Және Ғылым министрлігі Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік



бет40/65
Дата28.11.2023
өлшемі0,55 Mb.
#130758
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   65
Байланысты:
Жеңіл атлетика

міндет.Граната (доп) лақтыру техникасын жетілдіру. Граната лақтыру техникасын (шар) жетілдіру үшін оқушыларды түрлі техника әдістерімен таныстыру қажет.Осы снарядтарды лақтыру нәтижелерінің өсуі техниканы жетілдіруіне ғана емес,сондай-ақ физикалық қасиеттерінің дамығанына,бірінші кезекте шынтақ сіңірлерінің,иық буындарының нығайуына байланысты.

Сондай-ақ доп және граната лақтыру техникасын оқыған үйренуші найза лақтыру тәсілдерін игеруге дайындалады.
Найза лақтыру әдісінің негізі


Найзаны лақтыру әдісі. Найза – бұл спорттық металл снаряд. Ерлерге арналған найзаның салмағы – 800г, әйелдердікі

  • 600г. Найзаның ұзындығы ерлердікі – 260 см, әйелдердікі – 230см.Ұстаудың екі әдісі бар: бірінші қалыпта найза алақанға салынып, бірінші және сұқ саусақпен ұсталады.

Екінші қалыпта бірінші және үшінші саусақпен ұстайды. Үшінші саусақ нық орамның арт жағынан астына орналасады. Басқа саусақтар бос қыспай ұстайды.
Екпінмен жүгірудің алдыңғы кезеңі. Екпінмен жүгірген кезде найза иық үстінде болады. Екпінмен жүгіруді екі бөлікке бөлуге болады: алғашқы сөреден бақылау белгісіне дейін (14-20 м), ақырғы бақылау белгісіне дейін (7-9 м). Алғашқы бөлікке екпін серіппелі алға - артқа дене құлшынысын жасап жүгіреді. сол қол жай жүгіріс кезіндегі қозғалысын жасайды, найза бар қол иық үстінде алға-артқа ырғақ жасайды.
Екпін алудың соңғы бөлігі - лақтыруға дайындалу. Ақырғы адымда, орындалатын адымды лақтыру адымы деп атайды. Жылдамдық төмендегенде оқушы найзаны артқа ығыстырады. Лақтыру алдында финалдық қозғалысты жасауға қолайлы қалыпқа келеді. Лақтыру адымы ол оқушының жеке дара мүмкіндігіне байланысты. Найзаны ығыстыруға және лақтыруға ең оңтайлысы 4- адымнан лақтыру. Найза артқа немесе тік, артқа қозғалады, 2 адымға орындалады. Қайшылау адымы сол аяқпен итеріліп, оң аяқтың сермелуімен басталады. Лақтыру адымы әр түрлі болуы мүмкін. Осы арада спортшы жылдамдықты төмендетіп, найзаны ығыстырып, снарядты қуып жетіп ақтық күш түсіру қалпына келеді, содан кейін найзаны лақтырады.
Найзаны лақтыруға үйрету төменгі бір қалыптылықпен үйретіледі:

  1. Найза ұстаумен таныстыру, снарядқа күш түсіре білу;


  1. Найзаны орында тұрып, қолды артқа ығыстырып лақтыру, орында тұрып лақтырғаннан кейін бір адымнан лақтыру;

  2. Найзамен жүгіруге үйрету,

  3. Екпін алып жүгіріп лақтыруға үйрету, үйрету кезіңде допты, тасты пайдалануға болады;

  4. Бастапқы кезде әдісті меңгеру үшін қысқа аралықта жай жүгіріп, содан кейін екпін алатын аралықты ұзартып, жылдамдықты көбейтіп екпін алу аралығы 4-6 м толық 8-12 м жүгіру адымы.

Лақтыру әдісін жіктеу.
Жеңіл атлетикада лақтырудың төрт түрін атап кетуге болады, олардың орындалуы көлеміне және снарядтың массасына байланысты. Лақтыру екі топқа бөлінеді:

  1. аэродинамикалық ұшуы байқалмайтын лақтыратын және итеретін снарядтар

  2. аэродинамикалық ұшуы байқалмайтын снарядтар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет