Жер бетіндегі географиялық белдеулер мен зоналар


Жер шарындағы климаттық белдеулер (Б.П.Алисов бойынша)



бет3/4
Дата15.10.2022
өлшемі482,73 Kb.
#43244
1   2   3   4
Байланысты:
Жер бетіндегі географиялық белдеулер мен зоналар

Жер шарындағы климаттық белдеулер (Б.П.Алисов бойынша)


б. Жер шарындағы зоналық мен азоналдық қандай факторлар анықтайды? Құрлық бетіндегі зоналық неден байқалады?
Ландшафтының таксономиялық бірлігі жер бетіндегі физикалық- геогафиялык топтастыру немес бөлшектеу нәтижесінде жүйеленеді. Әр өңірдің өзіндік табиғат жағдайының ерекшеліктерін ескере отырып, жер бетін жеке аймактарға және олардың бөліктеріне бөлуді физикалық-географиялық аудандастыру деп атайды. Физикалық-географиялық аудандастыру нәтижесі елдің табигат жағдайы мен байлыгын кешенді түрде жан- жақты анықтап, табиғат байлығының халық шаруашылығында игерілуін карастырады. Физикалық- географиялық аудандастыру процесінде әр түрлі сатыдағы ландшафт бірлігі жоғарыдан төмен қарай да, төменнен жоғары қарай да жүйеленеді. Баскаша айтканда ландшафтының әрбір ірі бөлігіне зоналық және азоналық факторлар әсер етеді, сондықтан бұлардың әрекетіне байланысты дамитын физикалық- географиялык аудандастырудың теориялық негізі болып саналады.
Бұлармен бірге географиялық қабық та жер бетінің әр түрлі бөліктерін, күрделі бір территоиялық жүйеге біріктіретін процестерде әрекет етеді. Бөлшектеу мен топтастырушы процестер төменгі сатыдағы ландшафт бірлігінде қаркынды дамиды да, іріленген сайын баялай түседі Зоналдылық Зоналык катардағы ең ірі ландшафт бірлігі — географиялық белдеу. Белгілі бір территоияға күннен келетін жылу мөлшерінің ортақ тарауына байланысты бөлінетін ландшафтының жүйесінгеографиялық белдеу деп атайды.
Әрбір географиялык белдеуде өзіне тән ауа массасы циркуляциясының, алмасуының, биохимиялык және экзогенді геоморфологиялық процестерді, теңіздік ағыстардың жануарлардың қоныс аудару сипаты қалыптасады. Жылу режиміне карай солтүстік жарты шардан арктикалык, субарктикалык суық, тропиктік жэне экваторлық жылы белдеулер бөлінеді. Жылу, ылғал режимінің бердей болуына байланысты топырак жамылғысы, өсімдіктер және жануарлар дүниесі мен экзогенді геоморфологиялық процесінің сипаты бірдей болып келетін ландашфтының жүйесін географиялық зона деп атайды. Қазақстан жерінде жылу мен ылғалдың қатынасына байланысты орманды дала, дала, шөлейт, шөл зоналары калыптаскан. Ендік зоналылық дегеніміз - физикалык-географиялык процестердің, компоненттер мен табиғи кешендердің (геожүйелердің) экватордан полюстерге қарай заңды өзгерісі. Азоналдылық Жердің ішкі энергиясы мен тектоникалық жағдайына байланысты болып келетін азоналылық заңдылыгы да бар. Ол - жер бетінің кұрлықтар мен мұхиттарға бөлінуіне байланысты. Жер бетінің 71 %-ын - Дүниежүзілік мұхит, 29 %-ын - кұрлықтаралып жатыр, ал солтүстік жарты шардың кұрлық 39 %-ын, оңтүстік жарты шардың 19 %-ын ғана алып жатыр (Полярлык асимметрия заңдылығы). Сондықтан, ландшафттық зоналар солтүстік жарты шарда көбірек дамыган. Азоналық ең ірі ландшафт бірлігі - физикалық- географиялык аймақ (2-кесте). Физикалық-географиялық аймақ геологиялык негізгі (тектоникалық құрлымы) тұгас (қалканды жэне плиталы жазыктар, қатпарлы жақпарыл таулар), неоген-антропоген дәуіріндегі тектоникалық режимі ортақ, макрожер бедері мен макроклиматы бірдей зоналық және биіктік белдеулі ландшафт кұрылымында өзіндік ерекшеліктері бар құрлық бөлігінен тұрады.
Табиғат жағдайы мен ландшафт түрлерінің биіктікке қарай өзгеру заңдылығы биіктік белдеулілік деп аталады. Белдеулердің алмасуы биіктікке қарай таудың етегінен басталады. Жазық жермен салыстырғанда, алмасу өте жылдам жүреді, 100 метр биіктіктегі өзгеріс жазық жердегі 80-100 километрлік табиғат өзгерісімен деңгейлес болып келеді. В. В. Докучаев негіздеген биіктік белдеулілік заңдылығы бойынша биікке көтерілген сайын температура төмендеп, ылғал мөлшері белгілі бір биіктікке дейін артады. Белдеулердің жиынтығына тау беткейлерінің жату бағыты, еңкіштігі, бұлттылық дəрежесі де ықпалын тигізеді. Əрбір тау жүйесінің өзіне тəн биіктік белдеулер жиынтығы бар. Ол тау жүйесінің географиялық орны мен биіктігіне, тау жоталарының жату экспозициясына байланысты қалыптасады. Неғұрлым солтүстікке қарай орналасқан Скандинавия таула- 317 ры тундра, орманды тундра, тайга өсімдіктерімен шектелсе, ал оңтүстіктегі Кавказ тауында жалпақ жапырақты ормандардан бастап, мəңгі қар мен мұздықтарға дейін кездеседі 3-сурет. Биіктік белдеуліліктің күрделенуіне тау жүйесінің мұхиттан алыс-жақындығы да əсер етеді. Тибет таулы қыраты аса биік болғанына жəне оңтүстіктегі орнына қарамастан, материк ішіндегі орнына байланыстыбиік таулықшөл климатыжағдайында, қиыршық тасты суық шөлдердің таралуымен əйгілі. Тек өзен аңғарлары бойында ғана тоғай жолақтары таралған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет