Жер кадастры деп жер туралы мәліметтердің жиынтығын атайды


ЖЕРГЕ САЛЫҚ САЛУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ



бет3/8
Дата19.05.2022
өлшемі78,9 Kb.
#35056
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Дәріс

1. ЖЕРГЕ САЛЫҚ САЛУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ.
1.1.Жер ресурстары мен топырақ жамылғысының қазіргі жағдайы.

Жерді пайдаланудың құрылымдық ерекшеліктері оның табиғат ресурстары арасындағы орнын анықтап береді. Ол қоғам мүшелерінің әл-ауқатының бастапқы материалдық негізі , адамдарды қоныстандырудың және өндірістік күштерді орналастырудың кеңестік базисі әрі барлық экономикалық өсім факторының – еңбек, материалдық-техникалық және табиғи ұдайы өндірістік процестердің қалыпты жүзеге асуының негізі болып табылады. Тарих В.Петти формуласының дұрыстығын көрсетті, оның ойынша: «еңбек-заттай байлықтын атасы,ал жер-анасы».


Құрал ретінде жер өндірісінің , әсіресе,өндірістің қолдан жасалған құралымен салыстырып қарағанда өзіндік ерекшелігі болады.
Біріншіден, жер-табиғаттын өнімі,сондықтан да бастапқы жағдайда оның құны болмайды,өйткені оны жасайтын адам еңбегіне жұмсалатын шығын жоқ. Өндірістің басқа құралдары адам еңбегімен жасалғандықтан,олардың құны болады.
Екіншіден,өндірістің қолдан жасалған құралы физикалық тозуына қарай ұдайы өндірілуі мүмкін.Жердің топырақ жамылғысы да жаңғыртылатын табиғи ресурс болып табылады, алайда оны табиғи жолмен қалпына келтіру үшін жүздеген жылдар қажет. Бұл мынаны білдіреді: келешекте бүлінген топырақ қабаттары қарқынды шаруашылық қызметке жарамсыз болады. 2,5см қалыңдықтағы топырақ қабатының қалпына келуі үшін 300-1000 жыл керек, ал 18см егістік қабатының қалпына келуі үшін 2-7 мың жыл қажет болады екен. Бұл жерді және жаңғыртылмайтын табиғи ресурстарды қолдануды жоспарлауда тәсілдемелердің салыстырмалылығына себепкер болады.
Жерді дұрыс пайдалану, үнемдеу және оны қорғау оның биологиялық әлеуеті мен өнімділігін бұрынғы қалпында ұстауға мүмкіндік беріп қана қоймай, оны айтарлықтай тыңайтады да.
Үшіншіден, жердің өндіріс заты ретіндегі айырмашылығы өндіріс үрдісінде зат функциясы мен еңбек құралының үйлесуі болып табылады. Сонымен қатар, жер өндіріс үрдісінде табиғи ресурс ретінде ғана емес, сондай-ақ өзіндік шикізат ресурсы да болып табылады. Адам топырақты өңдей отырып, өндірістің басқа құралдарымен ауыл шаруашылық өсімдіктерінің өсуіне қолайлы жағдай жасайды. Бұл жағдайда жер еңбек заты. Адам топырақтың физика-химиялық қасиетін ескеріп, қолдана отырып өсімдіктер егінінің қалыптасуына әсер етеді. Мұнда жер еңбек құралы болып табылады.
Төртіншіден, жерге еңбек құралы мен заты ретінде де альтернативті ресурстардың болмауында алмастыруға келмеушілік тән.
Жер ресурстарының өндіріс құралы ретіндегі сипаттамасында маңызды орынға аймақтық пен териториалды аспектілер ие. Біріншіден, әр түрлі аймақта орналасқан жер учаскелері топырақ құрамы, климат, жер бедері, су ресурстарымен қамтамасыз етілуі сияқты табиғи ерекшеліктерімен сипатталатын өнімділігімен ажыратылады. Мұндай айырмашылық қосымша кірістің жақсы жерлерде дифференцирленген рентаның пайда болуының негізі болып табылады, ал ол өз кезегінде ауыл шаруашылығында шаруашылық қызмет нәтижесіне әсер етіп, ауыл шаруашылық емес жер пайдаланушылармен қатынасты реттеуді ескеруді талап етеді. Екіншіден, жер ресурстары шектелген және оларды кеңейтуге болады. Үшіншіден, жер учаскелері нақты бір аймақпен байланысты, және оларға тұрақты орын алу тән. Өндіріс құралдарының жасанды шығуының көпшілігіне мобильділік тән,оларды кеңістікте орналастыруға болады.
Жердің өндіріс заты ретіндегі функциясын жақсартудың маңызды міндеті оның құнарлығын, өнімділігін жоғарылату болып табылады. Құнарлықтың түрлері: табиғи, жасанды және экономикалық. Табиғи, жасанды құнарлық 1000 жыл ішінде жүріп жататын геологиялық, климаттық, топырақ өндіруші үрдістердің нәтижесі болып табылады.
Табиғи құнарлықтан, яғни топырақта қоректік заттардың, ылғалдылықтың болуынан, олардың ауыл шаруашылық өсімдіктер үшін сіңімділігіне өнімнің шығымдылығына байланысты болады.
Топырақтың табиғи құнарлығын жүзеге асыру адамның өзіне,агромәдениет деңгейіне, өндіргіш күштеррдің дамуына байланысты. Осы факторларды пайдалану жердің бастапқы табиғи құнарлығын көбейтуге әсер етеді. Толығымен антропогенді әсерге байланысты қосымша құнарлық жасалады. Бұл құраушы құнарлық К.Маркспен жасанды ретінде анықталған.
Табиғи мен жасанды құнарлықтың жиынтығы жердің биомассасының өсімділік мүмкіндіктерін көрсететін экономикалық құнарлықты түзеді. Мөлшерлік экономикалық құнарлық дегеніміз өндірістегі ауыл шаруашылық өнімнің аудан бірлігіндегі өнімділікті білдіреді. Әдетте, экономикалық құнарлықты жасанды құнарлықтың есебінен көбейту туралы айта отырып, ауыл шаруашылықта өндіріс құралдарын жасау маңыздылығы туады. Осыған орай егін өсіру мәдениетінің жалпы деңгейінің мәнін айта кету керек. Ғылыми білім мен ауыл шаруашылықтың практикалық тәсілдерінің жиынтығы ретінде егін өсіру мәдениеті қазіргі кезеңде маңызды рөл атқарады,тек соның жоғары деңгейінде ғана әр шаруашылықта табиғи құнарлықты тиімді пайдалануға және осы негізде өндірістік күштердің-экономикалық құнарлықтың тиімді дамуына қол жеткізуге мүмкінддік туады. Бұған елдің тәжірибелі берілетін шаруашылықтардың өнімділігі, көрші шаруашылықтардағы сәйкес құнарлығы бар жер, бірақ егін өсіру мәдениеті төмен деңгейлі шаруашылықтардан 2-3 есе жоғары болатыны дәлел.
Берілген ғылымдар жердің құнарлығының жоғарылауын көрсетеді. Өсімдіктердің жаңа түрлерін, өнімділікті дамытудың тиімді шарттарын қамтамасыз ете отырып құнарлықты 4-15 есеге көтеруге болады. Ол үшін лимиттелуші факторларды жүйелі түрде жоя отырып, жағымды экологиялық жағдайларды тауып жасау.
Топырақ- көптеген қасиеттері бар, тірі және өлі табиғатқа тән,литосфераның беткі қабатының гидросфера,атмосфера мен ағзалардың өзара әсерлесуінен ұзақ түрлену нәтижесінде ерекше табиғи түзіліс. В.В.Докучаев- осы заманғы ғылыми топрақтанудың негізін салушы – «топырақ туралы түсінікті табиғи тарихтық дене ретінде, яғни жиынтық қызметтің өнімі:грунт,климат,өсімді және жануар ағзалары, және жергілікті жердің жер бедері болып табылады» деп қалыптастырған. Кейінірек бұл топырақ түзіліс факторларына су (топырақ пен грунт) және адамның шаруашылық қызметтері қосылған болатын.
Топырақты қорғаудың негізгі міндеті топырақ жамылғысының бүтіндігін, ылғи да өсіп отыратын халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін топырақтың құнарлығын ұстап тұру болып табылады.
Бүлінген топырақ өте баяу қалпына келеді. Табиғи жағдайларда бұған бірнеше жүз жыл кетеді.
В.В.Докучаевқа дейін топырақты жеке қасиеттері бойынша жіктеді: химиялық құрамы, топырақ түзетін жынысы б.т. В.В.Докучаев топырақ түзуші факторлар кешенінде негізі қаланған, топырақтың сипаттық қасиеттерін және таралу заңдылықтарын анықтайтын топырақтың генетикалық жіктелуін өңдеді. В.В.Докучаевтың жіктеуінде топырақтың генетикалық типтері (тундралық,күлгіндеу,сұр,орманды,қарашірінді,қоңыр, сортаң және т.б.топырақтар) 3 басты класқа біріктірілген: қалыпты (белдеулік), өтпелі(интрабелдеулік) және бейқалыпты. Топырақтың әр генетикалық түрі белгілі бір табиғи белдеуге сәйкес келеді. В.В.Докучаевтың жіктеуі әрі қарай оның шәкірті Н.М.Сибирцевпен дамытылған болатын.
Қазіргі уақытта бірнеше топырақ жіктеулері өңделген, алайда топырақтың біыңғай халықаралық жіктеуі әлі күнге дейін жоқ.
Біздің планетамыздың беті- 510 млн км 2 (51000 млн га). Оның көп бөлігі -361 млн км 2 (36100млн га), яғни 71%-ін су алып жатыр; құрлыққа тиесілісі-149млн км 2 (14900 млн га). Бұл территорияның 4060 млн га (28%-ін) орман алып жатыр, шалғын мен жайылым – 2600 млн га (17%),өңделетін жер (егістік)-1450 млн га(10%).
Бұрынғы КСРО территориясы- 22,3 млн км 2 (2230 млн га); Қазақстанның территориясы- 2,725 млн км 2 (272,5 млн га).
Ауыл шаруашылығына жарамды жерлердің жалпы үлес салмағы елдер бойынша: ТМД-27%, АҚШ-53%, Канада-7%, Бразилия-28%, Аргентина-65%,Қытай-40%, Жапония-6%, Үндістан-60%, ГФР-50%, Франция-63%. Бұл айырмашылық олардың (әр түрлі елдердің) табиғи климаттық жағдайларымен түсіндіріледі(суық және жылы климат, шөл, таулы және т.б.)
Ауыл шаруашылығына пайдалы жердің динамикасына толып жатқан процестер өз әсерін тигізеді: ғылыми -техникалық прогрестің шапшаң қарқыны, урбанизацияның өсуі, қолайсыз табиғи факторлар, жаңа территорияларды игеру, аграрлық жер құрылымының өзгеруі және т.б. Өнеркәсіптердің, инфрақұрылымның және қалалардың дамуы пайдалы жердің көбісін кәсіпорындардың, су электр станцияларының, кен өнеркәсіптері объектілерінің, көлік коммуникациясының, тұрғын үй массивтерінің және т.б.иеленуіне алып келеді. Сонымен бірге жердің көп бөлігінің су және жел эрозиясына ұшырауы, шаң бұрқасынның, сай-салалардың, қуаншылықтың пайда болуы, жердің сортаңдануы, батпаққа айналуы жер ресурстарының кемуіне және олардың құнарлығынан айырылуына әкеп соқтырады.
Жер жағдайының нашарлауы ауыл шаруашылық жұмыстарының қарқының ұдайы арттыруға, жерге салынатын салмақты күрт өсіруге ықпал етіп отыр. Ауыл шаруашылығында қуатты машиналарды, тыңайтқыштар мен ұлы химикаттарды пайдалану күннен- күнге артып келеді,оның үстіне аграрлық техниканың күрделі құрылымы да жер жағдайын қиындатады. Осылардың салдарынан жерге шектен тыс салмақ түсіп отыр.
Көптеген дамыған елдерде ауыл шаруашылығына жарамды жердің көлемі тарылып барады. Мәселен, АҚШ-та пайдалы жердің көлемі 1960 ж 540млн га-дан 1990жылы 492 га-ға дейін, ал Жапонияда 7-ден 5,6 млн га-ға дейін, Францияда 39-дан 35 млн га-ға дейін, ГФР-да 14-тен 12млн га-ға дейін, Италияда 22-ден 20млн га-ға дейін кеміген. Халық санының өсімінде бұл өнеркәсіптердің, көліктің, қалалардың өсу есебінен жердің орташа қамтамасыз етілу деңгейінің төмендеуіне әкеледі. Бүгінгі таңда халықтың жан басына орташа есеппен 0,28 га егістік жерден келеді екен. Жекелеген елдер бойынша: жан басына шаққанда ТМД-да 0,81, АҚШ-та 0,63, Қытайда-0,16, ГРФ-0,15, Ұлыбританияда-0,13, Жапонияда-0,04 га-дан келеді екен.
Әлемде қосымша пайдалануға болатын алаңдар бар, бірақ олардың сапасы төмен, өйткені ауыл шаруашылығына қажетті шұрайлы аландар бос емес, әрі бұл алаңдардың көлемін кеңейтудің мүмкіндіктері шектеулі.
Ауыл шарушылығына жарамды жерлердің жетіспеушілігін ,оны қарқынды пайдалануымен,оның өнімділігін арттыру арқылы бұл олқылықтың орнын толтыруға болады. 1987 жылы дәнді және дәнді-бұршақты дақылдың өнімділігі АҚШ-та 47 га\центнерді, дамыған еуропалық елдермен Жапонияда 50-60 га\центнерді, Шығыс Еуропа елдерінде 40-50 га\центнерді, Қытайда-39 га\центнерді, Аргентинада-22 га\центнерді, Бразилияда-16 га\центнерді, Үндістанда-13 га\центнерді, ал КСРО-да 1,8 га\центнерді құрады.( Т.С.Хачатуровтың келтірген мәліметі бойынша алынып отыр).
Тұтастай алғанда ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру өсіп келеді. Мәселен, 1950 жылы дәнді және дәнді-бұршақты дақылдан 700 млн теңге, ал 1987 жылы 1848 млн теңге жиналды. Индонезия, Тайланд, Бангладеш, Филиппин, Мексика секілді елдердегі «Жасыл революцияның» нәтижесінде
астық,күріш жиын-теріні көп артқан.Бұл елдерде ауыл шаруашылығын,селекцияны(іріктемені) және түсімділікті үйіп-төгіп мол етіп беретін тыңайтқыштарды қолдануы,топырақты құнарландыру мәдениетін атттыруды қарқындандыру жөніндегі,сондай-ақ тракторларды және басқа да машиналарды пайдалану бойынша шаралар қабылданды («Сұр революция»).Ауыл шаруашылығын қарқындандыру көп шығынды қажет етеді.Тағамның қосымша құнарлығына қол жеткізу үшін өндірісіке шамамен 10 ккал жұмсау керек, тыңайтқыштар, ауыл шаруашылық машиналары қажет және олар жұмыс істеуі тиіс, меморацияны (топырақты күтіп-баптау жиынтығы) және тағы басқа орындау керек.
Қазіргі заманғы ауыл шаруашылық ғылымы мен техникасы топырақ құнарлығын қазқалпында сақтайтын, тіпті оны арттыратын мүмкіндіктерге ие. ГФР,Франция елдерінің ауыл шаруашылық өндірісінің жағдайына жоғары баға беруге болады:екі ел астық бойынша да, жүзім бойынша да, өндірістік мүмкіндіктерді толық пайдаланады, бұл елдердегі топырақ құнарлығын жоғалтпаған.
Дамыған елдерде ауыл шаруашылығын химияландыру, минералдың барлық түрі, пестицидтер,гербицидтер және тағы басқа кеңінен қолданылады. 1 га егістікке Франция 300 кг-нан Нидерландияда 800 кг-ға дейін,Жапонияда шамамен 400 кг-ға дейін, АҚШ-та 110 кг-ға дейін,Канадада 56 кг-ға дейін тыңайтқыш қолданылады.Дегенмен мазмұны пайдалы заттармен өсірілген ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасына көптеген тұтынушылардың көңілдері толмайтынын айта кету керек.Көптеген жағдайларда тұтынушы бағасы қымбат болса да сапасы жоғары, химиялық тыңайтқыштарынсыз өсірілген «экономикалық» ауыл шаруашылық өнімдерін артық көреді.
Ауыл шаруашылық өндірісінің көлемі бойынша АҚШ алдыңғы орында тұр.Бұған елдің қолайлы табиғи жағдайы, ұлан-байтақ жазық даласы, оңтүстіктен субтропикалыққа дейінгі біркелкі климаты, ылғалдың жеткіліктілігі өз әсерін тигізеді.
Жерді өңдеудің әдістерін жақсарту,механикаландыру еңбек өнімділігін арттырады.АҚШ-тағы ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылудың бір орнына 100 л.с. кетеді екен.Еңбек өнімділігі артқан сайын ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылғандардың саны кеміген (қазіргі таңда 3,1 млн адам немесе жалпы жұмыспен қамтылғандар санында 1,7%) .Суармалы жердің көлемі артқан – 1940жылмен салыстырғанда ол үш есеге өскен.Бұл суармалы жер 1\4-ке дейін түсім береді.Алайда егістікті суару әрдайым дұрыс жүргізіле бермейді, бұл өз кезегінде топырақ жамылғысының шайылып кетуіне, нәрлі элементтердің жоғалуына, жердің сортаңдануына әкеп соқтырады.Байлығы аз ұсақ фермерлердің жерінде жерді өңдеудің жетілдірілген әдістері жиі қолданылады, ал бұл өз кезегінде жердің эрозияға ұшырауына, бүлінуіне, құнарсыздануына әкеп соқтырады.Алайда аса ірі фермаларда қолданылатын осы заманғы техника да топырақтың сапасын жиі бұзады. Салмағы ауыр тракторлар топырақты жаншып (тығыздығын арттырады),оның құнарлығын кемітеді.Су шайып кететіндіктен минералды тыңайтқыштардың бір бөлігі өсімдіктерге сіңбей қалады деседе болады.Гербицидтер мен пестицидтер суды ластап ұсақ жәндіктердің қырылуына себепші болып отыр.
Африка,Азия және Оңтүстік Америка құрлығының дамыған елдеріндегі ауыл шаруашылық саласында үлкен кемшіліктер бар.Осы күнге дейін олар ағаштың шіріген қалдықтарын немесе олардың күлін тыңайтқыш ретінде пайдаланатындықтан, жайқалып өсіп тұрған ағаштарды немесе оларды өртеу секілді жыртқыштық әдістерді қолданып келеді. Бұл қоршаған ортаға үлкен зиян шектіреді.Орман-тоғайларда топырақтың қабаты жұқа болады, ал ондағы ағаштар оталатын болса, топырақ тропикалық нөсерден шайылып, шөлге айналады.Мал шаруашылығында да кемшіліктер орын алған.Ең үлкен кемшілік – жайылымының мал тұяғының астында тапталуына жол бере отырып, шектен тыс жаю.Мұның барлығы ауыл шаруашылығын экстенсивті жүргізудің нәтижесінде пайда болып отыр.Соңғы 100 жылда әлемдегі ауыл шаруашылығына пайданы жердің шамамен 27% -ы жарамсыз болып қалған,оның ішінде пайдалы жердің көбісі таусылудан жарамсыз болды.Әрине топырақ – қалпына келтірілетін ресурс.Сөйтсе де қарашіріктің қабаты жұқа болғандықтан оның қалпына келуі өте баяу болады әрі көп шығынды қажет етеді.
Жер ресурстарының өнімділігі мен ауданын климаттық жағдайлар да көп шектеп, тарылып отыр,ТМД-дағы 60%-дан да көп ауыл шаруашылығна пайдалы жер +5С 0 орташа жылдық температурадан төмен аудандарда кездеседі, ал АҚШ-та – 10% ғана.Жылына 700мм жауын-шашын түсетін аймақтарда ТМД-ның 1% егістігі ғана кіреді,ал АҚШ-тың 60% егістігі осы осы аймаққа жатады.Бұл факті былайша түсіндіріледі: жер ресурстарының ауыл шаруашылығына пайдалы жердің және егістің үлес салмағы бұрынғы КСРО территориясында орташа әлемдік деңгейден төмен (33%).
Ауыл шаруашылық аудандарда қолайлы агрофонмен жерді пайдалану экологиялық байланыстын шегіне жетті.Орташа есеппен алғанда ТМД бойынша егістік барлық территорияның 10%-ын, ал жыртылатын жер ТМД,Украина,Молдавия елдерінің еуропалық бөлігінің орталық аудандарында 50-80%-ды құрайды. Еуропа мен АҚШ-та өңделетін топырақ барлық алаңның 30-36%-інен аспайды.
Жер ресурстарын қолдануда қалыптасқан жағдай келешекте ауыл шаруашылығына пайдалы жердің көлемін арттыруға мүмкіндік бермейді.Ауыл шаруашылық өнімдерінің өсімін алу үшін ендігі жерде, яғни бұдан былай өзгермейтін пайдалы жер пайдаланылады.
ҚР Мемлекеттік жер комитеті бұрынғы Кеңес Одағы республикаларындағы жан басына келетін ауыл шаруашылығына пайдалы жердің көлемі туралы мынадай мәлімет келтірген (1,1-кесте)

2.2.Қазақстан Республикасында жер салығын салудың және есептеудің механизмі.


Қазақстан Республикасының жер заңына сәйкес елде жерді иелену мен жерді пайдалану ақылы болып табылады. Жерге арналған төлемдер жер салығы немесе жалгерлік төлем түрінде алынады.
Жер салығының мақсаты экономикалық әдістермен жерді ұтымды пайдалануды және жерге орналастыру бойынша шараларды, жерлердің құнарлығын жоғарылату, оларды қорғау, сондай-ақ территорияның әлеуметтік-мәдени дамуын жүзеге асыру үшін бюджеттің табыстарының қалыптасуын қамтамасыз ету болып табылады.
Республикада салық салу объектісі жер учаскесі болып табылады. Салық салу мақсатында барлық жерлер олардың мақсаттық тағайындауларына және келесі санаттарға жатуына байланысты қарастырылады: ауыл шаруашылық жерлері; елді мекендер жері; өнеркәсіп жерлері; көлік, байланыс, қорғаныс пен басқа да ауыл шаруашылық жерлері; орман мен су қорларының жерлері, жер қорлары.
Салық салу объектілеріне кірмейтіндер:
1) елді мекендердің ортақ пайдаланатын жер учаскелері;
2) мемлекеттік автомобиль жолдарының желісімен қамтылған, ортақ қолданыстағы жер учаскелері;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша консервациядағы (бұзылудан сақталған) объектілер астына қамтылған жер учаскелері;
4) Инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін иелікке алынған және пайдаланылатын жер учаскелері.

Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының территориясында иеліктерінде немесе пайдалануында жер учаскелері бар жеке және заңды тұлғалар болып табылады.


Жер салығының мөлшері жер учаскесінің сапасына, орналасуына және сумен қамтылуына қарай анықталады және жер иеленушінің немесе жер пайдаланушының шаруашылық немесе басқа да қызметінің нәтижесіне тәуелді емес және жер ауданының бірлігіне жыл сайынғы бекітілген төлемдер түрінде белгіленеді. Жер салығы төмендегілердің негізінде есептелінеді:
1) меншікке құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын, тегін уақытша жер пайдалану құқығын куәландыратын құжаттар;
2) жер ресурстарын басқару бойынша уәкіл етілген органмен жерлердің әр жылдың 1 қаңтарындағы жағдайы бойынша мемлекеттік мөлшерлік пен сапалық есебінің мәліметтері.
Жер учаскесіне құқығын куәландыратын құжаттар болмаған жағдайда пайдаланушының жер салығын төлеуші ретінде мойындауының негізі сондай учаскені нақты иеленуі мен пайдалануы болып табылады.
Негізгі мөлшерлемелер заң органдарымен бекітіледі және олармен Қазақстан Республикасының Үкіметімен ұсынуы бойынша шаруашылық ету шарттарының өзгеруіде қарастырылады.
Әр түрлі санаттағы жерлер бойынша салық салудың негізгі ұстанымдары келесілерге келтіріледі.
Ауыл шаруашылық негіздегі жерлерге жер салығының негізгі мөлшерлемелері 1 гектар есебінде белгіленеді және Қазақстан Республикасының Салық Кодексіне сәйкес топырақ сапасы (белдеулерге,топырақ түрлеріне және баға ұпайына байланысты) бойынша сараланады.
Жеке тұлғаларға жеке қолғабысшы шаруашылықпен, бақташылықпен және саяжай құрылысымен айналысуға, оған қоса құрылыстармен қамтылған жерлер негізіндегі ауыл шаруашылық жерлеріне негізгі мөлшерлемелер келесі мөлшерлерде белгіленеді:
- 0,5 гектарға дейінгі аудан кезінде - әр 0,01 гектар үшін 20 теңге;
- 0,5 гектардан асатын ауданға - әр 0,01 гектар үшін 100 теңге.

Елді мекендер, өнеркәсіп, ерекше қорғалатын табиғи территориялар, ауыл шаруашылық мақсатында пайдаланылатын орман мен су қорлары жерлерінің құрамына кіретін жер учаскелеріне Қазақстан Республикасының Салық Кодексімен белгіленген негізгі мөлшерлеме бойынша салық салынады.


Жер туралы заңдармен жерге төлемдер алу бойынша жеңілдіктер белгіленген.
Салық салуға жер қорлары және әдетте, ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың жерлері, орман мен су қорларының жерлері, жер қорлары жатпайды.
Жерге төлемдерден келесілер босатылады:
1) фермерлік шаруашылықтар үшін арнайы салық режімі таралатын, қызметте пайдаланылатын жер учаскелері бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілер;
2) мемлекеттік мекемелер;
3) салық салулары Салық Кодексінде анықталған салық режімінің екінші үлгісі бойынша жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдаланушылар;
4) қылмыстық жазаларды атқару саласында уәкіл етілген түзетуші орган мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары;
5) діни бірлестіктер.
Жер салығын төлеуден азаматтардың кейбір санаттары босатылған:
а) Ұлы Отан соғысының қатысушылары және оларға теңестірілген тұлғалар, мүгедектер, сонымен қатар, бала кезінен бастап мүгедектің ата-анасының бірі:
- тұрғын үй қорымен, сондай-ақ, құрылысымен және ғимаратымен бірге қамтылған жер учаскелері; үй алдындағы жер учаскелері;
- жеке қолғабысшы шаруашылықпен, бақташылықпен және саяжай құрылысымен айналысуға, оған қоса құрылыстармен қамтылған жер учаскелері; гараждармен қамтылған жер учаскелері бойынша;
б) «Батыр-Ана» атағын алған, «Алтын Алқа» алқасымен марапатталған көп балалы аналар- тұрғын үй қорымен, сондай-ақ, оның құрылыстары және үй алдындағы жер учаскелері бойынша.
Жер салығы мен төлеушілерді есептеу жыл сайын жер ресурстарын басқару бойынша уәкіл етілген органмен жерлердің әр жылдың 1 қаңтарындағы жағдайы бойынша жүргізіледі.
Салықты есептеу әр жер учаскесі бойынша жеке-жеке салық базасына сәйкес салық мөлшерлемесін қолдану жолымен жасалады.
Жер салығы егер басқа түрлері Салық Кодексімен белгіленбесе, айдан бастап, келесі ай сайын салық төлеушіге жер учаскесін көрсеткенше есептеледі. Жер учаскесін пайдалануға және иелену құқығы тоқталған жағдайда жер салығы жер учаскесін нақты пайдалану кезеңіне есептеледі.
Жер салығын төлеу жер учаскесінің орналасу орны бойынша бюджетке салынады.
Салық жылы ішінде елді мекенді бір қоныс санатынан басқасына аудару кезінде жер салығы ағымдағы жылда салық төлеушілерден осы елді мекендер үшін бұрын белгіленген мөлшерлемелер бойынша, ал келесі жылы жаңа қоныс санаты үшін белгіленген мөлшерлемелер бойынша алынады.
Елді мекенді тарату кезінде және оның территориясын басқа елді мекеннің құрамына қосқанда таратылған елді мекен аймағында жаңа мөлшерлеме жылдан бастап, келесісінде тарату болған жерге жылдан кейін қолданылады.
Салық төлеушілермен иеленіп отырған жер учаскелерінің баға (бонитет) ұпайын анықтауға мүмкіндік болмағанда жер салығының мөлшері жақын орналасқан жерлердің баға ұпайынан шыға отырып анықталады.
Жалпы үлестік меншіктегі салық салу объектісі бойынша салық олардың осы жер учаскесінің үлесіне пропорционалды есептелінеді.
Заң тұлғалары ауыл шаруашылық өнімін өндірушілер үшін арнайы салық режімінде бюджеттермен есептеулерді жүзеге асырушы заң тұлғаларының жер салығын төлеу реті Салық заңдарымен белгіленген.
Қорғаныс қажеттіліктеріне берілген жерлерге салық алу реті Қазақстан Республикасының Үкіметімен анықталады.
Заң тұлғалары жер салығының сомасын салық базасына сәйкес салық мөлшерлемесін қолдану жолымен өз бетімен есептейді. Заң тұлғалары салық кезеңі ішінде жер салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеуге және төлеуге міндетті.
Ағымдағы төлемдер сомасы тең үлестермен ағымдағы жылдың 20 ақпаннан, 20 мамырдан, 20 тамыздан, 20 қарашадан кешікпей төленуі керек.
Қайта құрылған салық төлеушілер үшін ағымдағы төлемдерді төлеудің бірінші мерзімі кезекті мерзім, ал келесісі салық төлеушінің пайда болу күнінен кейін төлеу болып табылады. Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін құрылған салық төлеушілер Салық Кодексінде қарастырылған ағымдағы салық кезеңінің мерзімі үшін салық сомасын төлейді.
Ағымдағы төлемдер мөлшері салық кезеңінің басында бар салық салу объектісі бойынша салық базасына сәйкес салық мөлшерлемелерін қолдану арқылы анықталады.
Салық кезеңі ішінде салық міндеттемелерінің пайда болуы кезінде салықтың ағымдағы сомаларын төлеудің бірінші мерзімі жер салығын төлеу бойынша салық міндеттерінің пайда болу уақыттан жалғасатын Салық Кодексімен белгіленген кезекті мерзім болып табылады. Заңды тұлғалардың салық салу объектісін пайдалануға немесе жалға беруі кезінде салықтың ағымдағы сомаларын төлеудің бірінші мерзімі салық салу объектілерін пайдалануға немесе жалға берген күннен кейін жалғасатын кезекті мерзім болып табылады. Салық міндеттемелері соңғы мерзімнен кейін пайда болған жағдайда ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы есептеуі мен салық сомасын төлеу салық кезеңіне декларацияны көрсетудің мерзімі келгеннен кейін 10 жұмыс күн ішінде өндіріледі.
Салық кезеңі ішінде жер салығы бойынша міндеттемелердің өзгеруі кезінде ағымдағы төлемдер жер салығын төлеудің алдағы мерзімі бойынша салық міндеттемелерінің тең үлестермен өзгеруінің сомасына түзетіледі.
Құқықты беруші тұлғаның жер учаскесін иеленудің нақты кезеңінде төлеуге жататын салық сомасы бюджетке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге дейін немесе дәл сол сәтте енгізілуі керек. Мұндайда алғаш рет төлеушіге ол беретін жер учаскесі ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан айдың басына дейінгі есептелген салық сомасы ұсынылады. Келесі төлеушіге салық органдарымен бағытталған жер салығының есептелген сомасы туралы хабарламада жер учаскесіне құқығы пайда болған, ай басынан бастап кезеңге есептелген салық сомасы көрсетіледі.
Жер учаскесіне құқықты мемлекеттік тіркеу кезінде салықтың жылдық сомасы екі жақтың бірінің бюджетіне салынуы мүмкін (келісім бойынша). Әрі қарай жер учаскесіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу кезінде төленген салық сомасы екінші рет төленбейді.
Салық төлеуші соңғы есептеуді жасайды да, салық кезеңіне декларацияны ұсыну мерзімі келгеннен кейін он жұмыс күні ішінде жер салығын төлейді. Бұл ауыл шаруашылық өнімін өндірушілер үшін арнайы салық режіміндегі бюджетпен бірге есептеулерді жүзеге асыратын заңды тұлғаларға, көрсетілген арнайы салық режімі таралатын қызметте қолданылатын жер учаскелеріне таралмайды.
Бірнеше салық төлеуші пайдаланатын, ғимараттар, мекемелер орналасқан жер учаскелері үшін жер салығы жеке-жеке әр салық төлеуші бойынша, өздерінің қолданысындағы ғимараттар мен мекемелердің ауданына қарай пропорционалды есептеледі.
Заңды тұлға тұрғын үй қорының құрамында бар жылжымайтын мүлік алған жағдайында жер салығы, тұрғын үй қорымен, сондай-ақ, оның кестеде белгіленген ғимараттарымен қамтылған жерлерді қоспағанда, елді мекендер жерінің базалық мөлшерлемесі бойынша есептеледі.
Жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлерді, жеке нотариустарды, адвокаттарды қоспағанда) төлейтін жер салығын есептеу сәйкес салық мөлшерлемесі мен салық базасынан шыға отырып, 1 тамызға дейін салық органдарымен есептелінеді. Салық кезеңі ішінде салық салу объектісіне құқықтарды басқаға беру жағдайында салық сомасы Салық кодексінің ережелері арқылы есептелінеді.
Жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлерді, жеке нотариустарды, адвокаттарды қоспағанда) жер салығын бюджетке ағымдағы жылдың 1-ші қазанына дейін төлейді.
Жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар өз қызметінде пайдаланылатын жер учаскелері бойынша жер салығын Салық кодексімен заң тұлғалары үшін белгіленген тізімде есептелініп, төленеді.
Жер салығын есептеудің және төлеудің салық кезеңі күнтізбелік жыл болып табылады. Егер ұйым күнтізбелік жыл басталғаннан кейін құрылса, онда ол үшін бірінші салық кезеңі оның құрылған күнінен күнтізбелік жыл біткенге дейінгі кезең болып табылады. Мұндайда ұйымның құрылу күні оның уәкіл етілген органда мемлекеттік тіркелу күні болып саналады.
Заңды тұлғалар (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар салық салу объектілерінің орналасу орындары бойынша салық органдарына жылдың 31-ші наурызына дейін жер салығы бойынша декларация, сонымен қатар, салық кезеңіндегі ағымдағы төлемдер есептеулері ұсынылады.
Жер салығы бойынша ағымдағы төлемдер есептеулері ағымдағы салық кезеңінің 15 ақпанына дейін ұсынылады. Қайта құрылған салық төлеушілер, ағымдағы төлемдерді төлеудің ақырғы мерзімінен кейін құрылған салық төлеушілерден, басқалары ағымдағы төлемдер есебін салық төлеушінің мемлекеттік тіркеуінен кейінгі айдың 15-ші жұлдызына дейін ұсынуы керек.
Салық кезеңінің ішінде жер салығы бойынша салық міндеттемелерінің өзгеруі кезінде ағымдағы төлемдер есебі салық салу объектілерінің 1-ші ақпандағы, 1-ші мамырдағы, 1-ші тамыздағы және 1-ші қарашадағы күйлері бойынша ағымдағы салық кезеңінің 15-ші ақпанына, 15-ші мамырына, 15-ші тамызына және 15-ші қарашасына дейін ұсынылады.
Берілген ережелер ауыл шаруашылық өнімін өндірушілер үшін арнайы салық режіміндегі бюджетпен бірге есептеулерді жүзеге асыратын заңды тұлғаларға, көрсетілген арнайы салық режімі таралатын қызметте қолданылатын жер учаскелеріне таралмайды.
1999 жылдың 16 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік табыс(кіріс) Министрлігінің Бұйрығымен бірыңғай жер салығының қаражатына есептеу реті мен төлеу туралы нұсқау бекітілді (ары қарай нұсқау).
Берілген нұсқау жеке меншігінде жер учаскелері немесе жер пайдалануға құқығы бар фермерлік шаруашылықтарының бірыңғай жер салығының қаражатына есептеу мен төлеу ретін белгілейді.
Фермерлік шаруашылық (әрі қарай - шаруашылық) дегеніміз ауыл шаруашылық өнімін өндіруге, сонымен қатар осы өнімді қайта өңдеуге және өткізуге арналған ауыл шаруашылық мәндегі жерлерді пайдалану жеке кәсіпкерлікті жүзеге асырылуымен тығыз байланысты тұлғалардың отбасылық (жанұялық)- еңбектік бірлестігі.
Шаруашылық субъектілері кәсіпкерлік қызметпен заң тұлғасының білімінсіз айналысатын жеке кәсіпкерлер, яғни жеке тұлғалар болып табылады.
Шаруашылық басшысы шаруашылықтық ұйымдармен, азаматтармен, мемлекеттік органдармен қатынастарындағы мүдделерін білдіріп, шаруашылық атынан заңмен тыйм салынбаған азаматтық құқықтық мәмілелерді жүзеге асырады.
Бірыңғай жер салығын төлеушілері жеке меншігінде жер учаскелері немесе жер пайдалануға құқығы бар шаруашылықтар болып табылады.
Шаруашылықтар төмендегі салық түрлерінің төлеушілеріне жатпайды:
1) өзінің өндірісіндегі тауарларды өткізуден келетін кірістері бойынша алынатын табыс салығы;
2) жер салығы;
3) өзіне меншікті өндірісіндегі тауарларды өткізу айналымы бойынша қосымша құн салығы;
4) Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген көлік қажеттілігінің нормативтерінің шегіндегі транспорттық құралдарға арналған салық;
5) Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген мүлік қажеттілігінің нормативтерінің шегіндегі мүлік салығы;
Бірыңғай жер салығын салу объектісі Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген ретте анықталатын, жеке меншік қолындағы немесе жер пайдалану құқығындағы жер учаскесінің бағалау құны болып табылады.
Жер учаскесінің ( жер пайдалану құқығындағының) құның анықтау Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық Министрлігінің жер ресурстарын басқаруымен жергілікті атқарушы органдардың бастамашылығы және азаматтардың тапсыпушыға жер учаскесінің бағалау құнын анықтау Актісін беретін өтімдері бойынша Комитеттің аймақтық органдарымен шығарылады.
Бірыңғай жер салығы жеке меншіктегі немесе шаруашылықтардың жер пайдалану құқығындағы жер учаскесінің бағалау құнының 0,1 пайыз ставкасы бойынша жыл сайын төленеді.
Бірыңғай жер салығы жеке меншіктегі немесе шаруашылықтардың жер пайдалану құқығындағы жер учаскесінің бағалау құнынан шыға отырып және инфляция мен салық ставкасына түзетулерді ескере отырып, төлеушілермен есептелінеді.
Бірыңғай жер салығының сомасын есептеу үшін шаруашылық басшысы аймақтық салық органына ағымдағы жылдың 1-ші наурызына дейін келесі құжаттарды көрсетеді:
1) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
2) жер учаскесінің бағалау құнын анықтаудың актісі;
3) қолда бар мүліктердің тізімі;
4) қолда бар автокөліктердің тізімі;
5) жұмысшыларды жалдау туралы келісімдер (жеке куәлік мәліметтері адрестері, жолдау мерзімі, еңбекақы мөлшері міндетті түрде көрсетілуі керек).
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылдың 2-ші қыркүйегіндегі «Жер учаскелерінің жеке меншікке беру кезінде, мемлекетпен немесе мемлекеттік жер пайдаланушылармен жалға беру кезінде, жер учаскелері үшін төлемдердің базалық мөлшерлемелерін, сондай-ақ, жер учаскелерін жалға беру құқығын сату төлемдерінің мөлшерін белгілеу туралы» №890-шы қаулысы мынаны белгілеуді қаулы етеді:
а) жер учаскелерін жеке меншікке беру кезіндегі жер учаскелері үшін төлемдердің базалық мөлшерлемелері;
б) мемлекетпен немесе мемлекеттік жер пайдаланушылар жер учаскелерін Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес жер учаскесі бойынша есептелінген жер салығы мөлшерінде жалға беру кезіндегі төлемдердің базалық мөлшерлемелері;
Мұнда жер учаскесі үшін жыл сайынғы жолдау ақысының мөлшері жер учаскесін жалға беру кезіндегі төлемнің базалық мөлшерлемесінен 100-120 пайыз шегінде белгіленеді;
в) жер учаскелерін жалға алу құқығын жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнынан пайыз есебінде сату төлемінің мөлшері төмендегі мерзім бойынша көрсетіледі:
1) 10 жылға дейін - әр жылға 2 %;
2) 11 жылдан 30 жылға дейін – 20 % және 10 жылдан жоғары әр жыл үшін 1,5% қосылады;
3) 31 жылдан 49 жылға дейін -35 % және 30 жылдан жоғары әр жыл үшін 1% қосылады.
Берілген Қаулы жоғарыда көрсетілген жер учаскелері ақысының және жалға беру құқықтарын сату ақыларының базалық мөлшерлеме мөлшерлерін жер учаскелерін немесе жер пайдалану құқығын кепілге беру кезінде жерлерді бағалауға, сонымен қатар, оларды шаруашылық серіктестіктердің жарғы қорларына жарна ретінде немесе жер учаскесіне жалпы үлестік меншіктен меншік иесін көрсету кезінде жер үлесінің құнын анықтау үшін өндірістік кооперативтерге пай ретінде беру жағдайларында, жер учаскесінің немесе жер пайдалану құқығын қожалық етуші субъектілердің активіне қосқандағы құнын анықтағанда және жер учаскесінің құны немесе жер пайдалану құқығы екі жақтың келісімдерімен анықталуы мүмкін емес болған жағдайларда ұсынуды қаулы етеді.
Қаулы жер ресурстарын басқару бойынша уәкіл етілген орталық органға инфляцияның жалпы деңгейі мен жер рыногы мониторингісінің нәтижесі туралы мемлекеттік статистика мәліметтеріне негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне қажетінше жеке меншікке жер учаскесін беру кезінде төлемнің базалық мөлшерлемелерін нақтылау туралы ұсыныстарды енгізуді қаулы етеді.
Жер салығының 2004-2006 жылдарға болжамын есептеу кезінде негізге жер ресурстарын басқарудың облыстық комитетінің, салық комитетінің мәліметтері алынып, салық заңдарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ескеріліп, Қазақстан Республикасының «Жер туралы» заң актілерімен белгіленетін, санаттарға жатуына және қолданылу саласына байланысты базалық ставкалар мөлшерлемелер қолданылған. Жер салығы ауыл шаруашылығында
12.07.2011, 23:25
Қазақстан республикасы егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғанына да, міне он бес жылдың жүзі болды. Осы кезең аралығында салық жүйесіне көптеген өзгерістер енгізілді.Оның бастысын атап айтатын болсақ 12.06.2001 жылы 12 маусымда Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі қабылданып, ол 2002 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілді.
Қазақстан Респубикасының Салық кодексін қабылдаудағы ең негізгі ерекшеліктері және қол жеткізген жетістіктеріміз ретінде салықтарды бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден ажырата отырып, оны «ерекше тауар» түрінде қарастырылғанын атап өтуге болады.
Қазақстан республикасы Конституциясының 35-бабында, заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің барынша әрі міндеті болып табылады деп көрсетілген.
Салықтар мемлекеттің саяси және экономикалық қызметтерін қаржыландырудың негізгі көзі болып табылады, өйткені мемлекеттік бюджеттің түсімдерінің 90 пайызың салықтық түсімдер құрайды.
Бүгінгі күні салық салу және салықтардың құрылымы бүкіл әлемге бәсекеге қабілетті болуға ұмтылуға көмек көрсету үшін, тиімділік пен тұрақтылықты ынталандыруы қажет. Ол үшін салықтық реттеуді тиімді, орынды жүзеге асыратын салық саясаты болған жөн. Ауылшаруашылығынан түсетін салықтық түсімдер деңгейі төмен және де ол тек ауылшаруашылығындағы қайта өңдеуге шоғырланған. Басқа салалармен салыстырғанда ауылшаруашылығынан түскен салық соммалары минималды болып табылады. Ауылшаруашылығының салықтық төлемдері мемлекетке түсетін барлық салықтық түсімдердің шамамен 1% құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет