special-edu.kz білім беру мүмкіндіктерін толықтыру ғана болып табылатын жағдайларда, құруға немесе сақтауға жол берсе, осы Конвенцияның 1-бабы тұрғысынан кемсітушілік ретінде қарастырылмайды.
4-бап
Осы Конвенцияның тараптары болып табылатын мемлекеттер, бұдан басқа, білім беру саласындағы мүмкіндіктер мен қарым-қатынастар теңдігін жүзеге асыру үшін ұлттық жағдайлар мен салт-дәстүрлерге сәйкес келетін әдістерді пайдаланатын жалпы мемлекеттік саясатты әзірлеуге, дамытуға және жүргізуге және атап айтқанда:
special-edu.kz а) бастауыш білім беруді міндетті және тегін етуге; орта білім беруді оның түрлі нысандарында жалпыға бірдей игілік етуге және оның жалпыға бірдей қолжетімділігін қамтамасыз етуге; жоғары білім беруді толық теңдік негізінде және әркімнің қабілеттеріне байланысты барлығына қолжетімді етуге; заңмен көзделген оқу міндеттілігінің сақталуын қамтамасыз етуге;
тең сатыдағы барлық мемлекеттік оқу орындарында бірдей білім беру деңгейі мен оқыту сапасына қатысты тең жағдайларды қамтамасыз етуге;
бастауыш білім алмаған немесе оны аяқтамаған адамдарды және әркімнің қабілеттеріне сәйкес олардың білім алуды жалғастыруын білім берудің лайықты әдістерімен көтермелеуге және дамытуға;
special-edu.kz оқытушы кәсібіне даярлықты кемсітушіліксіз қамтамасыз етуге міндеттенеді [2].
1971 жылғы желтоқсанның 20-ндағы «Ақыл-есі кем тұлғалардың құқықтары туралы» Біріккен Ұлттар Ұйымының Декларациясы [3].
Ақыл-есі кем тұлғалар максималды деңгейде басқа да адамдар секілді сондай құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
Ақыл-есі кем тұлға тиісті түрде медициналық қызметке және ем алуға құқылы, сондай - ақ өз қабілеттері мен бар мүмкіндіктерін дамытуға мүмкіндік беретіндей білім алуға, оқуға, еңбекке жарамдылығын қалпына келтіруге және қамқорлыққа құқылы.