Жерді қашықтан зондтау саласының даму тарихы


Сканерлік бейнелердің параметрлері мен ерекшеліктері



бет45/75
Дата20.12.2023
өлшемі11,81 Mb.
#141386
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   75
Байланысты:
Ғарыштық түсірілімдерді дешифрлеу негіздері пәні бойынша емтихан сұрақтары 2022 (1)

41. Сканерлік бейнелердің параметрлері мен ерекшеліктері


Сканерлеуші жүйелердің негізгі параметрлар мен сипаттамалары мыналар: шолу алаңы (2, -сканерлеу бұрышы); тез арадағы алынатын бұрыштық көру аясы    МГ , олар сканердің геометриялық рұқсатын анықтайды (бұрыштық немесе сызықтық, яғни беттіктен тез арадағы алынатын бұрыштық көру аясын учаскесінің өлшемдері); сканерлеу траекториясы; сканерлеу мерзімі (Т) немесе сканерлеу жиілігі C f ; сканерлеу коэффициенті    C ; шолу алаңын шашырататын элементтердің саны   NC мен өлшемі.
Сканерлеудің мынадай түрлері ажыратылады:
1. Бір элементті жолдық-тіксызықтық сканерлеу. Сканерлеуші көлбеу жолдар мен жоғарғы жолдан төмен жолға сатылай өтетін сәулеленудің бір элементті қабылдағыштарымен жүргізіледі (4.2.1.асурет). Бір элементті сканерлеудің артықшылығы олардың қарапайымдылығы, сәулелену қабылдағышының шағын көлемдері болып табылады. Негізгі кемшілік – бұл сканерлеуді үлкен жылдамдықпен қамтамасыз ету қажеттігі. Сканерлеудің осы әдісі берілетін телевизиялық тұтқаларда жүзеге асырылады.
2. Параллель сканерлеу сканерлеудің перпендикуляр бағытына бағдарланған сәулелену қабылдағыштарының сызғышымен жүргізіледі. Сызғыш элементтерінен алынған сигналдар бір уақытта, параллель өңделеді және сканерлеудің бір мерзімі ішінде сәулелену қабылдағыштары элементтерінің санына тең бірнеше жол қаралады, бұл сканерлеу жылдамдығын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді. Сигналдарды параллель өңдеу жинақы қабылдау қондырғыларын жасауға мүмкіндік береді, оларда үйлесетін түйінде сканерлеу қолданылады, яғни ОЭЖ (шыны) сканерлеуші элементі объективтен кейін орналасады. Негізгі кемшілік – элементтердің әртүрлі сезімталдығы, бұл бейнелеу жолдары оптикалық тығыздығының әртүрлілігіне алып келеді.
3. Тізбектей сканерлеу сканерлеудің жапсарлас бағытына бағдарланған сәулелену қабылдағыш-тарының сызғышымен жүзеге асырылады. Бейнелеудің сол бір нүктесін тізбектей сызғыштың барлық элементтері қарайды, шығатын сигнал жиынтықталады және бірден-бір сигнал ретінде қолданылады. Әдістің кемшілігі параллель түйінде сканерлеу жүргізу қажеттігі болып табылады, бұл сканердің оптикалық жүйесін күрделендіреді.
4. Құрамалы паралельді-тізбектелген сканерлеу сәулелену қабылдағыштарының матрицасын қолдану арқылы жүргізіледі. Бұл жағдайдағы әрбір жол бірнеше қабылдағыштармен қаралады және бір уақытта барлық жолдар қаралады. Бұл бір уақытта жүйенің сезімталдығын, бейнелеудің біртектілігін жақсартуға және сканерлеу жылдамдығын төмендетуге мүмкіндік береді.

Қолданылатын сканер типіне байланысты табиғи ресурстық және картографиялық міндеттерді шешу үшін сканерлік зондтаудың екі түрін: оптикалық-механикалық сканерлеуді және оптикалық-электрондық сканерлеуді шартты түрде көрсетуге болады.
Оптикалық-механикалық сканерлеу ОЭЖ арқылы жүргізіледі, онда бейнелеу жолдарын құру кезінде оптикалық түйіндердің ауытқуы жылжымалы механикалық тораптардың, мысалы, айналатын айнаның көмегімен жүргізіледі. Спектрлік диапазон мен арналардың саны сәулелену қабылдағыштарының сапасымен реттеледі. Ұшу бағыты бойынша кадрды қалыптастыру орбитадағы қондырғының ілгері қозғалысы есебінен жүзеге асырылады.
Жердің табиғи ресурстарын зерттеуде алғашқы буындағы “LANDSAT” жер серіктік сериясында қолданылған "MSS" оптикалық-механикалық сканермен алынған сканерлік түсірістерде көбірек қолданылды.
Оптика-механикалық сканерлердің кемшілігі- механикалық тораптардың болуы, олар орбита жүйесінде жұмыс істеудің ұзақ мерзімі салдарынан (10 жылға дейін) істен шығады. Осы себептен ЖҚЗ табиғи ресурстық және картографиялық ғарыштық жүйелерінің келешегі бар әртүрлі елдерде оптикамеханикалық сканерлерді орнату көзделмеген. Аэроғарыштық түсіріc әдістері
Оптика-электрондық сканерлеу ОЭЖ арқылы жүргізіледі, онда сәулелену қабылдағышы ретінде ЗБҚ көп элементті сызғыштары қолданылады. Бұл басқада ғарыштық түсіріс жүйелерін ығыстыратын келешегі мол ОЭЖ. Көп спектральді түсіріс үшін әрқайсысы өз спектрін тіркейтін бірнеше ЗБҚ (зарядталған байланыс құралдары ) сызғышы қолданылады, оларды бөлу сүзгілердің көмегімен жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет