№3 (82) 2011 Ж. М. Баймұрынов бастауышсыз толымсыз сөйлемдердің танымдық-психикалық сипаты



Pdf көрінісі
Дата21.03.2017
өлшемі496,35 Kb.
#10062

      

    88


      

    89


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы 

№3 (82) 2011

Ж.М. БАЙМҰРЫНОВ 

БАСТАУЫШСЫЗ ТОЛЫМСЫЗ СӨЙЛЕМДЕРДІҢ ТАНЫМДЫҚ-ПСИХИКАЛЫҚ СИПАТЫ

The article tells about mentally-learned features of structural incomplete sentences, and they are analyzed as 

sentences without a subject. Also in article there were given examples that according to the theory of national cog-

noscibility completeness of perception of such incomplete sentences not always is dependent on a context.

Әдетте  көп  жағдайда  сөйлеу  құрылысына  талдау  жасағанда  оның  (сөйлемнің)  адам  психикасымен 

тығыз бірлікте болатындығы ескеріле бермейтіні рас. Алайда қазіргі уақыттағы өркениеттің ілгерілеуінен 

осындай қажеттіліктің бар екені анықталып, тіл білімінің бір саласы ретінде «Психолингвистика» ғылымы 

қалыптасты.  Аталған  пәннің  синтаксистегі  үнемдеу  құбылыстарының  қыры  мен  сырын  ашуда  берері 

мол екені анықталып отыр. Кез келген тілде белгілі бір нормалар жүйесі орын алады. Әр халықтың өзіне 

ғана тән дүниетанымы, қалыптасқан лингвостилистикалық ерекшелігі, соған сай сөз қолдану, қабылдау 

түйсіктерінің де нормаланып отыратыны бар. 

А.Байтұрсыновтың: «Сөйлем дегеніміз – сөздердің басын құрастырып, біреу айтқан ой. Сөйлегенде, 

жазғанда кім де болса ойын айтады. Ойын айтуға тиісті сөздерді алады да, олардың басын құрап, біріне-

бірінің қырын келтіріп, қиындастырады» [1, 263], – деп жазғанынан құрылым болсын сөз саптау мәнерінен 

келіп шығады деген тұжырымы байқалады. Демек, әр сөйлеуші ойын тыңдаушыға толық жеткізуге қабілетті 

сөздерді  ғана  таңдап,  грамматикалық  байланысқа  түсіреді.  Осы  тұста  құрылымдық  толымсыздықтың 

шартты екенін, оның сөйлемдегі ой мазмұнының бұзылуына ешбір нұқсан келтірмейтінін айта кеткен жөн, 

себебі сөйлеуші тарапынан алдын ала сарапқа салынып, таңдап алынған сөздер сөйлем бойында ақпаратты 

тасымалдаушы ретінде ой олқылығына соқтырмаса керек. 

Сонымен бірге ғалым сөйлемнің тұрлаулы мүшелеріне берген анықтамасында олардың да (тұрлаулы 

мүшелердің) сөйлем бойынан қалыс қалатын тұстарының бар екенін айта келіп: «Осындай сөйлем ішінде 

бірде  болып,  бірде  болмайтын  сөздер  немесе  керек  болған  жерде  айтылып,  керек  болмаған  орында 

айтылмай қалып отырған сөздер, жана да қалған жерде, қалғандағы ашық сезілмейтін сөздер тұрлаулы 

мүше  деп  аталады»,  -  деген  [1,  265].  Осындай  «керек  болу»  немесе  «керек  болмау»  дегендер,  түптеп 

келгенде,  адресант  пен  адресатқа  тікелей  қатысты.  Бұл  тұста  контекстің  рөлі  белсенденеді.  Кез  келген 

сөйлем  тұлғалық  және  мағыналық  жағынан  контексте  ілгерідегі  немесе  кейінгі  сөйлемдермен  тығыз 

байланысты тұрады да, ондағы ой желісі бір-біріне тізбектелуі негізінде тұтасып жатады. Демек, сөйлем 

атаулы, контекст бойынша, мағыналық және құрылымдық жағынан бір-біріне өзара тәуелді келеді. 

Осы  тұста  «керек  болу»  немесе  «керек  болмау»  ұғымы  қазіргі  тіл  біліміндегі  актуалдану  және 

актуалсыздану  терминдерімен  түсіндіріледі.  Яғни  «актуалсызданудың  негізгі  табиғаты  предикативтілік 

және  контекстік-психологиялық  сипаттағы  коммуникативтілік  категорияларынан  көрінеді»  [2,  3-4]. 

Қысқаша баяндағанда, сөйлемдегі құрылымдық толымсыздық маңызсыздану (деактулизация), мәжбүрлік, 

мәдениеттілік және логикалық сияқты құбылыс, категориялармен астасып жатады. Осы ретте үнемдеудің 

жоспарлы түрде және кенеттен пайда болатын құбылыс екендігі анықталады. Сондай-ақ ол тіл білімінің 

функционалдық  бағыттағы  прагмалингвистика,  паралингвистика,  психолингвистика,  когнитивті 

лингвистика, әлеуметтік лингвистика сынды салаларымен де біте қайнасып жатады. 

Р.Дәрменқұлова:  «Тілдік  норма  өзгермейтін,  ауыспайтын,  жылжымайтын  сала  емес.  Нормадан 

ауытқулар көп болады. ...тілде болатын ауытқулар мен өзгерістердің орын алуы заңдылық деп түсінеміз», 

- деп тұжырымдайды [3, 13]. Расында, тілдің өзгермелі келетіндігі, өзінің даму барысында араға уақыт 

салып жаңаша сипаттағы қолданыстардың пайда болатыны дау туғызбаса керек. Қандай кезеңде болмасын 

тұрақтанған әдеби тіл сол халықтың өмір сүру, даму уақытымен бірге жасасып, ондағы барлық салада 

да  қолданыс  табатынына  сүйенсек,  онда  ықшамдау  құбылысының  белгілі  мақсатқа  сай  қажеттілікке 

жауап  беретіндігі  айқындала  түспек.  Яғни  халық  дүниетанымы  мен  санасының  өсіп-өркендеуі  сөйлеу 

синтаксисіндегі құрылымдық толымсыздыққа, үнемдеу үдерісіне жол ашады. 

Толымсыз  құрылымдар,  негізінен,  бетпе-бет  сөйлесуден  көрінеді.  Коммуниканттардың  ауызба-ауыз 

тілдесуіндегі ситаксистік ерекшеліктер жөнінде ғалым Р.Әміров: «Ауызекі сөздің диалог ретінде жүруі 

репликаларды байланыстыратын синтаксистік тәсілдерден ғана көрініп қоймайды. Бұл коммуникативтік 

жағдай  сөйлемдердің  құрылысына  да  әсер  етеді»,  -  деген  [4,  6].  Синтаксистегі  осындай  үнемдеу 

заңдылығы  толық  бір  хабарды  саны  жағынан  шектеулі  сөздер  арқылы  беру  қабілетімен  ерекшеленеді. 

Осының  нәтижесінде  шағын  ғана  тілдік  элементтер  жұмсалып,  сөз  саптауға  және  оны  қабылдауға 

қолайлы  мүмкіндік  береді.  Сөйтіп,  қарым-қатынас  құралы  ретіндегі  тіл  үнемдеу  принципінің  негізінде 

коммуникативтік мақсатты жүзеге асыратын әмбебап құрал ретінде танылады. Бұл туралы Б.П.Ардентов: 

«...кейбір ұғымдар мен түсініктер ойда болғанымен, арнайы сөзбен беріле бермейді. Ойдың толықтығы 

үшін қажет болатын сөйлем мүшелері ойда бар деп есептеледі, олар алдыңғы ойдан белгілі болады немесе 

олар туралы сөз сөйлеу кездегі жағдайдан анық түсінуге болады», – дейді [5, 8.]. Орыс тіл білімінің маманы 

В.В.Бабайцеваның  да  пікірі  сол  орыс  тіл  білімі  ғалымдарымен  бірге  түркі  тіл  білімі  ғалымдарының 

көзқарастарымен ортақтас. Мәселен, оның тұжырымы да жоғарыдағы ғалымның пікіріне сай, бұл орайда 

зерттеуші «толымсыз құрылымның негізгі белгісі – сөйлемде берілуге тиісті ойдың сипатын өзгертпей-ақ, 

оның құрамына ене алатын сөздің контексте болуы» дегенді айтады [6, 23]. 

Ендеше мұнан адресанттың сөйлер алдында қатысымдық тұлға ретінде тілдік тұлғалардың қайсысы 

маңызды  (актуалды)  немесе  қайсысы  маңызсыз  (актуалсыз)  екендігін  бағдарлап  алатындығы  шығады. 

Бұл мәселе орыс тіл білімінде «бақылау» (наблюдение) әрекетімен түсіндіріледі [7, 4]; [8, 139]. Яғни бұл 

тұста бақылаушылық, біздің ойымызша, адресантқа да, адресатқа да тән. Адресант сөйлем мазмұнын ба-

рынша айқын беруге, сол арқылы интенциясының қате ұғынылмауын қамтамасыз етуге қабілетті тілдік 

тұлғаларды  мүмкіндігінше  сақтықпен  таңдаса,  адресат  белгілі  болған  қатысымдық  тұлғалар  арқылы 

оның интенциясын және маңызсызданған кейбір тұлғалардың мән-мағынасын мүмкіндігінше өзгертпей 

қабылдауға барын салады. Бұл арада ақпарат қабылдануының белгілі бір уақыт шегінде жылдам не баяу 

өтуі  де  есепке  алынатын  болса  керек.  Орыс  тіліндегі  ықшамдалу  мәселесіне  қатысты  С.Бресневтің  де 

артық  жайылыңқылық  хабарды  толық  және  бөлшектей  қайталаушылық  секілді,  ақпараттың  жеткізілу 

жылдамдығының (к уменшению скорости) төмендеуіне әкелетіндігі жөнінде пікірі бар [9, 15]. Мәселеге 

осы қырынан үңілгенде, қазақ мәтіндеріндегі құрылысы жағынан толымсыз келетін сөйлемдер арасынан 

жиі ұшырасатындарына халқымыздың өз дүниетанымына орайласа құрылған сөйлемдерді жатқызуға бо-

лады, себебі мұндайда сөйлем құрылысы ұлттық таным мүддесі негізінде қырналып, сөйлеу мен қабылдау 

үдерісін қиындататын басы артық элементтер ығысып қалады да, олардың орны синтаксистік конструкция 

мазмұнынан аңғарылатын пропозициялар арқылы толықтырылып отырылады. Анығында, қай тілде болма-

сын, толымды сөйлемге қарағанда, толымсыз сөйлемдердің жиі қолданылатыны олардың сол халықтардың 

өзіне  тән  психикасы  мсен  танымына  толық  жауап  беретіндей  қабілетте  тұратындығын  артық  дәлелдеп 

жатудың қажеті бола қоймаса керек.

Алайда,  жоғарыда  келтіргеніміздей,  сөйлемдегі  құрылымдық  толымсыздық  мәселесі  тек  тұрлаулы 

мүшелермен ғана өлшенбейді, бұл орайда тұрлаусыз мүшелер де басымдыққа ие.

Қазіргі қазақ тілінің синтаксис саласында бастауышсыз сөйлемдердегі субъектінің орнын баяндауышпен 

қиыстыру арқылы табуға болатындығы айтылып жүр. Бұл – құрылымдық синтаксисте, әрине, сөйлемді 

контекстің қатысынсыз талдауға негізделетін жайт. Тілдік материалдарды талдау барысында және еліміздегі 

тілші-ғалымдардың  пікірлері  бойынша,  бастауыш  мүшенің  сөйлем  құрамынан  көрінбеуі  толымсыз 

сөйлемдер қатарын молайта түседі; яғни олардың жұмсалмауы сөйлемнің өзге грамматикалық мүшелеріне 

қарағанда  белсендірек.  Тіпті,  сөйлемнің  толымсыз  деп  танылуына  осы  бастауыштардың  қатыспауын 

критерий еткен пікірлер де баршылық [10, 46]. 

Бастауыштың  қатыспауы  толымсыз  конструкция  жасайтыны  рас,  алайда  жоғарыдағыдай  пікір 

біржақтылық  қана  болып  шығады.  Бұл  орайда  С.Аманжоловтың  келесі  бір  пікірі  орынды  айтылған: 

«Шындығында, олар мағына жағынан ешбір ақсаулы болмайды. Өйткені екі кісі сөйлескенде, сөйлемнің 

көп  мүшесін  әдейі  айтпай  кетеді,  оларда  бірінің  сөзі  біріне  түсінікті  болғандықтан,  артық  сөз  керексіз 

болады» [11, 175]. 

Сөйлем құрамындағы кей сөздердің «артық» болу себебі – сол: олар ақпаратты жеткізуде белсенділік 

дәрежесін  көрсете  алмайды.  Демек,  оларда  актуалдылық  жоқ.  Мұндай  актуалсыздану  –  сөйлеу  тілі 

құрылысының және контекст пен жағдаяттың, сонымен бірге сөйлем табиғатына тән коммуникативтілік 

пен предикативтіліктің өз ережесі, заңдылығы. Осы тәртіпке бағынған синтаксистік құрылыс еш уақытта 

да толымды түрде келмейді. Бұл тәртіпті реттеп отырушы – негізінен, адам дүниетанымы, психикасы. 

Маңызды  саналмайтын  тілдік  элементтер  контекстің  немесе  жағдаяттың  көмегімен  адам  санасында 

сақталады  да,  сөйлеу  синтаксисіндегі  бос  орындар  сол  арқылы  толығып,  адресат  оны  тұтасымен 

қабылдайды.  Сондықтан  оларды  мақсатсыз  қайталай  беру  тілдік  қатынастың  қарапайым  заңдылығын 

ескермегендік,  ақылға  сыйымсыз  стильдік  орашолақтық  болып  есептеледі.  Ал  ауыз  әдебиеті  үлгісінің 

фольклор жанрындағы ертегі мәтінінің синтаксистік құрылысының жөні бір басқа. 1. Бір күні түлкі жортып 

жүріп,  қақпанның  тілі  үстінде  өліп  жатқан  бір  балықты  көреді.  Түлкі  балықты  құйрығымен  сыпырып 

түсірмек болады, бірақ оны қақпанның тілінен сырғыта алмайды. Балық үлкен емес, түлкінің құйрығының 

әлі келмейді («Түлкі мен маймыл»). 2. Өткен заманда бір бай болыпты, ол бір перзентке зар болыпты, 

зарыға жүріп перзентті болыпты. Бай бір күні жылқысын суара көлге келсе, көлдің ішінде қып-қызыл өкпе 

жүзіп жүр екен. Байдың айдап келген жылқылары көлдегі жүзіп жүрген өкпеден үркіп, суға жуымайды. 

Әлгі  жерде  бай  жылқыларын  қанша  айдаса  да,  суға  жаба  алмайды.  Сол  кезде  бай  тұрып  судағы  жүзіп 

жүрген өкпені құрықпен түртіп көреді. Өкпе суға батып кетіп, әлден уақыттан соң жалмауыз кемпір болып 

судан шығады да, байдың жағасынан ала түседі. Бай көзі алақандай болып қорқып кетеді. Бай жалмауыз 

кемпірге: 

 – Ат басындай алтын берейін, қоя бер, – дейді («Алтын сақа»). Байқағанымыздай, осындағы арнайы 

белгіленген сөздер қатар келген сөйлемдердің барлығында да қайталанып тұр. Рас, әдепкі сөйлемдерде 

бұлар маңызды, ой екпіні тек сол сөздерге түседі. Ал кейініректе мұндай маңыздылыққа ие емес, әйтсе 

де, қатар тұрған синтаксистік конструкциялардың барлығында да көрініс береді. Енді осыларды сөйлем 

құрылысынан  ойша  ығыстыратын  болсақ,  әр  сөйлемде  белгілі  бір  грамматикалық  мүше  қызметіндегі 


      

    90


      

    91


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы 

№3 (82) 2011

бос орындар пайда болатыны байқалады. Алайда бұл арқылы ертегі мәтіндерін қабылдануы қиын, бос 

қайталауларға құрылған деуге келіңкіремейді. Себебі толымсыз конструкциялардың толымдыға қарағанда, 

жеңіл әрі кедергісіз қабылдануы қазіргі кездегі адам санасы мен дүниетанымының заман ағымымен қоса 

дамып, жетілгендігімен тығыз байланыста. Мұның өзі – қабылдаудағы заманауилықтың бір көрінісі. Ал 

ертегі  мәтіні,  біріншіден,  ертедегі  ауыз  әдебиетінің  сол  күйінше  өзгеріссіз  жетіп,  хатқа  басылған  түрі 

болса, екіншіден, ол – қабылдауы мен таным түйсігі әлі де қалыптаса қоймаған бала санасымен қашан да 

деңгейлес құрылады. Бұл – ертегі мәтініне қойылатын бірден-бір талап. Оның үстіне бала дүниетанымы 

барынша дәлдікті, нақтылықты талап етеді. Ал ересектердегі пайымдау мен ықтималдықпен болжамдау 

механизмі  бұл  арада  әмбебаптығымен  ерекшеленеді  де,  мұндай  қайталаулар  керісінше  түсінбеушілікке 

соқтырып, окказионалдық сипат алады. «Бір сөйлемнің ішінде бір сөзді, егер ол мақсатты түрде немесе 

арнайы  түрде  қолданылмаған  болмаса,  бірнеше  рет  қайталаудың  стильдік  орашолақтық  болып  табылу 

себебі  кейіннен  осы  «артық  болу»  заңдылығына  аналогия  бойынша  туындаған»  [2,  13].  Демек,  ертегі 

мәтіндеріндегі қайталаулар – белгілі бір мақсаттылыққа негізделген қайталаулар. Олар бала қабылдауының 

мүлтіксіздігі тұрғысынан қарағанда маңызды.

Сонымен,  қабылданатын  ақпаратта  бар  деп  танылатын  сөйлемнің  тұрлаулы  не  тұрлаусыз  мүшелері 

болсын  айтылыстағы  актуалсызданудың  салдарынан  түсіріледі.  Алайда,  сайып  келгенде,  синтаксистік 

конструкция  мен  актуалсыздану  құбылыстары  өзара  тең,  бірдей  деп  танылуға  тиіс  емес.  «Толымсыз 

сөйлемдер  толымды  сөйлемдерден  ажыратылып,  айтылымның  бір  түрі  ретінде  танылатын  болса, 

актуальсыздану бұл тіл – сөйлеу жүйесіндегі кең таралған құбылыс ретінде танылады. Толымсыз сөйлем 

ойға керекті сөйлем мүшелері толық қатыспаған контекстік сөйлемнің түрі болса, актуальсыздану құбылысы 

маңызсызданған компоненттердің сөйлем құрамынан түсірілуі болып табылады» [2, 11]. Зерттеуші бұл 

екеуін ажыратып түсіндіруде белгісіз жақты сөйлемдерді талдаған. Алайда, біздіңше, бұл екеуі екі басқа 

құбылыс  бола  тұрғанымен,  толымсыз  конструкцияның  жасалуына  қашан  да  актуалсыздану  құбылысы 

себеп болады. Осы тұрғыдан алғанда, бұл екеуі бірінен-бірі туындап, біріне-бірі себепші болатын тығыз 

бірліктегі құбылыс ретінде танылады.

Сонда жоғарыдағы пікірлерден шығатыны – оның (бастауыштың) сөйлемнен түсірілуі (есімдіктердің 

орын  басу  қызметін  есепке  алмағанда)  хабарланатын  ақпарат  көлемінде  маңызсыздануына  тікелей 

байланысты. Ол контекстен немесе жағдаяттан белгілі болып тұратын болғандықтан, соған сай құрылған 

конструкциялар ой екпінін қабылдай алмайды. Солай бола тұрғанымен де қабылданатын ақпарат қашан да 

мүлтіксіз, қашан да толымды. 

Ал бастауыш қызметіндегі есімдіктердің жөні бір басқа. Айталық, жіктеу есімдіктерінің қазақ және орыс 

тілдеріндегі қолданысының өзі біршама жайтты аңғарта алады. Қарапайым тілмен айтқанда, орыс тілінде 

жіктелу дәрежесін танытарлықтай арнайы жіктеу формасы жоқ. Мәселен, қазақ тілінде түсіндім, түсіндің, 

түсінді мысалдары әрекеттің субъектісін қоса көрсете алса, орыс тіліндегі понял сөзіне қатысты бұлай 

деуге келмейді. Кеше түсіндім, бүгін түсіндім немесе сенің айтқаныңды түсіндім, оның айтқанын түсіндім 

сияқты  пропозицияларға  қарағанда,  түсіндім  сөзінің  І  жақ  жіктеу  есімдігі  қатысқан  пропозициясының 

контекске  тәуелді  еместігі  аңғарылады,  яғни  бұл  тұста  қазақ  тіліндегі  жіктік  жалғауларының  дербес 

сипаты айқындалады. Тіл-тілдегі толымсыз құрылымдардың оны қолданатын халықтардың танымы мен 

психикасына тікелей байланысты болатындығына келтірілген осы сияқты мысалдар қарапайым толымсыз 

құрылымдардың әрдайым контекст ықпалында тұра бермейтіндігіне дәлел бола алады. 

Сөйлем  құрылысынан  шеттеліп,  тыс  қалған  осы  сияқты  тілдік  элементтердің  орны,  әдетте,  қарым-

қатынас  үдерісі  кезінде  оншалықты  назар  аударта  қоймайды  немесе  олардың  орны  ойсырап,  арнайы 

толықтырып  жатуды  қажет  етпейді.  Сондықтан,  бір  қарағанда,  сөйлемде  ойға  қатысты  белгілі  бір 

грамматикалық мүшенің қатысып тұрғаны немесе қатыспай тұрғаны байқала бермейді.

Мұндай сөйлемдер құрамында маңызсыздану салдарынан арнайы айтылмай қалған тілдік элементтердің 

орны өте солғын, күңгірт сипатта келеді. Алайда тікелей көзге көрініп немесе құлаққа естіліп тұрмайтын 

мұндай тілдік элементтер орны адресаттың сөз қабылдау үдерісі кезінде бос қалады дей алмаймыз. Себебі 

сөйлеушінің сөйлеудегі интенциясы оған ырық бермейді. Бір сөзбен айтқанда, адресанттың өзі жарыққа 

шығарған сөйлем құрылысына негізгі жоспардағы айтылмақ ойды беруге арналған тұлғалардың қайсысы 

қатысып, қайсысы қатыспай тұрғаны оның сөйлеу интенциясынан (ниетінен) аңғарылмақ, ал интенцияның 

аңғарылуына белгілі бір деңгейде ұлттық грамматика заңдылықтары да ықпал етіп жатады. Анығында, 

грамматиканың  өзі  халық  тілінің  даму  тарихынан  тыс  тұра  алмайды,  яғни  ондағы  заңдылықтарды 

орнықтыратын да – сол халықтың дүниетанымы мен психикасы. 



ӘДЕБИЕТТЕР

1. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. -Алматы: Ана тілі, 1993. -446 б.

2.  Елеуова  А.С.  Қазақ  тіліндегі  актуальсыздану  құбылысы  және  оның  сөйлем  құрылымында алатын 

орны: филол. ... канд. дисс. автореф. -Алматы, 2007. -26 б.

3. Дәрменқұлова Р.Н. Қазақ тілі синтаксисі жүйесіндегі норманың сипаты: филол.  ғыл.  канд. ... дисс. 

-Алматы, 2005. -161 б.

4. Әміров Р. Ауызекі сөйлеу тілінің синтаксистік ерекшеліктері /оқулық/. «Мектеп» баспасы, -Алматы, 

1997. -92 б. 

5. Ардентов Б.П. Номинативные предложения в современном русском языке. -Кишинев, 1959. -154 с.

6. Бабайцева В.В. Односоставные предложения в современном русском языке. -Москва: Просвещение, 

1968. -160 с.

7.  Иванов-Смоленский  А.Г.  Пути  развития  идей  И.П.  Павлова  в  области  патофизиологии  нервной 

высшей деятельности // Правда. -1950. -№ 182. -С.4.

8. Потебня А.А. Мысль и язык. -Харьков: Мирный труд, 1913. -225 с.

9. Бреснев С.Д. Опыт сравнительного исследование избыточности разговорной речи и научного текста 

// Ученые зап. ГГПИИЯ им. Н.Д.Добролюбова. -Горький, 1972. -Вып. 49. -С.15.

10. Аманжолов С., Бегалиев Ғ. Қазақ тілі грамматикасы. Синтаксис. -Алматы, 1948. -280 б.

11. Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы. Оқулық. -Алматы: Санат, 1994. -320 б.

Поступила в редакцию 05.12.2010.

Ж.Ү. БАЙМБЕТОВА

      

ҚАЙТАЛАМАЛАРДЫҢ ТІЛДІК-ПОЭТИКАЛЫҚ ТАБИҒАТЫ

Devices of including the repeotitions promoting fo mahe a specifie аnd rythms in Kazakh poetry is considered 

in this article.

Танымдағы барлық құбылыстың, адам санасындағы сан қырлы сезім мен ойдың бәрі тек сөз арқылы ғана 

жеткізілетіні белгілі. Осы аталған құбылыс, сана, ойды көркем, мәнерлі жеткізудің тәсілдері көп. Көркем 

тілде  көркемдіктің  белесін  танытатын  сондай  тәсілдердің  бірі  –  қайталамалар.    Қайталамалар,  әсіресе, 

поэзия жанрында өзінің бар мүмкіншілігімен айшықтала түсетіні белгілі. Жалпы, поэзия жанрында бол-

сын, прозалық шығармаларда  болсын, қайталамаларды белгілі бір стильдік мақсатта қолданбаса, орын-

сыз жиі жұмсалған қайталамалардың көркем тіл мазмұнына нұқсан келтіретіні анық. Ғалым Н.Уәлиұлы: 

«Сөзді орынсыз қайталау тілдің коммуникациялық қызметін күрт төмендетеді, ойды дәлме-дәл, мазмұнды 

жеткізуге  кедергі  болады.  Аз  сөзбен  көп  мағына  беру  принципі  бұзылады.  Өйткені  айтылатын  ойға  әр 

сөздің қосар мағыналық, эмоциялық, эстетикалық, т.б. информациясы болады. Ал бір рет айтылған сөздің 

сөйлем сайын мақсатсыз қайталана  беруінен текстің  информациялық   мазмұны  кемиді», - деп,  қайталама 

сөздерді орынсыз  қолданудан  айтылар  ойдың  жұтаңдайтынын ескертеді [1, 53]. Көркем шығарма тіліндегі 

қайталамалардың лингвостилистикалық табиғатын талдап, зерттеуде ғалымның бұл айтқан  ескертпесін 

ескерудің маңызы зор.

Әрине, өлең тілінде олардың қолданылу жиілігі бірдей деуге болмайды. Мысалы, поэзияда анафора 

құбылысынан гөрі эпифора амалының көрінісі анағұрлым белсенді болып келеді. Біз зерттеу нысаны етіп 

алып отырған ақын Ә.Тәжібаевтың поэзиялық шығармаларының бейнелі қабатында да өрісті жұмсалған 

тәсілдердің бірі - осы қайталама сөздер. Олардың стильдік мүмкіндіктерінің молдығын ақын тілі арқылы 

анық  танып,  танытуға  болады.  Ә.Тәжібаевтың  шығармаларында  тілдің  ішкі  деңгейіне  сәйкес  бөлінетін 

қайталамалардың дыбыстық, лексикалық, синтаксистік түрлерінің барлығы дерлік қолданыс тапқан. 

Ақын  тіліндегі  қайталамалардың  тілдік-поэтикалық  табиғатын  тану  үшін  алдымен  дыбыстық 

қайталамаларға тоқталған жөн. Себебі өлең өзі үнділік пен әуезділікпен дыбыстардың үйлесімді, ырғақты 

әдемі  тіркесуінен  құралған  әсемдіктің  әлемі  екені  аян.  Яғни,  дыбыс  пен  мағына  арасындағы  үйлесім  - 

көркем поэзия айшығын аша түсетін амал. Поэзиялық шығармалардағы дыбыстар жүйесінің орналасуы 

мен  сөз  мағынасының  көркемдік  қызметі  арасындағы  байланыс  лингвистикалық  поэзияның  негізгі 

мәселелерінің бірі.

Өлең  сөзінiң  құрылымдық  ерекшелiктерi  әдебиеттанушы  ғалымдардың  еңбектерінде  жан-жақты 

зерттелдi.  Ғалым  З.Ахметовтің  “Өлең  сөздiң  теориясы”  деп  аталатын  еңбегiнде  қазақ  өлеңдерiнiң 

құрылымы және осыған орай оның түрлерi, жекелеген сөз шеберi өлеңдерiнiң құрылыс ерекшеліктерi жан-

жақты қарастырылған. Ғалым қазақ өлеңiнiң просодикалық құрылымына сипаттама берiп, ондағы кейбiр 

фонетикалық құбылыстарға да тоқталып өтедi. Мәселен, қазақ  поэзиясында ең көп қолданылатын өлең 

өлшемдерi — жетi буынды, жетi-сегiз буынды, он бiр буынды. Алты буынды өлең, одан да қысқарақ төрт 

буынды  өлең сиректеу кездеседi. Он төрт, он бес буынды екi тармақтан, не жетi, сегiз буынды екi тармақтан 

құралған болады” - деп автор қазақ  өлеңi тармағының буын санын анықтайды [2, 132]. Сонымен қатар, 

ғалымның бұл зерттеуiнде қазақ өлеңiнде кездесетiн фонетикалық  құбылыстарға да назар аударылады. 

Автор өлең сөздерiндегi ы, і, ұ, ү дыбыстарының өлең ырғағына қарай бiрде түсiп қалып, бiрде қосылып 

айтыла беретiнін мысалдармен көрсетедi [2, 139-140].

Ә.Тәжібаев шығармалары тілінің дыбыс үйлесімділігін тудыратын тәсілдер деп, ең алдымен, аллитерация 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет