Реферат Тақырыбы: "Ауыл шарушалылық жерлерін тиімді пайдалану "



бет1/3
Дата14.09.2023
өлшемі96,5 Kb.
#107401
түріРеферат
  1   2   3

Реферат
Тақырыбы: “Ауыл шарушалылық жерлерін тиімді пайдалану ”
Орындаған: Матебаева Д.
Тобы: 6В05109-Биотехнология 3-курс, қазақ бөлімі

Жоспар:


  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім

  • Жер ресуртары

  • Қазақстанда пайдаланып жатқан аумақ қоры

  • Топырақ эрозиясының тигізетін залалы

  • Пайдаланылған әдебиеттер.

III. Қорытынды

Жер ресурстары – қоғамнын материалдық, мәдени жане басқа да қажеттерін қанағаттандыру үшін шаруашылық жане өзге де қызмет процесінде пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін жер. Белгілі бір жадайды сақтап үздіксіз пайдалаған жағдайда жер ресурстары қалпына келетін ресурс деп есептейді. Егістік мақсатпен пайдаланатын жер ресурстары өндеу құралы болып табылады. Жер - ең нeriзri табиғат байлығы. Ол барлық тіршілік көзі және өмip сүру ортасы. Қазip адамдар өздеріне керек қоректік заттардың 88%-iн eгiстік жерлерден, 10%-iн ормандар мен жайылымдардан, 2%- iн теңіз бен мұхит суларынан алады. Жер қорын қорғау және тиімді пайдалану сондыктан да ең негізгі, ешқашан маңызын жоймайтын өзекті мәселе. Қазақстан жер ауданы жөнінен әлемдегі тоғызыншы мемлекет. Оның жалпы жер ауданы 271,7 млн. га, оның ішіндe ауыл шаруашылық жерлері 222,3 млн. га. Жерді пайдалану бағыттарына қарап: ауыл шаруашылық жерлері, елді мекендер орналаскан жерлер, өндipic, катынас, байланыс, қорғаныс, табиғат қорғау, денсаулық сақтау, демалыс, курорттар, қорықтар, тарихи және мәдени маңызы бар жерлер, орман қорынық жерлері, су қорының жерлері, мемлекеттік қордағы жерлер болып бөлінеді. Қазақстанның жер ауданы көп болғанымен, шаруашылыққа қолайлы жерлер көп емес, егістікке жарамды жер 34,9 млн. га, барлық жердің 12,8%-i ғана. Жер қорының eдәyip бөлігінің сапасы төмен: 77 млн. га эрозияға ұшыраған; 75 млн. га сортаң жер; егістіктің басым бөлігі ылғалмен жеткілікті қамтамасыз етілмеген, 58%-тен астамы "қауіпті" (шөлейтті) аймақта орналасқан; жайылымның 69%-i шөл және шөлейтті аймақта, оның 60%-iнің жемдік қоры нашарлаған, 22%-ін тікен және басқа мал жайылымына жарамсыз өсімдіктер басқан, 15%-i эрозияға ұшыраған. Суғару жуйелерінің нашарлығынан суармалы жерлерден 23%-i сортаңдаған, 3%-i батпақтанған, 5%-iнің топырағының құнары жойылып кеткен. Жер жырту, өзінде арнасын өзгерту, т.б. шаралар нәтижесінде табиғи шабындықтардың ауданы 30%-ке кеміді. Жер қорын қорғауды және пайдалануды экономикалық тұрғыдан қарайтын болсақ, оның құндылығын, пайдалану ұтымдылығын арттыру арқылы одан алынатын өнімдерді қазіргіден едәуір кебейтуге болатынына көз жеткіземіз. Оның басты бағыттары: топырақтың құнарлығын арттыру, жерді суландыру, батпақ жерлерді құрғату, сортаң жерлердің тұздылығын азайту, эрозияға жол бермеу, бүлінген жерлерді қалпына келтіру, т,б. агрономиялық шаралар және жерді пайдалану кұрылымын жақсарту


Елбасы ағымдағы жылғы “Жа­ңа онжылдық – жаңа эконо­ми­калық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” атты Қа­зақ­стан халқына Жолдауында, алдағы онжылдықта ел дамуына бағыт­талған жаңа міндеттерді айқындап берді. Онда ел экономикасының дамуы мен оның бәсекелестікке қабілеттілігін арттырудағы негізгі табыс кілті – ұлттық экономи­каны әртараптандыруға баса назар ау­дарылды. Жолдауда әртараптан­ды­рудың басты бір сегменті ре­тін­де агроөнеркәсіптік кешенді да­мы­тудың негізгі үш бағыты атап көр­сетілді, яғни оның біріншісі – 2014 жылға аталған салада өнім­ді­лікті кем дегенде екі есе арт­ты­ру, екіншісі – елдің азық-түлік қау­іпсіздігін қамтамасыз ету, үшіншісі – экспорттық әлеуетті іске асыру. Аталмыш міндеттерді іске асы­рудағы аграрлық-индустрия­лық әртараптандыру арқылы ау­ылшаруашылық шикізатын қайта өңдеуді шұғыл арттыру, жаңа құ­рал-жабдықтар мен жаңа техно­ло­гияларды енгізу, ауыл шаруашы­лы­ғында заман талабына сәйкес, са­палы өнім өндіруге жаңа көз­қарасты қалыптастыру, сонымен қатар әлемдік тәжірибені кеңінен пайдалану – бүгінде еліміз өзді­гінен шеше алатын істер. Бұл рет­те, әрине, ауыл шаруашылығында негізгі өндіріс құралы болып са­налатын жер ресурстарын тиімді пай­далану, аталған міндеттерді іске асыруда аса маңызды рөл атқаратыны белгілі. Ашық нарықтық экономика жағдайында және әлемдік азық-түлік рыногында орын алып отыр­ған үлкен бәсекелестікте ау­ыл шаруашылығы өндірісінде же­тіс­тіктерге жету үшін де жерді ти­ім­ді пайдалану басты шарт болып та­былады. Қазіргі кезде рес­пуб­ликамыздағы ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын жерлердің жалпы көлемі 91, 7 млн. га, оның ішінде егістік жерлер – 22,5 млн. га. Бұл ретте, егістік жерлердің 70 пайызы Қос­танай, Ақмола, Солтүстік Қа­зақ­стан және Павлодар облыс­та­рында шоғырланған. Сонымен қа­тар, республика бойынша 2,1 млн. га суармалы жер бар, оның ішінде 1,4 млн. гектары егістік жер және ол негізінен (80%) Ал­ма­ты, Оңтүстік Қазақстан, Жам­был, Қызылорда және Шығыс Қ­а­зақ­стан облыстарында орналасқан. Дегенмен, Ауыл шаруашы­лығы министрлігінің Су ресурс­тары комитетінің мәліметтеріне сәйкес, 2008 жылы суармалы жер­лердің 37%-ы пайдаланылмаған. Он­ың басты себептері, көп жыл­дар­дан бері суару жүйелерінің тех­ни­калық төмен жабдықталуы, су тар­ту мен су бөлу жүйелерінің ес­кі­руі және алаптардың қайта сор­лануы топырақ сапасын нашар­латып, аталған жерлерді тиімді пайдалануға кері әсерін тигізуде. Елімізде, ТМД елдері мен бас­қа да шет мемлекеттердің заң­на­маларына сәйкес, ауыл шаруа­шы­лығы жерлерін тиімді пайдалану қатысты мәселелер негізінен екі бағытта жүргізіледі. Біріншісі, мемлекет тарапынан жерді тиімді пайдалануға қатысты жүргізілетін іс-қимылдар. Оларды мақсатына қарай үш бөлікке бө­луге болады. Олардың алғашқысы жерді тиімді пайдалануға байла­ныс­ты заңнамаларды жетілдіру. Қолданыстағы Жер кодексіне сәйкес (92-бап), екі жыл пайда­лан­баған жер учаскелері, жерді бақылау инспекциялары тарпы­нан жазбаша ескерту берілген соң, жер учаскесі тағы да бір жыл пайдаланылмаған жағдайда, сот тәртібінде жер учаскесі оның иесінен мәжбүрлеп алынады. Ал ауылшаруашылық жерлері оларды пайдалануда жер құнарлылығының едәуір төмендеуіне соғатын болса (93-бап), жер инспекциясының, талап арыз беруден үш ай бұрын, заң бұзылуын жою туралы жазбаша ескертуден кейін ғана және осы мер­зімде жер иесі заңдардың бұ­зы­луын жоймаған жағдайда сот тәр­тібімен жер учаскесі мәжбүрлеп алынуы мүмкін. Жерді пайдаланбауына байла­нысты жер учаскесін алу механизмі өте күрделі және сот процедурасын қоспағанның өзінде, жерді пайда­ланбау мерзімі үш жылға дейін со­зылады. Бұдан басқа жер құнар­лылығының төмендеуіне байланыс­ты оларды алып қою тетігі жер құ­нарлылығының төмендеуінің көр­сеткіштері заңнамалармен бел­гіленбеуіне байланысты бүгінгі күні аталған заң бұзушылық бойынша шара қолдану мүмкін емес. Осы се­бепті, агенттік тарапынан Жер ко­дек­сіне тиісті ұсыныстар әзірленіп, қа­зіргі кезде олар Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілді. Бұл ретте, жерді пайдаланбағаны үшін оларды алып қою тетігін жетілдіру және ауылшаруашылық жерлерінің ұзақ мерзімге айналымнан шығып қалуының алдын алу мақсатында, кодексте белгіленген екі жыл пай­даланбау мерзімі 5 жыл кезеңдегі екі жыл пайдаланбаған мерзімнен тұратын болады. Сонымен қатар, жер құнарлы­лығын төмендетуге байланысты көрсеткіштер Үкімет бекітетін жерді тиімді пайдаланудың тәртібі құрамында белгіленетін болады. Жер құнарлылығы көрсеткіштерін анықтау және оларға мониторинг жүргізу мақсатында Ауыл шаруа­шы­лығы министрлігінің құрамында бо­лып келген “Республикалық агро­химия қызметінің ғылыми ме­тодикалық орталығы” мемлекеттік мекемесі Үкімет қаулысымен Жер ресурстарын басқару агенттігі құрамына берілді. Келесі шара – ауыл шаруашы­лы­ғына субсидиялар беруді жүйе­лендіру. Аталған мәселе бойынша мемлекет саясатының мәні, ол ауыл шаруашылық субъектілеріне берілетін субсидияларды озық тех­но­логиялар мен сапалы ауыл ша­руа­шылық өнімдерін өндіретін жә­не жер ресурстарын тиімді пай­дала­натын субъектілерге басымдылық ретінде беруді жүйелендіру болып табылады. Соңғысы – жер пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау. Мем­лекеттің басты әкімшілік функ­цияларына жататын мем­ле­кет­тік бақылаудың негізгі мақсаты жер пайдалануда заңдылықтардың сақ­та­луын бақылау болып табыла­ды. Атал­ған функцияны агенттіктің өңір­аралық жер инспекциялары атқарады. Былтырғы жылдың қо­ры­тындысы бойынша, агенттіктің жер инспек­циялары көлемі 1,3 млн. га жерде 9 мыңнан аса пайда­ла­ныл­майтын жер учаскелерін анық­тады. Сонымен қатар, көлемі 2,04 млн. га болатын 3,4 мың жер учас­келері иесіз учаскелер ретінде есепке қойылды. Бұдан басқа, ауыл шаруа­шы­лығы мақсатындағы жерлерге қа­тысты инспекция көлемі 1,6 млн. га жерде 1,6 мың тексеріс жүргізіп, жалпы көлемі 416,3 мың га жерде 894 жер заңнамасы нормаларының бұзылуын анықтады. Тексеріс нәтижелері бойынша 894 субъекті жауапкершілікке тартылды (ау­ыл­шаруашылығына белгіленген жер­лер­ді тиімсіз пайдалану немесе мүл­де пайдаланбағаны үшін) оларға жалпы сомасы 17,9 млн. теңге айыппұл салынды және 119 жағ­дайда ескерту түрінде әкімшілік ша­р­алар қолданылды. Көлемі 41,1 мың га болатын 9 жер учаскелері бойынша сот органдарына талап-арыздар дайындалды. Аграрлық сек­тордың иелік етуші субъек­тілеріне нысаналы белгіленген ауданы 583,3 мың га жерлерді пайдалану қажеттілігі туралы 5,1 мың ескерту хаттар жіберілді. Ауыл шаруашылығы мақсатында пайда­ланылатын 480,2 мың га жерлер жер пайдаланушылардың иелігінен шығарылып, мемлекеттік меншікке қайтарылды. Жерлерді тиімді пайдалану бой­ынша мемлекет тарапынан жүр­гізілетін іс-шаралардың келесі бір бағыты, ол жер иелерінің өздері бастамашы болатын іс-қимылдар. Еліміздің заман талабына сай нарықтық экономикаға көшуіне байланысты, республикамыздағы ауылшаруашылық мақсаттағы жерлері негізінен мемлекеттік емес субъектілердің иелігіне көшкені аян. Осы себепті, ауылшаруа­шы­лық жерлерінің 98 пайызынан а­с­та­мы 207 мың шаруа қожалықтары және 7,1 мың шаруашылық серік­тес­тіктер, акционерлік қоғамдар мен ауылшаруашылық коопера­тив­­терінің иелігінде. Сондықтан да, өз иеліктеріндегі жерлерді тиімді пай­далану мен оларды қорғау аталған субъектілердің басты мүддесі мен міндеті. Ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалануда шаруашылық­тардың жер көлемі, ауылшаруа­шы­л­ық мәшинелерін пайдалану тиімділігі мен ауыл шаруашылығын өнеркәсіптік жүйеге бейімдеуге және де жаңа технологияларды енгізуге айтарлықтай әсерін тигізеді деп атауға болады. Қазіргі кезде, солтүстік өңірлер­де шаруа қожалықтарының орташа жер көлемі 400 гектардан 720 гек­тарға дейін, ал оңтүстік өңірлерде 20-дан 162 гектарға дейін құрап отыр. Сол себепті, шаруа қожалық­тары жерлерін біріктіру арқылы оларды ірілендіру, сол арқылы өн­дірісті тиімді жүргізудің тәсілдерін дамыту, өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Заңнамаларға сәйкес, мұндай бастама жер пайда­лау­шылардың еркімен жүргізіледі. Мемлекет тарапынан оларды ын­та­ландыруда экономикалық тетіктер, яғни субсидияларды беруді жүйе­лендіру арқылы, шаруашылық­тар­ды ірілендіруге және озық техно­логияларды пайдалануға екпін беру қолданылады.
Жер шарының түгелдей дерлік аймақтарында көрініс тапқан осы зардаптар адамдар тарапынан олардың қоршаған ортаны сақтауға тікелей тәуелді екндігін түсінуіне , табиғат қорғау проблемасына жауапкершілік көзқарастың қалыптасуына алып келді. Көптеген жүзжылдықтар бойы адамзат өзінің тіршілігін өндірістің қарқынды дамуымен байланыстырып, алынған өнімнің басым бөлігін өндірісті одан әрі дамытуға жұмсады. Бұдан қорытындылайтынымыз табиғат ресурстарын тиімді пайдалану және оларды сақтау, қалпына келтіру тірі табиғатты, адамды, қоршаған ортаны қорғау мәселелерінен алшақтағандығында.
Адам – табиғаттың бір бөлшегі әрі ғажайып туындысы. Адам табиғатқа тәуелді. Сондықтан өзінің өмір сүріп, өсіп-өнетін, іс-қимыл жасайтын, аяулы армандарын жүзеге асыратын ортасы, күнкөріс көзі болып табылатын табиғатқа адамның қалай болса солай емес,аялай есіркей қарауы – оның перзенттік міндеті.
Табиғаттың тілін тауып, сырын тану арқылы оны жасартып, жаңғыртуға ғылыми практикалық үлес қосқан көрнекті табиғат зерттеуші ғалым И.В Мичуриннің өзіі большевиктік желікке бой алдырып, ашқан жаңалықтарынана жалған қорытынды шығарды: « Біз табиғаттан рақымшылық күтіп отыра алмаймыз, оның бермегенін күшпен тартып аламыз » , — деп, аракідік айтылып қап жүрген пікірді одан сайын асқындырып жіберді.
Ф.Н.Реймерс бойынша «жүйелі түрде пайдаланатын немесе белгілі бір шаруашылық мақсатта пайдалануға болатын жерді жер ресурстары деп түсінеді. Жер ресурстарды төмендегідей мағынада түсінуге болады: а) егістік жер ресурстары; б) ауылдық жарамды барлық жерлерді; в) аумақтық ( территориялық ) ресурстар. Әдетте, бұл термин а) және б) мағынада түсінеді» ( Реймерс, 1990,453 бет.)
Белгілі бір жағдайды сақтап үздіксіз пайдаланған жағдайда жер ресурстары қалпына келетін ресурс деп есептейді. Егістік мақсатпен пайдаланғанда жер ресурстары өңдеу құралы болып табылады. Мұндай жағдайда табиғаттан жер ресурстары емес, оның көмегімен пайда болған өсімдік өнімдері алынады.
Жер ресурстарын пайдалануда барлық табиғи компоненттердің өзара байланысқан ықпалы айқын байқалады – жанама болып ландшафттың негізгі компоненттердің әрекеттестігін интегралды сәулелендіретін топырақ арқылы және тікелей, себебі жер бедері климаттың, сулардың, өсімдіктердің және жануарлардың сипаты ауыл шаруашылық әрекеттің нәтижесіне тіке ықпалы бар. Сондықтан топырақты  немесе әдебиетте жиі айтылатын « топырақ–климаттық ресурстары» ауыл шаруашылық деп қарастыру бірнеше авторлар
дұрыс емес деп есептейді.
А.А. Минц бойынша ауыл шарауашылық ресурстар деп табиғи кешендерді түсінеміз, ( ландшафт, мекеннің типтері т.с.с.). Яғни, ауыл шаруашылық ресурстардың бас қасиеттері табиғи территориалдық кешеннің қалыптасу заңдылықтарымен анықталады. Осыған байланысты жерді шаруашылықта пайдаланудың географиялық айыпмашылықтар пайда болады.
Құнарлық немесе биологиялық өнімділік ауыл шаруашылықта пайдаланатын жердің негізгі қасиеті болғандықтан табиғи шарттанған өнімділік деңгейіндегі географиялық айырмашылықтарды анықтау негізгі орын алады.
Жердің бас қасиеті, оны пайдаланудағы әмбебаптылығында. Себебі адамның іс–әрекетінің барлық түрлері жер пайдаланумен байланысты, жер еңбектің предметі және еңбектің жалпы құралы, яғни кез–келген материалдық өндірістің қажетті шарты.
Пайдаланудың белгілі бір түрлері арасында, жер бөлістірудің әлеуметтік, экономикалық факторлармен анықталатын стихиялық немесе жоспарлы механизм қалыптасуының алғышарттары болып территорияның шектелуімен ауыспашылығы, оны пайдаланудың көптеген түрлерінің бір–бірін жоққа шығаратындық сипаты болып табылады.
Әдетте пайдаланатын ауыл шаруашылық дақылдардың түрлері ондай көп емес, себебі дақылдардың түрлері әрбір ауданда экономикалық және басқа да себептер бойынша ауыл шаруашылық бағытымен таңдалады, бірақ уақыт бойы қатты өзгеруі мүмкін. Таралу аймақ шегінде дақылдардың өнімділігіндегі үлкен географиялық айырмашылықтар, осындай таңдауға әсер ететіні негізгі факторлардың бірі. Дақылдардың әртүрлі экологиялық талаптарының себебінен әрбір дақылдың өнімділігінің айырмашылық сипаты ерекше болады.
Жердің әрбір түрінің өнімділігінің айырмашылығына, онда егілетін жеке бір дақыл егудің экологиялық тімділігі, сонымен бірге жалпы ауыл шаруашылық өндірістің тиімділігі тәуелді.
Қазақстан аса зор жер қорына ие. Егістікке жарамды жердің жалпы ауданы 2001 жылдың 1 қаңтарында 30,2 млн. га болды. Жайылымдық және шабындық жерлер 190 млн. гп. Республикамыздағы жайылымдық жерлердің негізгі бөлігі шөл және шөлейт зоналарында жатыр.
Ландшафтардың шөлге айналуы. Шөлді экожүйелердің жоғарғы температурада дамуы қазіргі уақыттың глобальды проблемасы. Шөлге айналу себептері: табиғи және антропогендік . Қазақстанда шөлдер мен шөлейттердің биологиялық өнімділігінің кему себептері антропогендік әрекет: жайылымдар дигродациясы,топырақтың тұздануы , техногенез болып табылады. Қазақстан территориясының 60% жуығы шөлге айналу процестерін өткеруде.
Топырақ жер ресурстарының дегредациясы.Топырақ жер ресурстарын қорғау проблемасы Жердің көптеген региондары үшін актуалды болып табылады. Қазақстанда Солтүстік Қазақстан далалық зоналарының топырақ эрозиясы мен дегулификациясы (өнімділіктің кемуі) неғұрлым үлкен қауіп төндіруде
Топырақтың эрозияға шалдығуы өте қатерлі, зиянды құбылыс. Латын тілінде эrosio-бүліну деген мағынаны білдіреді. Топырақ эрозиясы деп оның бұзылып, үгіліп желмен ұшуын немесе сумен шайылуын айтамыз.
Жер шарының көптеген елдерінде (АҚШ, Қытай, Үнді, Италия, Ресей және т.б.) топырақтың эрозияға шалдығуы жиі байқалады. Мысалы АҚШ-та кейінге 150 жыл ішінде 100 млн гектар егістікпен жайылымдар эрозияға қатты шалдығып істен шыққан. Ал ТМД елдерінде 110 млн.га ауыл шаруашылығы жерлері, соның ішінде 64 млн.га егістік жер, жел және су эрозиясына шалдыққан. Қазақстанда жел және су эрозиясына шалдыққан және оларға шалдығу қауіпі жоғары болып келетін жер ауданы 126 млн. гектардан асып түседі.
Эрозияға іліккен топырақтың құнарлығы төмендейді, кейде ол біржола жойылып кетуі мүмкін. Мысалы, жел эрозиясына орташа дәрежеде шалдыққан топырақтан әр гектарға шаққанда 600 кг жалпы азот, 108кг жылжымалы фосфор, 105кг калий шығын болады (Е.Жамалбеков, Р.Білдебаева, 2004). Эрозиямен бүлінген топырақтың биологиялық өнімділігі 35-70%-ға дейін кемиді. Топырақ құнарлылығының төмендеуінің себебі эрозияға шалдыққан жерде оның ең үстінгі қабатында майда, элементтерге бай бөлшектер азайып, қарашірінді қабатының қуаты (қалыңдығы) кемиді. Сонымен бірге бұл топырақтардың физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттері де нашарлайды.
Ғалымдардың есептеулері бойынша 1см құнарлы топырақ қабаты қалыптасуы үшін табиғи жағдайда 300-600 жыл уақыт қажет. Ал эрозияға іліккен топырақтың 1см қабаты бірнеше сағатта жойылып кетуі мүмкін.
Топырақтың эрозияға шалдығуының зардабы тек қана ауыл шаруашылығына зиянды емес. Ол сонымен бірге басқа да халық шаруашылығы салаларына, табиғатқа, адам денсауығына кеселін тигізеді. Мысалы желмен ұшқан немесе сумен шайылған топырақ өзендер, көлдер немесе су қоймалары түбіне шөгіп, олардың саяздануына, су құрамында биогенді элементтердің молайып, олардың балдырлар және өсімдіктермен ластануына соқтырып, батпақтану үдірісінің жүруіне ықпал жасайды. Эрозия құбылысының өнімдері автокөлікпен темір жол торабтарын, ғимраттарды, пайдалы жерлерді басуы ықтимал. Су эрозиясы әсерінен пайда болған жыралар мен сайлар да халық шаруашылығына үлкен нұсқан келтіреді. Жел эрозиясы әсерінен топырақтың шаңы ауаны ластап, адам денсаулығына зиянын тигізеді.
Топырақтың бұзылып, жойылуына басты ықпал етуші факторына байланысты топырақ эрозиясы екі түрге бөлінеді. Олар жел эрозиясы (дефляция) және су эрозиясы. Қарқынына байланысты геологиялық және жеделдетілген (қарқынды) эрозия түрлеріне бөлінеді.

Геологиялық эрозия-табиғи өсімдік жамылғысы бар жерде, баяу үдірісте жүретін, топырақтың майда бөлшектерінің желмен ұшуы немесе сумен шайылуы. Осы жағдайда шығын болған топырақ мөлшері табиғи топырақ түзілу процесі әсерінен қайтадан толықтырылады. Сондықтан бұл эрозия түрі зиянды емес. Ал жеделдетілген эрозия адам әрекеті әсерінен туындайды. Адамдар табиғи өсімдіктер жамылғысын жойып, топырақты жыртып қарқынды өңдегінде, мал жайылымдарын жөнсіз, жүйесіз пайдаланғанда табиғатқа зиянды топырақтың жеделдетілген эрозиясы пайда болады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет