Және биіктік координаталар құрылады. Геодезия ғылымы астрономиялық және гравиметриямен тығыз байланысты, сондықтан Жердің пішіні мен мөлшері градустық өлшеу әдісімен анықталады. Оның шамасы геогр



Дата18.10.2023
өлшемі54,42 Kb.
#118331
Байланысты:
Геодезия 1 лист


Геодезия (грек. ge — жер және daі — бөлемін) — Жердің пішіні мен мөлшерін, қабылданған координаттар жүйесіндегі нүктелер орнын анықтаудың әдістері мен тәсілдерін зерттейтін, жер бетінің планы мен картасын салу, жер бетіндегі өлшеулерді жүргізумен айналысатын Жер туралы ғылымдардың бір саласы.[1] Жердің физикалық бетін зерттеу үшін картографиялық және топографиялық әдістер мен пландық және биіктік координаталар құрылады. Геодезия ғылымы астрономиялық және гравиметриямен тығыз байланысты, сондықтан Жердің пішіні мен мөлшері градустық өлшеу әдісімен анықталады. Оның шамасы — геогр. координаттар арқылы доғалардың сызықтық және бұрыштық мәндерін анықтаудан тұрады. Г-дағы координаттық негіздер триангуляция, полигонометрия, геометриялық және тригонометриялық нивелирлеу әдістерімен геодезиялық торлар құру арқылы жасалынады. Өндірістік, гидротехн. және т.б. құрылыс объектілерінің пландық пен биіктік негізін салуды және инж. түсірімдерді орындау мәселелерін инж. Геодезия шешеді. Қазіргі уақытта мұхиттеңіздердің және көлдердің байлықтарын меңгеру үшін олардың жағаларын, түбін зерттеу жұмыстары жүргізіліп, гидрографиясы толықтырылды, бұл су асты Г-сын дамытты. Үлкен территорияларда топографиялық жұмыстар тез және тиімді жасалу үшін қолданылады.
Картография [1] – географиялық карталар, оларды жасау және пайдалану туралы ғылым.

The Tabula RogerianaМұхаммед ал-Ыдырыс Роджер II-ге арнап жасаған, 1154 жыл
Картография табиғат пен қоғам құбылыстарының үйлесуі мен өзара байланысуын, олардың кеңістіктегі орналасуын және уақыт бойынша өзгеруін, т. б. картографиялық кескіндеудің (бейнелеудің) көмегімен зерттейтін ғылым. комителық ұғымдарға – аспан денелері мен жұлдызды аспанның карталары, глобустар мен жер бедері карталары, картографиялық белгілермен берілген кеңістік модельдері (үлгілері) жатады.

Көркемделген карта.
Комитеның негізгі салалары:

  1. Картография пәні мен әдістемесі, карта туралы ілім, картографиялық проекциялар теориясы, генерализация мен кескіндеу әдістерінің (шартты белгілер жүйесі) теориялары;

  2. Картография ғылымы мен өндірісінің тарихы;

  3. картографиялық деректер тану (картографиялық деректерді саралау және оларға қатысы бар ғылыми-ақпарат теориясының мәселелері);

  4. карталарды жобалау және оларды дайындау теориясы мен технологиясы;

  5. карталарды пайдаланудың теориясы мен әдістемесі.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет