Және Редакциялық баспа кеңесі ұсынған



Pdf көрінісі
бет6/91
Дата31.12.2021
өлшемі1,56 Mb.
#21478
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91
         І. 2. Кітаби-жазба стиль 
     
         
Кітаби-жазба  стиль  -  қоғамның  әр  түрлі  саласында  өзіндік  қолданылу 
аясы  нақтыланған  стиль  түрі.  Әр  саладағы  атқаратын  қызметі  мен  қолданыс 
аясына қарай: ресми құжаттар және іс қағаздары стилі,публицистикалық стиль, 
көркем әдебиет стилі және ғылыми стиль болып бөлінеді. Стильдің бұл түрлері  
қатынастың  жазбаша  формасында  жиі  жұмсалатындықтан,  тілдік  құралдар 
екшеліп, сұрыпталып қолданылады. 
         Стильдік ерекшелігі:  
1.  Қолданылу  аясы:  қоғамның  әр  түрлі  саласы  (әр  түрлі  ресми-әкімшілік, 
кеңселік  қатынастарда,  ақпарат  құралдарында,  ғылымның  әр  түрлі  саласында 
түрлі мақсатта, әдеби көркем шығармаларда т.б.) 
Кітаби жазба стиль түрлерінің бәріне ортақ белгілері:  
- логикалық жүйелілік сақталады;  
- ойдың нақтылығы,  дәлдігі, айқындығы, түсініктілігі сақталады; 
- стильдің қай салада қолданылатыны ескеріліп, тілдік материалдарды қолдану 
заңдылықтары сақталады;  
-  жалпыхалықтық тілдің қолданысы әдеби нормаға сай болуы керек. 


 

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет