Желтоқсан


Серуен №7 Ауладағы ағаштарды бақылау



бет6/22
Дата10.03.2023
өлшемі442 Kb.
#73035
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
серуен 2ыс - копия

Серуен №7
Ауладағы ағаштарды бақылау
Мақсаты:

  • Ағаштар туралы білімдерін бекіту;

  • Салыстыру, сараптау, қортынды жасай білулерін дамыту.

Бақылау барысы
Көркем сөз «Ағаштар» М.Әлімбаев
Қысында да шырайлы,
Жасыл шырша ұнайды.
Түні бойы жауды қар,
Салбырады сәнді тал.
Тау баурайы төменде,
Өседі жас емендер.
Ауыл сәні терек,
Терек егу керек.
Сырғалы қайың, ақ қайың,
Баптайын, күтіп, сақтайын.
Басқа ағашпен аралас,
Жайқалады қарағаш
Көк қарағай, қарағай,
Мейірбанды анадай,
Көкке бойын созады,
Көпке қолын созады.
Балаларға сұрақтар:

  • Сендер тыңдаған өлең жолдарында қандай ағаштар туралы айтылған

  • Ағаштар не үшін керек?

  • Ол адамға не береді?

  • Қыста ағаштар бейнесі қандай болады?

  • Қысқы, жазғы түстері бойынша басқа ағаштардан айырмашылығы бар қандай ағаштарды білесіңдер?

  • Шырша мен қарағай туралы неге қысы-жазы бір түсте деп айтады?

  • Ағаштардың бір- бірінен қандай айырмашылықтары болады?

Зерттеу жұмысы:
Балалар алаңдағы әр ағаштың бұтақтары, діңдері және көрністері бойынша салыстырып, айырмашылықтарын анықтап қортынды жасайды.
Еңбек
Ағаш түптеріне қар үю.
Мақсаты: ағаштарға деген қамқорлық сезімге тәрбиелеу..
Қимылды ойын
«Аулада қандай ағаштар өседі?».
Мақсаты:

Жаттығу ойындары
Қозғалыстарын дамыту: Аңдар биі
Мақсаты: әртүрлі аңдар қозғалыстары арқылы ептілікке, жылдамдыққа, тапқырлыққа баулу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет