special-edu.kz МАЗМҰНЫ
Қысқартулар мен шартты белгілер тізімі 4
КІРІСПЕ 5
І. Балаларға ұсынылатын қызметтердің нормативтік-құқықтық тұрғыдан
қамтамасыз етілуі 7
Халықаралық құжаттар негізіндегі бала құқықтары мен оларға атқарылатын
қызметтер 7
Қазақстан Республикасының білім беру, балалардың құқықтары және
мүгедектік мәселелеріне қатысты заңнамалық актілері 21
special-edu.kz Ерте, мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларға түрлі
ведомствалар тарапынан ұсынылатын қызметтер 37
ІІ. ПМПК, ППТК және арнайы мектептердің әлеуметтік педагогтары мен
мамандары арасында сауалнама нәтижелері 46
ҚОРЫТЫНДЫ 56
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМ 57
№ 1 ҚОСЫМША 60
№ 2 ҚОСЫМША 68
special-edu.kz Қысқартулар мен шартты белгілер тізімі
ҚР – Қазақстан Республикасы; БҰҰ – Біріккен Ұлттар Ұйымы;
ПМПК – Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация; ППТК – Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетi;
МӘС – Медициналық-әлеуметтік сараптама; АӘҚ – Арнаулы әлеуметтік қызметтер;
special-edu.kz Кіріспе
special-edu.kz Жұмыстың өзектілігі. Қазіргі кезде білім алуда ерекше қажеттіліктері және мүгедектігі бар немесе мүмкіндіктері шектеулі кез келген жастағы балалардың ата-аналарын халықаралық құжаттар мен отандық нормативтік-құқықтық база негізінде заңгерлік және әлеуметтік тұрғыдан қолдау мақсатында ақпараттық материалдар барынша қажет болғандықтан кез келген мәліметтер мен мәтіндер өте құнды ресурс деп есептейміз. Осы бағыттағы ақпараттық және анықтамалық материалдар Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырып отырған арнайы білім беру ұйымдарының басшылары, мамандары және әлеуметтік педагогтарының жұмысына өте пайдалы әрі қажет қайнаркөз болып табылады. Сол себепті Оқу-ағарту министрлігінің жанындағы Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық Орталығының Арнайы және инклюзивті білім берудің әдіснама және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің негізінде осы әдістемелік нұсқаулық даярланды.