ДИСЦИПЛИНА «Жаңа кезеңдегі халықаралық қатынастар тарихы»
ЭССЕ Тақырыбы: «17 ғасырдағы Еуропадағы халықаралық қатынастардағы саяси тепе - теңдік»
Орындаған:Өмірзақ Асылзат
Мамандығы:Халықаралық қатынастар және дипломатия 2-курс Қабылдаған:Жұматай Ғабит Сөз саны:614 сөз
АЛМАТЫ 2023
17 ғасырдағы Еуропадағы халықаралық қатынастардағы саяси тепе - теңдік
17 ғасырда Еуропа елеулі саяси сілкініс пен трансфармация бастан кешірді. Бұл кезеңдегі халықаралық қатынастардың негізгі тақырыбы күштер арақатынасы болды. Бұл ірі державаларға Франция, Испания, Габсбург империясы ( оған Испания, Қасиетті Рим империясы және Нидерланды кірді ) және Англия мен Швеция сияқты дамып келе жатқан державалар кірді. 17 ғасырда Еуропада біршама күрделі саяси тепе-теңдік дамыды, ол әртүрлі мемлекеттер арасындағы қақтығыстар мен одақтармен анықталды. Негізгі элементтердің бірі Пест пен Батыс Пфальц бейбітшілігіне әкелген Отыз жылдық соғыс болды. Осы оқиғалардың нәтижесінде Қасиетті Рим империясының құрамындағы мемлекеттердің құрылуы мен ыдырауы. Сондай – ақ Франция және Испания, Нидерланды және басқа да қуатты ойыншылардың ықпалы сол кездегі саясаткерлер үшін сынақ болып қала берді.
Отыз жылдық соғыс (1618-1648) саяси ландшафтты қалыптастырған шешуші қақтығыс болды.Ол Қасиетті Рим империясының құрамындағы котоликтік және протестанттық мемлекеттер арасындағы күрес ретінде басталып, бірақ кеңірек еуропалық соғысқа айналып кетті. Соғысты аяқтаған 1648 жылы қабылданған Вестфалья бейбітшілігі мемлекеттік егемендік пен аумақтық тұтастық прициптерін бекітуде шешуші рөл атқарды. Бұл Габсбургтердің Еуропадағы үстемдігінің құлдырауына да ықпал етті. Отыз жылдық соғыс барысында, сол кезеңдерде үшінші буржуазиялық концепцияның пайда болуына әсер етті. Бұл концепция дәлелдемесі кейінірек Англия дипломатиясында табылған болатын. Осы кезеңдер барысында көптеген тапшылықтар байқалды және осы кезең оңайға түсе қоймады. Соғыс болған жерлерде ашаршылық қатар жүріп тұрды.
Франция кардинал Ришелье, кейін Людовик XIV басшылығымен, өз билігін нығайтып, ықпалын кеңейтуге ұмтылды. Бұл кезең қазіргі дипломатияның пайда болуы және кәсіби армиялардың дамуы болды. Француз – Испан соғысын аяқтаған 1659 жылғы Приней келісімі күштер балансында Францияның пайдасына айтарлықтай өзгеріс алып келді. Франция бастапқыда біраз табысқа жетті, бірақ әлемдік қауымдастық Еуропаға үстемдік ете алатын француз-испан одағын құру мүмкіндігіне алаңдай бастады. Нәтижесінде Франция кейбір аумақтарды, соның ішінде Фландрия бөліктерін иемденді, бірақ Испанияға деген амбицияларын толық жүзеге асыра алмады. Одан кейінгі жылдары испан тағына мұрагер болу мәселесі тағы бірнеше рет соғыстарға әкелді, әсіресе 18 ғасырдың басындағы испан мұрагерлігі соғысы.
Англия азаматтық соғысыты (1642-1651) бастан кешірді. Ол ақырында Оливер Кромвельдің басшылығымен республиканың құрылуына әкелді. 1688 жылғы Даңқты ревалюция билікке Уильям III әкеліп, Англиядағы констутциялық монорхияны нығайтты деуге болады.
Швеция король Густав Адольф пен кейін патшайым Кристина тұсында отыз жылдық соғыс кезінде күшті әскери күш ретінде пайда болды. Алайда оның ықпалы ғасырдың екінші жартысында әлсіреді. Иә, 17 ғасыр Еуропадағы ықпал мен отаршылдық үшін күресті қамтитын маңызды саяси оқиғалар кезеңі болды. Бұл уақытты «Ұлы державалар дәуірі» деп те атайды. Әртүрлі мемлекеттер өз мүдделері үшін күресіп, Еуропада да, өз отарларында да позицияларын нығайтуға тырысты.
Вестфалия келісімдері 1648 жылы Германияның Мюнстер қаласында және Голландияның Оснабрюк қаласында жасалған бейбіт келісімдердің жиынтығы. Бұл келісімдер Еуропадағы отыз және он сегіз жылдық соғысты аяқтады.Вестфалия келісімдерінің нәтижесінде бірқатар маңызды өзгерістер болды.Оларға осыларды айта кетсек болады.Мемлекеттік егемендік принципі түпкілікті бекітілді, ол халықаралық қатынастар жүйесін айтарлықтай өзгертті.Германия көптеген шағын мемлекеттерге бөлінді, бұл біртұтас саяси құрылым ретінде Қасиетті Рим империясының жойылуын білдірді. Нидерланды тәуелсіз мемлекет болып танылды, Франция айтарлықтай территорияларға ие болды. Голондия және Швейцария сияқты мемлекеттер өз тәуелсіздігңн алды. Және орыс мемлекеттерінің ықпалы нығайып, оны басқа елдер мойындай бастады. Күштер арасында өзінара тепе теңдік қалыптасып, орнықты. Бұл оқиғалар Еуропа тарихына терең әсер етіп, континенттің қазіргі саяси картасын қалыптастырды.
Жалпы алғанда 17 ғасыр халықаралық қатынастарға жаңаша ықпал жасады. Күрделі одақтармен, билік үшін күреспен және ауыспалы саяси динамикамен ерекешеленеді. Бұл халықаралық қатынастардың одан әрі дамуына алып келді, септігін тигізді. Бұл Еуропадағы заманауи ұлттық мемлекеттердің түпкілікті көтерілуіне негіз бола алды. Жаңа кезеңдегі Еуропа бұл қазіргі тарих пен қоғамдағы көзқарас батыс еуропалықтардың алдында болған ревалюциялық төңкеріс салдарынан рухани жағынан діни жағынан еркіндікке, экономиканың және саясаттың еркін дамуына ықпал етті. Бұл кезең тарихта үлкен орын алды. Халықаралық қатынастар жүйесіне көптеген саяси реформалар жүргізіліп, шыңдалды.
Пайдаланылған әдебиеттер: О. П Всемирная история. Том 3. Петербург 2001 жыл.
Орта ғасырлар тарихы. Сказкин С. Том 2.Алматы 1979.
История дипломатии.сб.сост.А.Латионов.- М.: АСТ,2013.
История Европы. В 5-ти томах.- М.,1997.
Халықаралық қатынастар тарихы Жаңа заман.Қ. Байзақова.Алматы,2006.