special-edu.kz Сейсенова А.Д. «Арнайы және инклюзивті білім беру салаларында ұғымдық аппаратты қолдану мәселелері»//«Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ-нің 30-жылдығына орай «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқу процессіне еңгізу: тарихы, мәселелері және даму болашағы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының ғылыми жинағы, 550-555 бб. – Алматы, 2022 жылдың қазан айының 27-28-і.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инклюзивті білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы маусымның 26-ндағы Қазақстан Республикасының № 56-VII Заңы.
Қазақстан Республикасында мүмкіндігі шектеулі балаларға кешенді көмек көрсетуді жетілдіру жөніндегі 2021 - 2023 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 17 тамыздағы
№ 112-ө өкімі
Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында мүмкіндігі шектеулі балаларға кешенді көмек көрсетуді жетілдіру жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған жол картасы (бұдан әрі – Жол картасы) бекітілсін.
Жол картасын орындауға жауапты Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдар (келісу бойынша):
Жол картасында көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;