Жәнібек хан II (1598 1643) — Қазақ Ордасын 1628-1643 жж билеген хан Есім ханның екінші ұлы. Өмірбаяны[өңдеу



Дата13.03.2023
өлшемі16,27 Kb.
#73605
түріӨмірбаяны

Жәнібек хан II (1598 - 1643) — Қазақ Ордасын 1628-1643 жж. билеген хан Есім ханның екінші ұлы.
Өмірбаяны[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Жәнібек ханЕсім ханның екінші ұлы.Анасы Есім ханның сүйікті әйелі Ханша Айлин Ханым болды. Есім хан қайтыс болған соң, билік мұрагерлік жолмен оның үлкен ұлдарының бірі Жәнібектің қолына берілді. Алайда Жәнібек ханның жүргізген билігі туралы мәлімет жоқтың қасы. Бір анығы Жәнібек тағында берік отырмады. Үнемі ішкі феодалдық талас-тартыстар оны мазалап қоймады, оның үстіне ойраттардың (жоңғарлардың) шабуылдары көбейіп, Қазақ хандығы әлсіреді. Осының кесірінен халық наразы болып, сұлтандар арасында билік үшін талас басталды. Бұл таласты Жәнібектің туған інісі Жәңгір жеңіп, сұлтандарды тынышталдырып, халық қолдауына ие болды. Бірақ ағасын құрметтеп, билікті ресми түрде Жәнібектің атында қалдырды. Істеген ұлы істері болмай, інісінің көлеңкесінде қалып қойған Жәнібекті көпшілік мойындамады.


ҰЛЫ Жәдік әулетінен шыққан сұлтан Құдайменденің ұлы, Құшық (Қошық) сұлтанның немересі Тұрсын хан – 1712–1717 жылдар арасында Түркістан маңы мен Сырдың орта ағысында билік құрды. Оның қарамағында Орта жүздің қоңырат және ішінара найман, сонымен бірге Ұлы жүздің тайпалары (аттары белгісіз) енген. Оның иелігін Иқан қаласы мен төңірегіндегі Сырдария өзені бойындағы елдімекендер құраған. Оның бағынысындағы тайпалардың көші-қон аймағы Оңтүстік Қазақстан аудандары, Түркістан қаласының төңірегі, Сырдың орта ағысы бойындағы елдімекендер (Ерофеева, 1997: 73). Осы аумақтағы тайпалардың көші-қон бағыттары Қаратау жоталары мен Сырдың орта ағысы арасын, оңтүстікте Арыс өзеніне дейін, батыста Түркістан қаласына дейінгі аралықты қамтыған деп болжам жасауға болады. Ендігі бір деректерде Тұрсын Тәукенің билігі кезінде хан сайланғандығы, Жоңғар хандығының басқыншылығын тойтаруда қазақ қосындарын басқарып, шамамен 1717 жылы Иқан қаласында қайтыс болғандығы айтылған. Сондықтан да, оның мүрдесі Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне жерленбеуі мүмкін емес деген пікірлер бар. Жазба деректерде оның балаларынан Барақ және Құшық (Күшік) сұлтандардың есімдері аталады. Басқа деректерде оның иелігі қалмақтардың иелігімен шектескен деп келтіріледі. Бұл жерде Жетісу аумағына орналасқан оңтүстік шығыстағы қазақ ұлыстары туралы сөз болып отыр деп болжауға болады. 1734 жылы Ұлы жүз қазақтары елшілігінің құжаттарында «Тұрсын Шымыр-Дулат тайпасының ханы еді» деп жазылған (Артыкбаев, 2001: 134).
Қайып ханның туылған жылы нақты белгілі емес. Қайтыс болуы 1718 жылдың аяғы. Тарихшы-ғалым И.В. Ерофеева тарихи деректерге сүйене отырып оны Қосрау сұлтанның баласы, Сырдақ сұлтанның немересі, атақты Есім ханның ұрпағы (Ерофеева, 1997: 74) деген пікір білдіреді. Қазақ хандарының Жәдік әулетінен шыққан. Оның ұлдарынан белгілілері: Батыр сұлтан мен Құдайменде. Қайып Қосрауұлы Тәуке хан билік құрған кезеңде, шамамен 1703–1710 жылдары бір ұлыстың ханы болған. Тәуке хан 1715 жылы дүниеден өткен соң, оның орнына қазақтың ұлы ханы болып көтеріледі. Тарихи деректерде XVIII ғасыр басында Қайып ханға Кіші, Орта жүз руларының белгілі бір бөліктерінің бағынғанын, 1715 жылдан бастап Түркістан мен оның төңірегіндегі кейбір елді мекендерге, ұсақ қалаларға билігі тарала бастағаны айтылады. Қайып хан қазақ-орыс қатынастарын дамытуға өзіндік үлесін қосты. XVI-XVIII ғасырлардағы қазақ-орыс қатынастарына қатысты құжаттар Қазақ хандығының ханы болған Қайып Қосрауұлы жүргізген саясаттарының мәні мен мақсаттарын аша түседі. Осы құжаттарда Қайып ханның сыртқы саясатын дәлелдейтін 8 құжат жарияланған. Соның ішінде 1718 жылдың 1 мамырында Сібір губернаторы М. Гагаринге жазылған хатта Қайып, Әбілқайыр хандар жалпы қазақтар атынан башқұрттар қуып әкеткен 1500 жылқыны қайтаруды сұраса, 1718 жылдың 10 желтоқсанындағы хатында I Петрден жоңғарларға қарсы күресте бірлесуге шақырады (Казахско-русские отношения в XVI- XVIII веках, 1961: 247). Қайып тұсындағы қазақ хандығының сыртқы саяси жағдайы өте шиеленісті болды. Оған шығыстан жоңғарлар, батыстан башқұрт пен қалмақ билеушілері үнемі қауіп төндіріп отырды. Осыларға қарсы шығатын, елеулі жәрдем беретін одақтас іздеу – Қайыптың сыртқы саясатының басты әрі шешуші мақсатына айналды. Бұл ретте ол батыстағы көршісі – Ресейден көп көмек күтті. 1716 жылы Тобылға жіберілген қазақ елшілері Бекболат Екешев пен Байдәулет Бөриев сынды батырлар Қайыптың Ресей үкіметімен тығыз қарым-қатынас, «мәңгілік бітім» жасауға, Жоңғар хандығымен күресте қазақ-орыс әскери одағы туралы келісімге қол жеткізу және «оларға сауда-саттық жолымен Тобылға баруға мүмкіндік беру үшін» Ресейдің жақын жердегі рыноктарына қазақ малшыларының кедергісіз баруына кепілдік алу мәселелерін Сібір губернаторы М.П. Гагаринге хабарлады (Қазақстан тарихы, 2002: 111). Өз тарапынан Сібір әкімшілігі Қайыптың бұл тілектерін орындауға ықыласты екенін білдірді. Жоңғар хандығымен күрестің кезек күттірмес мәселелері Қайыпты Қазан губернаторы П.С. Салтыковпен де байланыс жасауға мәжбүр етті. Қайып тұсында Қазақ хандығы мен Ресей арасындағы саяси қарым-қатынастардың жандануы Жоңғарияға қарсы күресте екі жақты күш біріктіру мақсатына байланысты болды (Қазақстан тарихы, 2002: 112). Тәуке ханның мұрагері ретінде Ұлы хан билігін алған Қайып хан Орта жүз сұлтандарымен тақ үшін болған күресте 1718 жылы қаза тапқан. Оның Түркістанға жерленгендігі туралы нақты деректер болмағанымен, тарихи деректерде жасалған болжамдар бар.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет