Жерді қашықтан зондтау саласының даму тарихы


ЖҚЗ белсенді және пассивті жүйелері



бет16/75
Дата20.12.2023
өлшемі11,81 Mb.
#141386
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   75
Байланысты:
Ғарыштық түсірілімдерді дешифрлеу негіздері пәні бойынша емтихан сұрақтары 2022 (1)

17. ЖҚЗ белсенді және пассивті жүйелері


Энергия көзіне қатысты барлық қашықтықтан зондтау әдістері пассивті және белсенді деп бөлінеді.
Қашықтықтан зондтаудың пассивті әдістері жиі қолданылады, олар күн энергиясы объектілерінің бетінен шағылысқан немесе бетінің өз электромагниттік сәулеленуін тіркеуге негізделген. Пассивті әдістеріне тән негізгі кемшілік ауа-райы жағдайларына тәуелділік болып табылады. Сәулелену қабылдағыштарын салқындатуды қамтатамсыз ету, механикалық қорғану, түсіру ауқымының қабілетін арттыру, стереобейнелеуді алу бойынша техникалық проблемаларға байланысты кемшіліктер ЖҚЗ ОЭЖ дамуының қазіргі кезеңінде табысты шешілуде, бұл оларды зондтаудың басқа құралдарының келешегіне жол ашады.
Белсенді әдістерді қолданған кезде спутник жерге өзінің энергия көзінің сигналын жібереді (лазер, радар таратқыш және т.б.) және оның шағылысуын тіркейді. Оптикалык-электрондык зондтаудын белсенді әдістеріне оптика электрондык жуйелермен (ОЭЖ) жургізілетін тусірілістер жатады, оларда зондтайтын сигналдың сапасы ретінде лазерлік сауле (оптикалық локатор - лидар) колданылады.

18. Электромагниттік толқындардың атмосфера арқылы өтімділігі


Атмосфера заттардың қатты және сұйық бөлшектерін құрайтын газдар қоспасы болып келеді. Атмосфера арқылы электромагниттік толқындар өткен кезде, шашырау және жұтылу процестерінің нәтижесінде күн радиациясы қарқындылығының азаюы және оның диапазонының өзгерісі болады. Толқын ұзындығы 0,27 мкм кем болғанда, озонмен жұтылып, ЖҚЗ үшін пайдалануға болмайды. Оптикалық диапазондағы 0,27-3,0 мкм сәулелену (ультракүлгін, көрінетін, инфрақызыл диапазондар) атмосфера арқылы өтеді, Жер бетінде шағылысады және ЖҚЗ үшін әуе кемесінен немесе Жер серігінен пайдаланылуы мүмкін. 3,0-5,0 және 8-14 мкм екі зонадағы жылу инфрақызыл сәулелену үшін атмосфера таза (тұнық). Жердегі қалған жылу сәулесі, су буы, озон, көмірқышқыл газы, метанмен жұтылып, ЖҚЗ үшін пайдаланылмайды. Сәулелену толқын ұзындығы ұлғайған сайын, атмосфера әсері азаяды және ол микротолқынды диапазон үшін толықтай таза тұнық болады. Бұл сантиметрлік және дециметрлік ұзындықтағы толқындармен жұмыс істейтін радиолокациялық зондтау әдісінің бірден-бір тиімді диапазоны.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет