Желімдік материалдар
Тігін бұйымдарын дайындауда желімдік біріктіру кеңінен қолданылады және бөлшектерді өңдеу уақытын азайтып, сапасын жоғарлатады. Желімдік материалдарды қолдану арқылы, бұйымды әртүрлі конструкциялық пішінде дайындауды қамтамасыз етеді, оның салмағын жеңілдетеді, киімнің кейбір бөлшектерінің формасын жақсартады. Тігін бұйымдарына қолданылатын желімдік материалдарға қойылатын талаптарға жеңіл, иілгіш, берік болуы, жууға және химиялық өңдеуге төзімділігі жоғары, эксплуатациялық талаптарға сай болуы кіреді. Желімдік біріктіруді орындау сапасына: үтіктелетін жазықтықтың үстіңгі қабатының температурасы, бөлшекті өңдеудегі меншікті қысымы, жылу мен қысым әсерінің ұзақтығы, матаға сіңірілген желім түрі мен желімді жабынды түрі, желімделетін мата түрі; желімдеу алдында бөлшекті ылғалдау ылғадау үшін қолданылатын ылғал шамасы әсер етеді
Желімдеу дегеніміз ажырамайтын біріктіру немесе жылумен өңдеу әдістерімен желімдеуде желімдік зат пен (ұнтақ, желімдік жіп, желімдік қабыршақ, желімдік өрмек) материалдардың өзара әсері нәтижесінен пайда болады. Тігін өнеркәсібінде термопластикалық полимерлік желімдік материалдар кеңінен қолданылады.
Термопластикалық желімдік материалдардан тігін өнеркәсібінде кеңінен тарағаны – лейкопластырь типіндегі материал. Бұл материалды желімдік жиек түрінде киім бөлшектерінің жиектері мен қиықтарын созылудан және сетінеуден сақтау үшін қолданады.
Желімдік жіпті алдыңғы бой, жаға іштік материалына, әмбебап машиналарда немесе арнайы торлайтын машинада бөлшектердің теріс бетіндегі тігістерінде өңдейді.
Желімдік өрмекті екі бөлшекті біріктіретін қиықтарына немесе бүгілетін қиықтарында қолданады.
Желімдік іштік материал бөлшектің теріс бетіне қалта аузын созылудан сақтау және төзімділігін арттыру үшін қалта бойлығы орнына қолданады.
Желімдеу сапасына қойылатын негізгі талаптар: желімдеу параметрлерін сақтау, температура, қысым және өңдеу уақытын қатаң бақылау.
Достарыңызбен бөлісу: |