Практикалық сабақ №3.
Топырақтың көлем салмағын анықтау.
Сабақтың мақсаты: Жер экспликациясын анықтау.
Жобаны құру кезіндегі жер алқаптарының құрылымы есептеледі.Таксациондық ведомосіне жер алқаптарының ауданы 1 кестеге көшіріледі және олардың ара қатынасы есептеледі.
Ауылшаруашылық алқаптарын орналастыру сипаттамасы беріледі.Мұнда келесідей кеңістік жағдайлары сипатталады: жер аймағындағы алқаптардың орналасқан жері, олардың компактілігі, ауылшаруашылық. алқаптар аймағының қарым-қатынасы-ның бытыраңқылығы, олардың шаруашылық орталығынан қашықтығы.
Жердің жарамдылық категориясының картасы жасалады.Еркін масштабтағы топырақ картасының сызбасында, әрбір топырақ картасы үшін, топырақ картасы-ның легендасында көрсетілгендей жарамдылық категориясы анықталады.
Жарамдылық категориясы жердің әрбір учаскесін белгілі бір алақ түріне пайда-лану мүмкіндігін сипаттайды және топырақтық, эрозиялық, мелиоративтік, геоботани-калық және басқа зерттеу материалдары бойынша олардың табиғи қасиеттері негізінде анықталады.
Кесте1-Жер экспликациясы(жобаны құру кезіндегі нақты)
Өлшем бірліктері
|
Бар
лық жер
|
соның ішінде алқаптар бойынша
|
|
|
Ауыл-
шаруа-шылық
алқап-тарының
барлығы
|
соның ішінде
|
Басқа
алқап-
тар
|
|
|
|
Жыр
тылған
жер
|
тың айма
|
шабындықтар
|
жайылымдар
|
|
|
|
|
|
|
бар лығы
|
соның ішіңде жақсарт ылғаны
|
бар лығы
|
соның ішінде жақсарт ылғаны
|
|
Га
|
6200
|
6160
|
4500
|
500
|
160
|
-
|
1000
|
-
|
40
|
%%
|
100
|
99.9
|
73.1
|
8,2
|
2.6
|
|
16.1
|
|
0.1
|
Жер- кадастрлық классификациясы бойынша жер келесідей категорияларға бөлінеді:
• I - жыртылған жерге жарамды, жерлер;
• II -шабындыққажарамды, жерлер;
• III - жайылымға жарамды, жерлер;
• IV - ауылшаруашылық алқаптарына жарамсыз, жерлер;
• V - бүлінген жерлер.
Жарамдылық категориялары рим цифрларымен белгіленеді. Жарамдылық категориясының картасын рәсімдеу кезінде I жарамдылық категориясының жерлері ашық-қоңыр түспен, II категория - ашық-жасыл, Ш категрияның жерлері ашық-сүр түспен боялады. Жарамдылық категориясының картасы А4 форматтағы қағазда сызылады (сурет1). Топырақ контурларының межелері және нөмірлері қоңыр түспен көрсетіледі.
Жарамдылық категориялары бойынша ауылшаруашылық алқаптарының сапалық сипаттамасы беріледі. Ауылшаруашылық алқаптарының әрбір контурының сапасы жердің жарамдылық категориясының картасы бойынша анықталады. Ол үшін жобалық сызбаға (жер пайдаланушылық көшірмесінің калькасына) жарамдылық категориясының межелері
қоңыр түспен түсіріледі. Ауылшаруашылық алқаптарының аудандары (жыртылған жер, тыңаймалар, шабыңдықтар, жайылымдар) олардың жарамдылық категориясына байланысты графалар бойынша 2 кестеге толтырылады. Жарамдылық категорияларының аудандары графикалық тәсілмен (палеткамен) әрбір контур бойынша жобалық сызбада есептеледі. Ауылшаруашылық алқаптарының әрбір түрі бойынша қортындысы есептеледі.
Жердің кластары бойынша ауылшаруашылық. алқаптарының сапалық сипаттамасы беріледі. Жердің кластары жер категорияларының ішінде бөлініп көрсе-тіледі және бірдей пайдаланылу технологиясы бойынша біріктіріліп, жерді жақсарту жөніндегі эрозияға қарсы, сортаңдануға қарсы және басқа шараларды жүргізу қажет-тілігі көрсетіледі. Жер классы топырақ картасының және мемлекеттік жер-кадастры (15) кітабын жүргізу жөніндегі нұсқаулар негізінде анықталады.
Жобаны құру кезіндегі ауылшаруашылық. алқаптарынын орташа
өлшенген бонитет балы есептеледі (кесте 3). Ол мына өрнекпен анықталады:
Борт.өлш. нақ.=
мұнда Борт.өлш.нақ. – ауылшаруашылық алқаптарының орташа өлшенген бонитет балы
(нақты);
Рп - ауылшаруашылық алқаптарының контурының ауданы, га;
Бп – контурдағы әртүрлі топырақтардың бонитет балы.
Орташа өлшенген бонитет балы ауылшаруашылық алқаптар түрі бойынша есептеледі.
