Жерді қашықтан зондтау саласының даму тарихы


Ғарыштық суреттерді дешифрлеу белгілері



бет53/75
Дата20.12.2023
өлшемі11,81 Mb.
#141386
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   75

48. Ғарыштық суреттерді дешифрлеу белгілері


Ғарыштық суреттерді дешифрлеу дегеніміз ол аэрофотосуреттердің бейнесін зертеп тану арқылы сондағы жеке объектілердің, жер беті элементтерін, олардың сандық пен сапалық қасиеттерін, сипаттамаларын анықтау. Бұл жұмыстар инженерлік ғимараттарды жобалау мен пайдалану кезіндегі техникалық және экономикалық көрсеткіштеріне әсер тигізетін барлық топографиялық, геологиялық, гидрогеологиялық және басқа да элементтер жинауға көмектеседі.
Суреттерді дешифрлеу тура және жанама жасарынды дешифрлеу белгілері бойынша қосымша картографиялық мағынасы бар материалдарды қолданылып орындалады.
Суреттерді дешифрлеу жұмыстарында бейнелердің мағыналарын ашуда кеңінен тура және жанама дешифрлеу белгілері колданылады.
Тура белгілер объектілердің қасиеттері айқын таралатын және суретте орындаушымен қабылданатын белгілер. Оларға: сырт пішіні, формасы, мөлшері, түсі мен көленкесі және тағы с.с. белгілері жатады.
Жанама белгілерде суреттен білінетін объектілердің өзара байланысты мен белгілі жеке табиғи құбылыстармен өзара себептік байланысы пайдаланады. Мысалы жер топырағының қасиеттерін анықтау үшін олардың табиғи жағдайдағы өсімдіктер жамылғымаларымен өзара байланыстарын пайдалануға болады: суреттегі жапырақты орман тоғайдың арасында қарағайлы өскен жер айқын көрініп түрса, сол жердің топырағы құм тасты деген ұйғарымға келу мүмкін. Себебі аэросуреттерде топырақ көрінбеседе қарағайлар табиғатта әдетте құмтас жерлерде өседі.

49. Цифрлық суреттерді өңдеу бағдарламалары


Аэроғарыштық деректерді өңдеу негізінен осы үшін арнайы жасалған бағдарламалық пакеттердің құралдарымен жүргізіледі. Көбінесе мұндай бағдарламалық кешендер суреттерден ақпарат алуды ғана емес, сонымен қатар оны картографиялық негізде көрсетуді, сондай-ақ ГАЖ деректерімен интеграциялауды қамтамасыз етеді.
Суреттерді өңдеуге арналған бағдарламалық өнімдер өте көп және олардың күрделілігі мен құрамына кіретін бағдарламалар жиынтығы бойынша ерекшеленеді. Жоғары деңгейлі пакеттердің ішінде біздің елімізде ЕNVІ (ITT Visual Information Solutions), ЕRDAS Imagine кеңінен таралды (ЕRDAS Inc), РСІ Geomatics (РСІ Geomatics Inc).
Бұл бағдарламалық өнімдер қазіргі уақытта бар барлық түсірілім түрлерін толық өңдеуді қамтамасыз етеді. Осы деңгейдегі бағдарламаларды игеру - бұл суреттердегі обьектілерді тану дағдыларын емес, компьютерлік сауаттылықтың жоғары деңгейін қажет етеді.
Еркін қол жетімділікте аумақты картаға түсіру және бақылау үшін қажетті суреттерді өңдеу операцияларының негізгі жиынтығының орындалуын қамтамасыз ететін бағдарламалық жасақтама кешендері бар. Визуалды дешифрлеу үшін растрлық кескінді импорттау және оған векторлық қабаттар жасау функциялары бар бағдарламаларды пайдалануға болады (мысалы, Adobe Illustrator, CorelDraw). Кейбір мамандандырылған ГАЖ кешендері, атап айтқанда ArcGIS (ЕSRI) қарапайым жарықтық түрлендірулеріне мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет