«Шина» топологиясы Топологияның бұл типі компьютерлік желінің логикалық және программалық структурасын оңайлатуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, желіге қосылған компьютерлердің біреуінің істен шығуы,желінің жұмысқа қабілеттігін бұзбауы,желінің сенімділігін арттырады. Алайда кабельдік шинаның бұзылуы мұндай желідегі ақауды іздеуді қиындатады. «Ортақ шина» топологиясы бар желіде мәлімет алмасуды ұйымдастыру мәліметті селекциялау әдісі арқылы жүзеге асырылады. Берілген топологияның нақты желілерде қолданылуының мысалы ретінде «Квант-С» және Ethernet (АҚШ) желілерін қарастыруға болады. Біртіндеп тарататын конфигурацияда әрбір компьютер желіде тек қана бір компьютермен мәлімет алмасу жүргізеді. Берілген кластың топологиясының үлгілерінің бірі болып «сақина» (ring) топологиясы саналады. «Сақина» топологиясы жоғары өткізгіштік қасиетті, желідегі энергия жұмсалуының аздығын және қарапайым басқару әдісін қамтамасыз етеді.
«Сақина» топологиясы Қарастырылған топологияның кемшілігіне алмасу процесі кезіндегі өте көп уақыт жоғалтуды жатқызуға болады, өйткені мәлімет бір компьютерден екінші компьютерге эстафета түрінде беріледі және мәліметті маршрутизациялау әдісімен жүзеге асырылады. Мұндай топология үлгісі келесі отандық және шетелдік желілерде қолданылады: «Руслан», «Ива-3», «Курьер», Token Ring (АҚШ).
«Жұлдызша» топологиясы Берілген топологиялы компьютерлік желілердің құрылымы оңай және кабельдің бұзылуы кезінде желінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Алайда мұндай желіге «шина» немесе «сақина» желілеріне қарағанда байланыс сымдары көбірек жұмсалады. топология «Мифир-3» және lolaNet2, Arcnet (АҚШ) желілерінде қолданылады.
Жұлдызша-шина топологиясы Мұндай жағдайда бір компьютердің істен шығуы желіге ешқандай әсерін тигізбейді, басқа компьютерлер сол қалпы бір-бірімен әрекеттеседі. Ал, концентратордың бұзылуы, оған қосылған компьютерлер мен концентраторлардың тоқтауына әкеледі. Жұлдызша-сақина. Жұлдызша сақина (star-ring) - жұлдызша-шинаға ұқсайды. Екі топологияда да компьютерлер шина немесе сақина құрастыратын концентраторларға қосылған. Айырмашылығы жұлдызша-шинада концентраторлар магистралды сызықты шинамен біріктірілген, ал жұлдызша-сақинада басты концентратор негізінде, олар жұлдызша құрады.