NDVI (нормаланған дифференциалды вегетациялық Индекс) — өсімдіктердің нормаланған салыстырмалы индексі — фотосинтетикалық белсенді биомасса мөлшерінің қарапайым көрсеткіші (әдетте вегетациялық индекс деп аталады). Бұл индекс өсімдіктердің спектрдің қызыл және жақын инфрақызыл сәулелерін сіңіруі және шағылыстыруы арқылы есептеледі. Өсімдіктерге арналған индекс мәндері 0,20-дан 0,95-ке дейін. Вегетациялық кезеңде өсімдіктер неғұрлым жақсы дамыған болса, NDVI мәні соғұрлым жоғары болады. Осылайша, NDVI-вегетациялық кезеңде өсімдіктердің жасыл массасының дамуын бағалауға болатын индекс.
Бұл индекс ауыл шаруашылығында көптеген мәселелерді шешу үшін белсенді қолданылады
Индексті есептеу үшін тек 2 каналдағы снимоктарды пайдаланамыз: B08 және B04 Формуласы: ArcMap-та: (B08-B04)/(B08+B04) Яғни, NIR (B08) бұл - жақын инфрақызыл сәулесі диапазонындағы снимок
RED (B04) – қызыл диапазондағы снимок
NDVI индексін шығару үшін бізге керек ресурстар мен бағдарламалар:
Landsat немесе Sentinel снимоктары (практикада Sentinel мен жұмыс жасадық)
ArcMap немесе Qgis бағдарламалары (бізде АркМап)
Жұмыс реті: Снимок жүктеп аламыз.
Ол үшін интернет ресурстарын пайдаланымыз. Біз earthexplorer.com сайтынан бізге қажетті аймақты белгілеп, қажетті даталар аралығындағы бір бұлтсыз күнде түсірілген Сентинел снимоктарын алдық. Біз жүктеп алған папканың ішінде 14 jp2 форматындағы снимоктар бар. Біз тек 2еуін пайдаландық: B08 және B04. Снимокты өңдейміз (обработка снимка)
Снимокты өңдеу үшін АркМап бағдарламасын ашып, B08 және B04 снимоктарын қосамыз.
Арктулбокс – Спэшл анализ – Алгебра карт – Калькулятор растра командасын орындап, есептейміз: Float(B08-B04)/(B08+B04).Сақтайтын папкасын NDVI деп сақтаймыз. ОК.
Түс береміз
Алынған нәтижедегі сурет серый түсте болады, сондықтан оған түс береміз. Дайын болған слой свойствасына кіріп, символыдан түстер палитрасынын қажетті түстерді таңдаймыз. Біздің жұмыста қызылдан жасылға қарай таңдалған болатын.
Қорытынды: Соңында зерттеліп отырған аумақ бойынша бір күнгі вегетациялық индексі есептелген, қорытынды снимок аламыз.