Және Редакциялық баспа кеңесі ұсынған



Pdf көрінісі
бет3/91
Дата31.12.2021
өлшемі1,56 Mb.
#21478
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91
АЛҒЫ СӨЗ 
 
            Оқу  құралы  «Кәсіби  қазақ  тілі»  курсы  бойынша  салалық  ғылыми 
терминдер  жүйесімен  ғылыми  стильдің  жанрлық  түрлерін  оқыту  
бағдарламасына негізделіп жазылған. 
     Қазіргі  уақытта    жоғары  оқу  орындары  жүйесіндегі  мамандар 
дайындаудың сапасын көтеруді ұйымдастыру барысында білім берудің жаңа 
технологияларын оқу үрдісіне енгізу  жолға қойылып отыр. Соның бір айғағы 
-  оқытудың  кредиттік  технологиясы.  Кредиттік  жүйе  оқу  бағдарламасы 
мазмұнының  өлшем  бірлігі  болып  табылатын  кредит-сағатқа  міндетті 
аудиториялық  жұмыстар  мен  СӨЖ-дің  өзара  оңтайлы  арақатынасына 
негізделеді. Биология ғылым саласы ретінде жаратылыстану ғылымдарының 
біразымен  (әсіресе  экология,  география,  химия  және  т.б.)  аса  тығыз 
байланысты  болғандықтан,  оқу  құралында  осы  ғылым  салаларына    қатысты 
алынған    ғылыми-танымдық,  ғылыми-көпшілік  мәтіндерді  лексика-
грамматикалық,  ғылыми-жанрлық  тұрғыдан  топтастырдық.  Ондағы 
мақсатымыз  –  «Қазақ  тілі»  пәнінің  негізінде  алған  тілдік  білімдерінің 
негізінде  ғылыми  мәтіндерге  ортақ  кейбір  лексика-грамматикалық 
заңдылықтарды,олардың қолданылут ретін, терминдер мен олардың жүйесін, 
олардың жасалу жолдарын, қолданылу аясын қарастыра отырып, студентті өз 
бетімен ізденуге,  мамандығына  қатысты  ғылым  саласы бойынша  мәтіндерді 
оқып,  түсініп  талдауға,  ой  қорытып,  тұжырым  жасауға,  пікір  алысып  ойын 
ортаға салуға машықтандыру. 
          Оқу  құралы  ІІ  бөлімнен  тұрады.  Алғашқы    бөлімде  “стиль”  терминіне 
түсінік  бере  отырып,  әдеби  стильдің  түрлерінен,  ортақ  белгілерінен,  өзара 
айырмашылығынан қысқаша мәлімет бердік.            
Сондай-ақ  бұл  бөлімде  жаратылыстану  ғылымындағы  ғылыми  мәтіндерге 
ортақ  лексика-грамматикалық  ерекшеліктер  мен  олардың  заңдылықтарын 
түсіндіру  көзделген.  Оқу  құралында  берілген  мәтіндер  студенттің  алған  
білімін тексеруді, бекітуді мақсат тұтады. 
          ІІ  бөлімде  ғылыми  стильдің  жанрлық  түрлері  қарастырылады.  Яғни, 
оларды  тақырыптық  жағынан  топтастыра  отырып,  олардың  үлгілерін  беру 
арқылы,  практикалық  тұрғыдан  меңгертіп,  бекітуді  де  көздедік.  Ғылыми 
ортада өзара тілідік қарым-қатынас жасау, өз ойын ғылыми сауатты жеткізу, 
сұхбат  құру  ғылыми  стильдің  ауызша  жанрлары    пікірталаста,  зерделі  ой-
сұхбатында, алқалы жиында  жүзеге аспақ.  


 

        Оқу құралын жазу барысында орыс ғалымдары Е.С.Троянскаяның, В.Г. 
Миронованың  ғылыми  стильге  қатысты  оқу  құралдарын  және  сабақ  беру 
барысындағы  жеке  тәжірибемізге,  сондай-ақ  Б.Ақбұзауованың  «Қазақ  тілінің 
ғылыми  стилін  оқыту  құралы»  еңбегіне  сүйенгенімізді  де  атап  өткен  дұрыс 
болар. 
  Оқу  құралындағы  мәтіндердің  мазмұнында  берілген  мәліметтерге  автор 
жауапты емес. 
                                                                             Автор                                               
 
 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет