Жәкенов Арсен
МФПКО-101
Ұлттық руханият
ОСӨЖ,СӨЖ-12
ОСӨЖ-12
Әбу Насыр Әл-Фараби, Қ.А.Ясауи, Ж.Баласағұн, А.Йүгінеки мұрасындағы түркілік таным
Ж. Баласағұни əдеп, əдет туралы афоризмдері:
1)Аз ғана игі іске көп рахмет айт.
2)Кісі алдындағы асқа қолыңды созба.
3)Кісі айыбын ашқаннан, жапқан жақсы.
4)Мінезі жақсы төрге озар.
5)Жақсы қылық адамға — ас пен киім.
6)Сəлем берген саулық береді, Сəлем алған қызығын көреді.
7)Үлкен келсе, асыңды аяма, Ыстық асқа үрлеме.
8)Құрсақта біткен қылық қара жерге бірге кіреді,
Сүтпен біткен ізгі қылық, өлгенше өзгермейді.
Әбу Насыр Әл-Фараби афоризмдері:
1. Тіршілікте құрыштай бол төзімді,
Сан мәрте ел алдаса да өзіңді.
Тағдырыңды еш уақытта жазғырма,
Кезде дағы әзәзілдер азғырған.
2. Адамның тоқымашы не хатшы болып тумайтыны тәрізді, қайырымдылық пен қайырымсыздық та жаратылыстан бойға өтпейді.
3. Адамның тәндік жаратылысының дамуының негізгі көрсеткіш – денінің саулығы.
4. Ізгі және қажетті шаруа атқарған адамның бәсі де жоғары болуы керек.
5. Адам кез келген жұмысқа жарамды бола бермейді.
6. Өз ісіңнің білгірі һәм шебері атану үшін жақсы жұмыс істеп, жетік білуге ұмтылу керек.
7. Қандай әрекет жасап, қандай іс істер болсаңыз да – игілігін көріп, рахатына бөленуді мақсат тұтқан жөн.
8. Әсіре көп не кем еңбек ету күшке күш қоспайды, қайта қалжырата түседі.
9. Адамның жақсы әрекеттер жасауға да, жаман әрекеттер жасауға да туабітті мүмкіндігі мен қабілет-қарымы жетеді.
10. Дұрыс әрекет – мақсатқа жеткізер жолды дұрыс таңдаудан басталады.
СӨЖ-12
Жыраулар поэзиясындағы ұлттық идея мен рухани үндестік
Жоспары:
1)Ұлттық идея
2)”Орхон Енисей” жазбалары
3)”Манас” жыры
4)Қорытынды
Хандық дәуірдегі жыраулар поэзиясындағы ұлттық идеяны жыр лау үрдісі оның өзіндік ерекшелігі сарапталып, салыстырмалы түрде талданған. Асанқайғы, Қазтуған, Доспанбет, Ақтанберді жыраулар шығармашылығындағы күрескерлік рухтан нәр алған ұлттық идеяның көрінісі оның мәңгілік ел идеясымен астасу үдерісі мақалада толық қанды сарапталған. Осынау ұлттық идеяны жырлаудағы әдеби сарын дар, оның Қазақстан Республикасы тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назар баев өз Жолдауында айқындаған Мәңгілік Ел идеясы тұжырмдамасы мен «Тәуелсіздік толғауындағы» тұғырлы ойидеялармен сабақтасты ғы ғылыми сараптамалық тұрғыдан нақтыланады.
Қазақ қазақ болғалы оның әдебиеті бірге жасасып келе жатқаны белгілі. Сонау ықылым заманнан бергі әдебиеттің ұлттың рухын көтерер сөз құдіретінің бір арнасы бірлік, азатшылдық ұғымдарымен астасып жатады. Ұлттық Рухты көтерер, құдіретті отты жырлар әдебиетіміздің арғы бастауларынан негіз тартады. Олар бүгінде қазақ әдебиеті тарихының түркі тектес халықтармен ортақтығын танытатын түп негізі болып табылатын ежелгі әдебиет пен қазақ хандығы жеке ту тігіп, өз алдына ел болғалы бергі әдебиеттің барлық кезеңдерінен көрініс тауып отырған. Ел басына қиын-қыстау күн туғанда, тәнге шипа, жанға рух берген сол жырлар екендігі белгілі. Олар өз уақытында ғана жырланып қоймай, дәстүр ретінде өзіндік ізін, сара жолын қалдырып отырды. Ежелгіден желісін тартқан сол жырлардан өзінен кейінгі әдебиет үлгі алып, кейінгіге өнеге шашты, үл гі таратты. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі ұлттық идеяның көрініс табуын нақты ашу үшін ертедегі әдебиет үлгілеріндегі осыған тән белгі-бедерді жан-жақты саралаған жөн.
Қазақ әдебиетінің ежелгі деп есептелетін жәдігерлерінің бірі – «Орхон-Енисей» жазба ескерткіштері. Егер осы ескерткіштегі ерлік рухқа толы жыр жолдарын оқи қалсаң, бойыңа ерен қуат пен қайрат еніп, еңсең көтеріліп, жан-дүниеңе өрлік пен ерлік рух берері анық. Ел рухының күші бірлікте екенін ұғындыратын осынау ескерткіштер талай ғасыр өтсе де, халық жадында сақталып, мыңжылдықтар деңгейінде кейінгі жазылған талай жәдігердің өн бойынан орын тауып, орнығып келгені күмәнсіз. Көп ғасырлардан кейінгі азаттыққа ұмтылған өршіл үнді ұранды жырлардың ұлы сарыны содан бастап тартып жатқаны да шындық. Олардың астарында ұлттықты асқақтату мен «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманды» мәңгілік елдікті аңсаған асыл арман жатыр. Өйткені бүгінгі ұрпақ тілімен сөйлеп кетсе, ол кімді де болса, бей-жай қалдыра алмайды.
«Манас» жырының шығу тарихына көз жібере отырып. Ендеше Орхон ескерткіштері – қазақ батырлық дастандарының арғы бастауы. Ер лік жырларының дәстүрін қалыптастырған ұлы мұра. Мұны да алғаш байыптаған – М. Әуезов. Осы жырлардың сипатын анықтай келіп, ол төмендегідей ой айтады: «Күлтегін, Тоныкөк немесе Суджа жазуларында қанша адам, қанша ерлік бейнеленген десеңізші?! Оларда әр алуан рулар, тайпалардың кескілескен шайқастарының, соғыс суреттерінің, батырлар ерлігінің, жорықтардың шежіресі бар». Ал сол ерлік жырлардың түпкі мақсаты не десек, жауабы еркін елдік мұрат емес пе?!
Қорытынды;
Ел бірлігі – жырау арманы. Ел тәуелсіздігі жырау толғауларының алтын арқауы. Ендеше жыраулар толғауларындағы жырау-жауынгер танымын осы тұрғыдан ұғынған жөн.
Жалпы алғанда, жыраулық дәстүрден тамыр тартқан ұлттық идея, Мәңгілік Елдік ХYІІ-ХІХ ғасырдағы қазақ ақындары арқылы ХХ ғасыр әдебиетінде негіз қалап, басты ұстанымға айналды.
Достарыңызбен бөлісу: |