«Жерді түгендеу және жақсарту» пәнінен практикалық жұмыс орындауға арналған Әдістемелік нұсқау


Бұзылған жерлерді инвентаризациялау



бет13/28
Дата08.11.2022
өлшемі0,9 Mb.
#48506
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28
Байланысты:
«Жерді түгендеу және жақсарту» практика новый

Бұзылған жерлерді инвентаризациялау
Топырақтың беткі қабатының әртүрлі антропогендік әсерлерден пайдалы қазбалардың орнын табу, геологиялық іздестіру, зерттеу, құрылыс және басқа да жұмыстардың әсерінен бұзылған жерлерде кешенді инвентаризациялық жұмыстар жүргізіледі.
Инвентаризация мақсаты- іс жүзіндегі жер пайдалану шегіндегі бұзылған жерлердің ауданын анықтау және сапалық жағдайын көрсету болып табылады.
Инвентаризациялауға жататындар: барлық санаттағы жер пайдаланушылармен мемлекеттегі босалқы жерлер, тұрақты, уақытша және ұзақ мерзімді пайдаланымдағы жерлер, топырақтың беткі қабатындағы техногенді бұзылулардың барлық түрлері, сызықтық ғимараттардың құрылысы кезіндегі жер қазбалары, карьерлер, мұнай және газ кен орындарындағы бұзылған және ластанған жерлер.
Іс жүзіндегі жүргізілген зерттеулердің мәліметтері бойынша әр инвентаризациялық объект бойынша мына жұмыстар жүргізіледі:
- пландық-картографиялық материалдарда көрсету арқылы бұзылған жерлердің ауданын белгілеу;
- қайта қалпына келтіру мақсаттары үшін бұзылған жерлерді типтерімен классификациясына қарай бөлу;
- технологиялық құжаттамаларды аэрофототүсіріс материалдарымен топырақтық, геоботаникалық, гидрогеологиялық және басқа да зерттеу материалдарын негізге ала отырып, бұзылған жерлердің сипаттамасын құру;
- қайта қалпына келтіруден кейін бұзылған жерлерді пайдалану бойынша ұсыныстар берілді.
Дайындық кезеңінде жер пайдалану пландары тау, құрылыс және басқа да бұзылған жер учаскелерінің пландары мен материалдары жинақталады.
· пландық-картографиялық материалдары 1:2000, 1:5000, 1:10000 масштабта болуы керек.
· бұзылған жерлерді далалық зерттеу процесінде пландық картографиялық материалдарда әрбір учаскелерге рим цифрімен нөмір беріледі.
· бұзылған жерлердің типтері белгіленеді (карьер, қазынды).Олар араб цифрлерімен белгіленеді.
· бұзылған жерлер типінің шегінде әр контурдың іс жүзіндегі жағдайы анықталады.Әр контур а,б,в болып белгіленеді.
· егер де учаске шегінде бұзылуы бойынша типтері бірдей бірнеше контурлар кездесіп жатса, онда оларды кезекті көшірмелермен белгілейді I,Iа.
· әр контур шегінде жер учаскесінің пайдалануынан бұзылуына дейінгі және қайта қалпына келтіруден кейінгі пайдалану мақсаты белгіленеді.
· инвентаризациялау бойынша дайындық және далалық жұмыстарды орындаудан кейін жер пайдалану бойынша бұзылған жердің есепке алу ведомосі құрастырылады.
Ылғалдандыру сипаты бойынша бұзылған жерлерді топтау гидрологиялық және гидрогеологиялық зерттеу мәліметтері негізінде жүргізіледі.Контур бойынша ведомостің мәліметтері негізінде жер пайдалану бойынша бұзылған жерлерді инвентаризациялау есепке алу ведомосі құрастырылады:

-ауыл шаруашылығына жатпайтын алқаптар. Оларға жататындар: жыралар, ормандар, батпақтар, бұталар, орман екпе ағаштары.Сонымен қатар құрылыс, кешендер, жолдар астындағы жерлер.


Кешенді далалық зерттеу нәтижелері бойынша мынадай материалдар алынады:
· ситуациясы толық түсірген жер пайдалану планы мен жерлерді инвентаризациялау деректері;
· ауыл шаруашылық алқаптарын, бұзылған жерлерді, су көздерінің жағдайымен пайдалануын елді мекен пунктінің жерлерін есепке алу инвентаризациялық ведомосі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет