Және биіктік координаталар құрылады. Геодезия ғылымы астрономиялық және гравиметриямен тығыз байланысты, сондықтан Жердің пішіні мен мөлшері градустық өлшеу әдісімен анықталады. Оның шамасы геогр
Геодезия (грек. ge — жер және daі — бөлемін) — Жердің пішіні мен мөлшерін, қабылданған координаттар жүйесіндегі нүктелер орнын анықтаудың әдістері мен тәсілдерін зерттейтін, жер бетінің планы мен картасын салу, жер бетіндегі өлшеулерді жүргізумен айналысатын Жер туралы ғылымдардың бір саласы.[1] Жердің физикалық бетін зерттеу үшін картографиялық және топографиялық әдістер мен пландық және биіктік координаталар құрылады. Геодезия ғылымы астрономиялық және гравиметриямен тығыз байланысты, сондықтан Жердің пішіні мен мөлшері градустық өлшеу әдісімен анықталады. Оның шамасы — геогр. координаттар арқылы доғалардың сызықтық және бұрыштық мәндерін анықтаудан тұрады. Г-дағы координаттық негіздер триангуляция, полигонометрия, геометриялық және тригонометриялық нивелирлеу әдістерімен геодезиялық торлар құру арқылы жасалынады. Өндірістік, гидротехн. және т.б. құрылыс объектілерінің пландық пен биіктік негізін салуды және инж. түсірімдерді орындау мәселелерін инж. Геодезия шешеді. Қазіргі уақытта мұхит, теңіздердің және көлдердің байлықтарын меңгеру үшін олардың жағаларын, түбін зерттеу жұмыстары жүргізіліп, гидрографиясы толықтырылды, бұл су асты Г-сын дамытты. Үлкен территорияларда топографиялық жұмыстар тез және тиімді жасалу үшін қолданылады.
Картография[1] – географиялық карталар, оларды жасау және пайдалану туралы ғылым.
The Tabula Rogeriana, Мұхаммед ал-ЫдырысРоджер II-ге арнап жасаған, 1154 жыл
Картография табиғат пен қоғам құбылыстарының үйлесуі мен өзара байланысуын, олардың кеңістіктегі орналасуын және уақыт бойынша өзгеруін, т. б. картографиялық кескіндеудің (бейнелеудің) көмегімен зерттейтін ғылым. комителық ұғымдарға – аспан денелері мен жұлдызды аспанның карталары, глобустар мен жер бедері карталары, картографиялық белгілермен берілген кеңістік модельдері (үлгілері) жатады.
Көркемделген карта.
Комитеның негізгі салалары:
Картография пәні мен әдістемесі, карта туралы ілім, картографиялық проекциялар теориясы, генерализация мен кескіндеу әдістерінің (шартты белгілер жүйесі) теориялары;