Жерді қашықтан зондтау саласының даму тарихы


Электромагниттік толқындар түрлері және олардың қасиеттері



бет8/75
Дата20.12.2023
өлшемі11,81 Mb.
#141386
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   75
Байланысты:
Ғарыштық түсірілімдерді дешифрлеу негіздері пәні бойынша емтихан сұрақтары 2022 (1)

9. Электромагниттік толқындар түрлері және олардың қасиеттері


Электромагниттік толқындар — байланыс тізбегін құрайтын екі сымның арасындағы электрлік және магниттік өрістер бір-бірімен белгілі бір электромагниттік энергия мөлшерінде байланыста болатын толқын.
Электромагниттік толқындар шкаласы (v < 1021 Гц) төменгі жиілікті толқындар мен радиотолқындардан бастап, гамма сәулелерге дейінгі (v < 1021 Гц) аралықты қамтиды. Жиілік пен ұзындықтарына байланысты әр түрлі электромагниттік толқындарды шартты түрде шығарып алу және тіркеу тәсіліне, затпен өзара әсерлесу сипаты бойынша диапазондарға бөледі. Төменгі жиілікті толқындар шығару, радиотолқындар, инфрақызыл сәулелер, көрінетін жарық, улътракүлгін сәулелер, рентгендік сәулелер және \gamma - гамма шығару деп диапазондарға бөлу қабылданған.
Радиотолқындар,
терагерц толқындары,
инфрақызыл толқындар,
көрінетін жарық,
ультракүлгін сәулелер,
Рентген сәулелері
Гамма-сәулелері
Электромагниттік толқындардың қасиеттерін толқын ұзындығы 3 см электромагниттік толқын шығаратын арнайы генераторды қолданып зерттейді. Аса жоғары жиілікті генератор қоздыратын электромагниттік толқын түрінде таратқыш антеннада ось бағытымен шығарылады. Қабылдағыш антеннаның пішіні дәл таратқыш антена сияқты. Қабылдағыш антеннада кристалдық диод орнатылған, ол антеннада жиілігі жоғары айнымалы токты бір полярлы толықсыма тоққа айналдырады. Ток күшейтілгеннен кейін дыбыс қабылдағышқа немесе гальванометрге беріліп тіркеледі.
Электромагниттік толқынның сынуы
Электромагниттік толқынның сынуын парафинмен толтырылған үшбұрышты призманы пайдаланып бақылауға болады. Демек, электромагниттік толкын екі ортаны бөліп тұрған ауа-парафин және парафин-ауа шекараларынан өткенде сынған. Элеқтромагниттік толқын бір ортадан екінші ортаға өткенінде сыну заңының орындалатынын зерттеулер көрсетті.
Электромагниттік толқынның жұтылуы
Рупорларды бір-біріне қарама-қарсы қойып, олардың арасына түрлі диэлектриктер, мысалы, фанера, плексиглас және т.б. қойсақ, толқынның жұтылатынын байқауға болады. Жұтылу дәрежесі түрлі диэлектриктер үшін әр түрлі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет