Желамская А. А. Оспанғалиева М. Т



Pdf көрінісі
Дата27.03.2017
өлшемі218,41 Kb.
#10416

 

Желамская А.А.  

Оспанғалиева М.Т.  

 

 



СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН - ҰЛТ  МАҚТАНЫШЫ 

 

Сенің  шығарман  миллиондаған  қазақ  еңбекшілеріне  арналған  еді, 



еңбекшілер  жұртшылығы  сен  сияқты  пролетариат  жазушысын  тани  алды. 

Сенің  шығармаң  миллионның  қазынасы  болды.  Саған  еліктеп  мыңдаған 

жастар да шықты. 

                                                                                 Бейімбет Майлин 

 

Кеңес  одағының  басында  қазақ  әдебиетінде  ерекше  орынды  алатын  



тӛңкеріскер  -  ақын,  тәуелсіздігіміз  үшін  күрескен,  дара  тұлға  -  Сәкен 

Сейфуллин.  Сәкен  -  ӛзінің  жеке  дара  еңбектерімен  белгілі,  кең  қазақ 

даласының  саңлағы.  Ол  ӛз  елін  ӛте  қатты  сүйген,  Сәкен  Сейфуллин  - 

халқымен  әрқашан  бірге  болатын  жан.  Поэзиялық,  кӛркем  прозалық, 

драматургиялық  шығармашылығымен  қатар,  Сәкен  бар  күші  мен  назарын 

кӛсемсӛзге  (публицистикаға)  арнады.  Біздің  еліміздің  қазынасына  оның 

дарындылығы үлкен рухани байлық берді. Оның шығармашылығы заманауи 

әдебиетімізге  кӛптеген  үлес  қосып,  дамуына,  алға  жылжуына  бірден  бір 

себепші  болды.  Ол  біздің  халқымыздың  есінде  аңыз  адамға  айналып, 

мәңгілікке ӛшпес орын алып қалады. 

Сейфуллин  Сәкен  (Сәдуақас)  (1894  -  1938)  -  ақиық  ақын,  жазушы, 

қоғам  және  мемлекет  қайраткері.  Ақмола  уезі,  Нілді  болысында    дүниеге 

келген.  Туған  жері  әкесінің  қыстауы  Ортаудағы  Қарашілік  (қазіргі  Шет 

ауданының жері) деп аталып жүр.  Ал туысқандары  Ә. Ахыбеков,             С. 

Бармұханбетовтердің  айтуынша  күз  айларында,  Иманақтауларына  жақын 

жерлердегі  Сейфолланың  жайлауында  (қазіргі  Жаңаарқа  ауданының  жері),   

қыстауға  кӛшпей  тұрғанда  туған.  Сәкен  1905  -  1909  жж.  Нілді  кенішіндегі  

бастауыш  мектепте,  1909  -  1911  жж.  Ақмоладағы  екі  сыныпты  приход 

мектебінде, 1913 ж. Омбыда құрылған қазақ  жастарының  «Бірлік»  мәдени - 

ағарту  ұйымының  сол  қанатын  басқарады.  [1]  1917ж.  мамыр  айында 

Ақмолада  Қазақ  комитетін  құруға  қатысады.  Әуелде  орынбасары,  кейін 

тӛрағасы  болады. Осы комитетпен қатар «Жас қазақ» ұйымын құрып, оның  

«Тіршілік»  газетінің  жұмысын  басқарады.  1917  ж.  күзде  Ақмолада 

ұйымдасқан  Совдептің  президиум  мүшесі,  Ақмола  уезіндегі  ағарту  ісінің 

комиссары болып сайланады. 1918 ж. Колчак әскері Ақмоланы алып, қаңтар 

айында  ішінде  Сәкен  бар  Совдеп  мүшелерін  Қызылжарға  (Петропавл)  жаяу 

айдады.  [2]  Одан  атаман  Анненковтың  азап  вагондарына  мінгізіп,  Омбыға, 

Новосибирьге,  Барнаулға,  Семейге  апарып,  сол  жолмен  қайта  Омбыға алып 

келді.  Сәкен  Омбыдағы  тұтқын  лагерінен  1919  ж.  наурыз  айында  қашып 

шығып,  Алтай  губерниясы  арқылы  Павлодарға,  одан  Баянауылға  барып 

паналайды. Сол Жылы Күзге таман Есен бойындағы елге келіп, біраз аялдап, 


Бетпақ дала арқылы  Кеңес үкіметі билеп тұрған Әулиеатаға (Тараз) жетеді. 

1920  ж.  мамыр  айында  Ақмолаға  оралып,  уездік  атқару  комитетінің 

тӛрағасының  орынбасары  және  іс  басқару  бӛлімінің  меңгерушісі  қызметіне 

тағайындалады.  1920  ж.  жазда  бүкіл  қазақ  ӛлкесін  басқаратын  Ревкомның 

құрамына  сайланады.  Осы  жылы  12  қазанда  ҚазКСР  Орталық  атқару 

комитетінің  президиум  мүшесі  болып  сайланды.  1922  ж.  «Еңбекші  қазақ» 

газетінің  редакторы,  оқу  халық  комиссарының  орынбасары  болып 

тағайындалады  [3].  1922  -  1924  жж.  ҚазАКСР    Халық  Комиссарлары 

Кеңесінің  тӛрағасы  қызметін  атқарады.  1925  -  1928  жж.  Қызылорда  халық 

ағарту институтында, 1928 - 1929 жж. Тәшкен педагогикалық институтында, 

1930  -  1937  жж.  Алматыдағы  Абай  атындағы  педагогикалық  институтында 

қазақ әдебиеті тарихынан сабақ береді. 1927 - 28 жж. «Жыл құсы» альманахы 

мен  «Жаңа  әдебиет»  журналын  шығаруға  белсене  қатысады.  Ұзақ  уақыт 

«Әдебиет  майданы»  журналының  редакторы  қызметін  атқарды.  1934  ж. 

Қазақстан  коммунистік  журналистика  институтының  профессоры  болды. 

Әдеби  шығармаларынан:  1914  ж.  «Ӛткен  күндер»,  1922  ж.  «Асау  тұлпар» 

ӛлеңдер  жинағын  шығарды.  1917  ж.  «Бақыт  жолына»,  1920  ж.  «Қызыл 

сұңқарлар» пьесаларын жазды. 1924 ж. «Домбыра», 1926 ж. «Экспресс», 1928 

ж.  «Тұрмыс  толқынында»  жинақтарын,  1927  ж.  «Тар  жол,  тайғақ  кешу» 

роман-эссесі  мен  «Жер  қазғандар»  повесін,  1929  ж.  «Кӛкшетау»  поэмасын 

жариялады.  1933  ж.  «Альбатрос»,  «Қызыл  ат»  поэмаларын,  1935  ж. 

«Социалистан»  атты  ӛлеңдер  жинағын  шығарды.  1934  -  35  жж.  Дейін 

«Айша» 

әңгімесі, 



«Біздің 

тұрмыс» 


романы, 

«Жемістер» 

атты 

публицистикалық  хикаяты,  кӛптеген  ӛлеңдері  жарық  кӛрді.  1936  ж.  ақын 



шығармашылығының  20  -  жылдығы  кеңінен  аталып  ӛтті.  Сәкен  қазақ 

жазушыларының  ішінен  тұңғыш  рет  Еңбек  Қызыл  Ту  орденімен 

марапатталды.  1937  жылы  Сәкен  Сейфуллин  «халық  жауы»  деген  айып 

тағылып ұсталып, 1938 ж. 23 ақпанда Алматы қаласында атылды. 1957 ж. 21 

наурызда бұрынғы қылмыстық ісі тоқтатылып, толық ақталды. 

Сәкен  шығарған  әндер  халықтық  дәстүрді  тұғыр  ете  отырып,  дүниеге 

келген ӛзіндік даралық сипаттармен ерекшеленеді. Сәкен - қазақ маңдайына 

біткен біртуар дара тұлғалардың бірі. Ол ӛз ұлтын қалтқысыз сүйіп, халқына 

айрықша  еңбек  сіңірді.  Бұл жолда  Сәкен  социалистік  жүйені оның  идеялық 

дем  берушісі,  коммунистік  партияны  халықтарға  бақыт  пен  бостандық 

әкелуші  деп  сенді.  Тіпті,  сенбеген  күнде,  сӛз  жүзінде  мейлінше  тартымды 

коммунистік  партияның  саяси  платформасын  ұлттың  кӛгеріп-кӛктеуіне 

пайдаланбақшы болып, жан - тәнімен қимылдады.  

Алайда,  мемлекеттік  тӛңкерістер  мен  идеологиялық  ӛзгерістерге 

қарамастан  Ресейде  ӛзгеріссіз  қалған  империялық  озбырлық  Сәкеннің  де, 

Сәкен  сияқты  жүздеген  -  мыңдаған  боздақтардың  да,  керек  десеңіз,  мүлде 

басқа  жолдарды  таңдаған  ұлтжандылардың  да  армандарын  қиялға 

айналдырып,  ӛмірлерін  қасіретке  тап  қылды.  Демек,  тарихи  тұлғалардың 

тағдырын парықтағанда олар қандай жолды таңдағаны бойынша бағаланбау 

керек,  халқына  қаншалықты  қызмет  еткені,  қаншалықты  еңбек  сіңіргені, 

қаншалықты жілігі татитын мұра қалдыра алғаны бойынша лайықты бағасы 


берілуге  тиіс.  Тарихи  әділдіктің  де,  ғылыми  -  әдіснамалық  объективті 

ұстанымның да қисыны осы. Бұл тұрғыдан келгенде, Сәкен - халқымен мәңгі 

бірге жасайтын, халқының мәңгі сый - құрметіне лайық біртуар тұлған. 

Біздің  елімізде  ұлы  Сәкеннің  есімі  әрқашанда  есте,  оның  атымен 

кӛшелер  аталады,  оның  құрметіне  арнап  театрларды  ашады,  ескерткіштер 

тұрғызады.   Оның халқына сіңірген еңбегі шексіз және оның бізге, яғни жас 

ұрпаққа  қалдырған  мұрасына  баға  жетпейді  және  бізге  ӛте  қажет.  Сәкен 

Сейфуллин  -  үлгі  тұтарлықтай  тұлға,  шынымен  ӛз  Отанын  жан  -тәнімен 

сүйді,  ӛз  ұлтының  тәуелсіздігі  үшін  жанын  қиып,  барлығына  даяр  адам 

болды, нағыз патриоттықтың үлгісі. Біздің еліміз және жаңа ұрпақ ұлы Сәкен 

есімін  әрқашанда  есте  сақтауы  керек!  Біздің  заманымызда  мұндай  адамдар 

ӛте аз, ұлы батырдың ӛмірін зерттеп, менде ӛз еліме үлесімді қосқым келеді. 

Біз  жастар  ұлы  тұлғаны  үлгі  тұтып    елімізге  ӛз  үлесімізді  қосуымыз  керек. 

Ӛзіміздің  күшімізбен  елімізді  әлемдегі  ең  мықты,  дамыған  елдер  қатарына 

қосып, прогрессивті держава жасауымыз керек деп ойлаймын. 

 

Қолданылған әдебиеттер: 



1.

 

Исмаилов Е., «Ақын және революция», Алматы, 1964. 



2.

 

Кәкишев Т., Октябрь Ӛркені, Алматы, 1962. 



3.

 

Шығармалар (Сочинения), т. 1 - 6, Алматы, 1960 - 1964. 



 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет