Жауабы: Себебі Айда жел де, жауын-шашын да болмайды. (37-бет 5сынып Жаратылыстану Алматы «Атамұра»-2010)
Сұрақ 5 Ғарышкерлерді ашық ғарышқа шыққанда күн көзінен бөлінетін зиянды сәулелерден және ғарыштық шаң-тозаңдардан бірнеше қабат тігілген скафандр сақтап қалады. Скафандрды құрамында нейлон, дакрон, кевлар деп аталатын үш түрлі жасанды матадан тігеді.
Ғарышкер скафандрды кигенде неге (неліктен) терлеп кетпейді?
Ғарышкер скафандрды кигенде терлеп кетпес үшін келесі жағдайлардың қайсысы жасалған?
Иә/Жоқ
Скафандрдың ішінде ауа алмасып тұратындай жағдай жасалған.
Иә/Жоқ
Скафандр өте жұқа тігілген.
Иә/Жоқ
Скафандрды тігуге қолданатын маталар ерекше болып келеді.
Иә/Жоқ
Жауабы: Скафандрдың ішінде ауа алмасып тұратындай жағдай жасалған. 37-бет 5сынып Жаратылыстану Алматы «Атамұра»-2010
Қоршаған ортаның ластануы 8 сынып & 36 Топырақты қорғау
1-сұрақ
Нитрат-өсімдіктің өсуін, жасыл массасының ұлғаюын қамтамасыз етеді.Табиғатта топырақ құрамында нитрат өте аз болады. Егер топырақта нитрат көп болса тамыр арқылы көтерілген нитраттар өсімдіктің кез-келген бөлігінде жинақталады.
Төменде берілгеннің қайсысы топырақтағы нитраттың көбеюінің басты себебі болып табылады?
А. Топыраққа азот тыңайтқышының енгізілуінен
В. Топыраққа органикалық тыңайтқыштардың еңгізілуінен
С. Мелиорация шаралары дұрыс жүргізілмеуінен
Д. Топыраққа әк енгізілу салдарынан