін тудыратын негізгі себептердің бірі болып табылады, білдіріп қана қоймай, ол заттарды өз қажетіне байланысты өзгертуге, қайтадан жасауға әрекет етеді. Олай болса, адамдардың қажеттері — іс-әрекетінің негізгі мотивтері, яғни оның психологиисының қайнар көзі, бастамасы болып табылады. Қажет — (әсіресе, табиғи қажеттер) өмір сүрудің. Тіршілік етудің арқауы. Егер, табиғи қажкт өтелмесе, өмір сүру үшін тиісті жағдайлар болмаса, адам да, жануарлар да тіршілік ете алмайды. Алам өмірі үшін рухани қажеттерді өтеп отырудың да маңызы зор. Осындай қажеттердің өтелмеуімен адам көп қиыншылық көреді, өйткені бұл оның сана-сезімінің өсуіне кедергі келтіреді. Қажет жануарларда да бар. Бірақ бұл — биологпялық сипаттағы қажеттер. Жануарлардың қажеттері — олардың қоректенетін заттарын іздестіруінен жақсы байқалады. Мәселен, тауық жерден дән іздеп зыр жүгіреді. Ит қожасын көргенде тілін салақтатып, аузынан сілекейін шұбыртады. Мысық мұрнына еттің иісі келгенде елең ете түседі де, сол жерден мияулап шықпайды. Сөйтіп, аң біткеннің бәрі өз қажетін өтеу үшін әрекеттенеді. Мұндай қажет аңдарға туа бітеді, олар шартсыз рефлекекстік сипатта болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет