Жер бедерінің пайда болуы мен қалыптасу факторлары Жұмыстың мақсаты



Дата06.03.2023
өлшемі0,74 Mb.
#72136



БӨЖ №7
Тақырыбы: Жер бедерінің пайда болуы мен қалыптасу факторлары

Орындаған:Турсунбек.М.Д


Тексерген: География ғылымдарының докторы, профессор
Сапаров Қуат Табылдинович

Жер бедерінің пайда болуы мен қалыптасу факторлары
Жұмыстың мақсаты: Жер бедерінің пайда болуы мен қалыптасу факторларына шолу жасау.
Жоспары: Тақырып бойынша қосымша ақпарат пайдаланып орындадым.
Қазақстанның казіргі жер бедері оның геологиялық құрылысы мен даму тарихына тікелей байланысты.
Жер шарының басқа аудандары сияқты Қазақстан аумағында да жер бедері әлі даму үстінде. Қазіргі жер бедері жердің ішкі және сыртқы күштерінің әрекеті нәтижесінде қалыптасып отыр. Ішкі, сыртқы күштер әрекеті әлі жалғасуда. Ішкі күштердің әсері кейінгі тау түзілу процестерінде, яғни жер қабатының ғасырлық тербелістері нәтижесінде биік таулы аудандардың шетінде болатын көтерілулер мен төмен түсулерден байқалады.
Жер қойнауында тоқтаусыз жүріп жатқан козғалыстарды тектоникалық қозгалыстар деп атайды. Жаңа тектоникалық козғалыстар кайнозой эрасының неоген және төрттік (антропоген) кезеңдерін қамтиды. Бұл козғалыстардың нәтижесінде Қазақстанның таулары жаңғырып, қатпарлы-жақпарлы таулар қалыптасты.
Тау көтерілу процесі казір де жүріп жатыр. Бұған тау бөктерлерін терең тілімдеген жас өзен аңғарларының болуы айғақ, сондай-ак, Қазакстанның биік таулы жүйелеріне тән ірілі-ұсақты жер сілкінулер де тектоникалық қозғалыстардың болып жатқанын дәлелдейді. Жер сілкіну процестерін сейсмология ғылымы зерттейді. Жер сілкіну аса қауіпті апат әкелетін табиғат құбылыстарының бірі. Жер шарындағы сейсмикалық аспаптардың (сейсмограф) тіркеуі бойынша тәулік сайын орта есеппен 200-ден астам, ал бір жылда 100 мыңға жуық жер сілкінісі болып тұрады.
Жер сілкіну - жер асты күштерінің әсерінен Жер беті қыртысының тербелуі. Жер сілкіну Жер бетіндегі біліну-сезілу күшіне сәйкес халыкаралық кесте MSK-64) бойынша 12 балға ажыратылады.




Сурет-1.Қазақстандағы ең күшті жер сілкінісі болатын аймақтар

Сурет-2.1877 жылғы Алматы қаласындағы жер сілкінісі

1887 жылы маусымда жердің күшті сілкінуінен Алматы қаласы қирап, бұзылды. Мұндағы жер сілкіну күші 10 балға жетті. Жер сілкінуден тау опырылып, жер қыртысында жарықтар пайда болды.(Сурет-2).


1889 жылы күші 9-10 балл Шелек(Сурет-3), 1911 жылы күші 10-11 балдық Кемін(Сурет-4), 1978 жылы күші 8-9 балл Жалаңаштұп, 1979 жылы күші 6- 7 балл Бақанас жер сілкінуі, Жайсан (1990) Сурет-5, Сусамыр (1992), Текелі (1993), 23 мамыр 2003 жылы Луговойда (Құлан) 7 балл жәнө т.б. жер сілкінулер тіркелген.

Сурет-3.1889 жылғы Шелек жер сілкінісі



Сурет-4. 1911 жылы Кемін жер сілкінісі



Сурет-5.1990 жылы Жайсан жер сілкінісі

Қазақстанның қазіргі жер бедерінің қалыптасуында жердің сыртқы күштерінің де әсері мол. Сыртқы күштерден таулар мен қыраттар үгіліп, одан пайда болған борпылдақ жыныстар ойыстарды толтырып, тегістейді.


Антропоген дәуірінде Қазақстанның биік таулы аймақтары бірнеше рет мұз басуға ұшырады. Ол мұздар қазіргі жер бедерінің қалыптасуына зор әсерін тигізді. Мұз басудың қалдырған іздері карлар, астау тәрізді аңғарлар, мореналық төбелер және т.б. жер бедері пішіндері қалыптасқан. Олар биік таулардың кез келген жерлерінде байқалады. Антропоген кезеңінің ортасында климаттың ылғалды болуынан өзендер суы молайып, эрозиядан (шаю) жер беті тілімдене бастады. Қазақстанның жер бедерін калыптастыруда сыртқы күштер ішіндегі ең бастысы - ағын су әрекеті. Су тасқыны аңғарларды бұзып, осылайша пайда болған тау жыныстарын ойпаң жерлерге толтырады.
Қазіргі кезде биік таулы аймақтардағы жер бедерін қалыптастырушы факторлардың бірі - мұздықтар. Мұздыктардың еруінен, ұзақ жауатын нәсер жаңбырдан тау басындағы көлдердің деңгейі көтеріліп, төмен қарай тау өзендері арнасынан асып, сел тасқындары пайда болады. Алапат екпінмен еңіске қарай жүйткіген сел жолында кездескен кедергілерді, қатты тау жыныстарын тас-талқан етіп, ағаштарды тамырымен қопарып ағызып әкетеді.
1921 жылы шілде айында болған сел тасқыны кезінде Верный қаласы (казіргі Алматы) көп зардап шегіп, су астында қалған.(Сурет-5)
1963 жылы 7 шілдеде болған сел тасқыны кезінде биік тауда орналасқан, көрсе көз тоймайтын Есік көлі шарасынан асып төгіліп, аз ғана уақыт ішінде жоқ болды.
Селдің халық шаруашылығына тигізетін зияны орасан зор. Алматы қаласын сел апатынан қорғау мақсатында 1966 жылы Іле Алатауының Медеу шатқалында дүние жүзі тарихында тұңғыш рет тауды бағыттап қопару әдісімен әйгілі Медеу бөгені салынды.
1973 жылы 15 шілдеде Медеу шаткалында сел тасқыны болғаны белгілі. (Сурет-6) Медеу тасты бөгені селді тоқтатып, қаланы апаттан сақтап қалды.
Республикадағы жер бедерінің өзгеруіне жиі соғып тұратын жел де көп әсер етеді.

Сурет-5.1921 жылы шілде айында болған сел тасқыны кезінде Верный қаласы

Сурет-6. 1973 жылы 15 шілдеде Медеу шаткалында сел тасқыны

Астана қ.2023ж






Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет