Тақырыбы: «Математика-білім желісі, Спорт-денсаулық жемісі» Мақсаты: Математика мен спортты байланыстыра отырып,оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттыру ,Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, қызықтыру арқылы білімін тереңдету, математикалық ой-өрісін кеңейту, іздену қабілеттерін дамыту.Жылдамдыққа,ептілікке, бір-біріне деген достық қарым-қатынаста болуға , дені сау азамат болып өсуге тәрбиелеу.
Сайыстың өтілетін орны: спорт зал.
Жүргізуші: Қайырлы күн көрермен!
Құрметті ұстаздар,оқушылар,
Сөз бастайын термелетіп өлеңмен.
Тәрбиелі,білімді боп әрқашан
Өс өркенде қанат жайып кемелден.
Құрметті оқушылар,бүгінгі сайысқа қатысушы топтарды ортаға шақырайық.Бүгінгі сайысымыз апталық негізінде өткізілгелі отырған алғашқы сайысымыз.5-сынып -бастауыш мектептен кейінгі алғашқы баспалдақ. Олай болса, осы кезден қаланған білім-келешегімізге үлкен азық екенін естен шығармағанымыз жөн.Сайысушы топтар бүгін математика
мен спортты қатар алып жүреді.Алдымен әділқазылар алқасын сайлап алып, ойын шарттарымен таныстырып өтейін.
1-бөлім. Топтарды таныстыру.
2-бөлім.Дайындық кезеңі.
3-бөлім.Доппен жүру.
4-бөлім.Скакалькамен секіру.
5-бөлім.Капитандар сайысы.
Мықты болсаң, алдағыны басып оз,
Мықты болсаң, арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң, тайғанама, құлама,
Мықты болсаң, бөгеттерді бұзып өт!
2050-дің бағдарлы биігі,
Білімнің еншісі мұны әркім біледі.
Сондықтан достар –ау дарынды қайрайық
Алынбас қамал жоқ шыңдайық жігерді.
1-кезең бойынша әр топтың таныстыруын тыңдайық.
Ең жоғарғы ұпай 5-еу.
2-кезең.дайындық /разминка/
1-топ 2-ге еселік сандарды айта отырып,жаттығулар жасайды.Ал екінші топ 3-ке еселік сандарды айтып отырып, кезекті жаттығу жұмыстарын жасайды.
3-кезең .Допты қыстырып алып, кезектесіп барып,есептерді шығарып қайтады. Толық дұрыс шығарылған есептерге 5 ұпайдан беріледі.Уақыттары да есепке алынып,жылдамдықтары да ескеріледі..
Есептер карточкаларға жазылып әр топтың алдына қойылады.
4-кезең. Әр топтың мүшесі скакалкамен секіріп барып,тапсырмаларды орындап ,қайтарында да секіріп қайтады.Дұрыс шығарылған есептерге 5 ұпайдан беріледі.
Қиындықтан сірә дә біз қашпаймыз,
Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз.
Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.
5-кезең.»Капитандар сайысы» .Ұлдар гантель көтеріп тұрып,сұрақтарға жауап береді.
«Тайбурыл» тобының капитанына сұрақтар:
1.Ең кіші жай сан./2/
2.Санды 1-ге көбейтсек./сол санның өзі шығады/
3.5 санына кері сан .(1/5)
4.378 саны 5-ке бөліне ме? (жоқ)
5.Бұрышты өлшейтін құрал.(транспортир)
6.Бір ғасырда неше жыл бар? (100)
7.Алымы бөлімінен үлкен бөлшек.(бұрыс бөлшек).
«Құлагер» тобының капитанына сұрақтар:
1.Ең кіші натурал сан.(1)
2.Санды 0-ге көбейтсек. (0 шығады)
3. Үштен бірге кері сан. (3)
4.648 саны 3-ке бөліне ме?(ие)
5.Шеңбер сызатын құрал.(циркуль)
6.Бір тәулікте неше сағат бар? (24)
7.Бүтін бөлігі де бар бөлшек.(аралас сан)
Енді әділқазылардың қорытындысын тыңдайық.
Сайысқа қатысушыларды марапаттау.
Аяқталды тапқырлар мен ептілердің сайысы,
Қоштасамыз көңіліміз қайысып.
Еске түсірейік есептерді шеше алмаған қиналып,
Отырғанда үйге барып шай ішіп.
Ең бастысы,орын емес жарыста,
Терең білім,жеңу шарты сайыста.
Өмірде де жетерің хақ,табысқа!