6-ауырсаздақты оңтүстік қара топырақ
7- ауырсаздақты сортаңдаған оңтүстік қара топырақтар
12-шалғынды сортаңданған ауырсаздақтар
15-жеңілсаздақты сортаңдармен бірге оңтүстік қаратопырақтар
I категорияның жерлері, жыртылған жерге жарамды
II категорияның жерлері, шабындыққа жарамды
III категорияның жерлері, жайылымға жарамды
Категориялардың Далалық жолдар межелері
Сурет 1 - Жердің жарамдылық категориясының картасы
Кесте 2 -Жарамдылық категориясы бойынша ауылшаруашылық алқаптарының
сапалық сипаттамасы
А/ш. алқаптарының түрлері
|
А/ш. алкаптарының контурларының нөмері
|
Ауданы, га.
|
соның ішінде
|
I категория, жыртылған жердің жарамдысы
|
II-категория, шабындыққа жарамдысы
|
III-категория жайылымға жарамдысы
|
Басқада категория
|
Жыр
тылған
жер
|
1
2
3
...
|
425
405
396
...
|
425
400
214
...
|
-
100
...
...
|
-
-
287
...
|
-
-
-
...
|
Барлығы
|
∑=
|
∑=
|
∑=
|
∑=
|
∑=
|
Тыңайма
|
...
|
|
|
|
|
|
Барлығы
|
∑=
|
∑=
|
∑=
|
∑=
|
∑=
|
шабын-дықтар
|
...
|
|
|
|
|
|
Барлығы
|
∑=
|
∑=
|
∑=
|
∑=
|
∑=
|
жайыл-ымдар
|
...
|
|
|
|
|
|
Барлығы:
|
∑=
|
∑=
|
∑=
|
∑=
|
∑=
|
Кесте 3 - Нақты орташаөлшенген бонитет балды есептеу
Алаптардың
Түрі
|
Контурлар
№
|
Топырақтың әртүрлілігі-нің нөмері
|
Ауданы,га
Рп
|
Бонитетбалы
Б
|
Көбейтіндісі
Рп*Бп
|
Жыртылған
Жер
|
1
2
|
7
7
12
|
425
400
100
|
50
25
45
|
21250
9000
4500
|
|
|
|
∑ Рп =
|
Борт=
|
∑ Рп*Бп=
|
Тыңайма
|
1
2
...
|
|
|
|
|
|
|
∑ Рп =
|
Борт=
|
∑Рп*Бп =
|
Шабын
дық
|
...
|
|
|
|
|
|
|
∑Рп=
|
Борт=
|
∑Рп*Бп =
|
Жақсартыл-ған жайылым
|
...
|
|
|
|
|
|
|
∑Рп=
|
Борт=
|
∑Рп*Бп =
|
Табиғи жайылым
|
...
|
|
|
|
|
|
|
∑Рп=
|
Борт =
|
∑Рп*Бп =
|
Бақылау сұрақтары:
Орташа өлшенген бонитет балы ауылшаруашылық алқаптар түрі.
Жердің кластары бойынша ауылшаруашылық. Алқаптары
Жер- кадастрлық классификациясы
Практикалық сабақ №4.
Жер учаскесін жыртылған жерге пайдалану тиімділігін анықтау
Сабақтың мақсаты:Жер учаскесін жыртылған жерге пайдалану тиімділігін анықтау
Трансформациялауға жататын, учаскелердің орналасқан жері анықталады. Трансформацияның бағыттарының бірі ауылшаруашылық. алқаптар түрін олардың сапалық жарамдылығымен сәйкес келтіру болғандықтан, жер-кадастрлық классифика-циясы бойынша жарамдылық категорияларымен сәйкессіз пайдаланылатын ауыл-шаруашылық. алқаптар учаскелерін анықтау қажет.Мұндай учаскелердің сипаттамасы 4 және 5 кестелерде беріледі. 2 кестеден, П-ші және Ш-ші категорияның жерлерінде орналасқан жыртылған жер және тыңайма контурларының аудаңдары мен нөмірлері, 4 кестеге жазылады.Бұл учаскелер өздерінің табиғи қасиеттері бойынша мал азықтық алқаптарға жарамды. 2 кестеден, I- ші категорияның жерлеріңде орналасқан жайылым, шабындық және тыңайма контурларының аудандары мен нөмірлері, 5 кестеге жазыл-ады.Бұл учаскелер негізінен жыртылған жерге жарамды.
Ауылшаруашылық алқаптар түрлерін өзгерту мүмкіндігін анықтау үшін, олардың сапа-лық құрамы талданады және есептік шығымдылығы анықталады.Сонымен қатар, ауда-ны бойынша учаскенің өлшемі, алқаптардың негізгі түрлеріне және эрозиялық желінің (жылғы ағысы, жыра, сай) сызықтық элементтеріне қатысты орналасуы сияқты кеңістік жағдайлары ескеріледі.
Жер учаскесін жыртылған жерге пайдалану тиімділігін анықтау үшін, бонитет балымен анықталатын, сапасына байланысты оның шығымдылығын есептеу ұсыныл-ады. Ол үшін алдын ала жыртылған жердің бонитет балының бағасы анықталады:
Цб=
мұнда Цб - жыртылған жердің бонитет балының бағасы;
Ун - шаруашылық бойынша орташа ауылшаруашылық.дақылдарының нақты шығымдылғы (астық өндіруге мамандандырылған шаруашылықтар үшін, бидайдың шығымдылығы) ц/га;
Борт. өлш. жыр. жер — жыртылған жердің орташа өлшенген бонитет балы
Есептік шығымдылықты анықтау кезінде, жер учаскесінің сапасын көрсететін бонитет балы ескеріледі:
Уе=Цб*Б,
мұнда Уе - жер учаскесінің есептік шығымдылығы, ц/га;
Цб - жыртылған жердің бонитет балының бағасы;
Б - жер учаскесінің бонитет балы
Алқаптарды трансформациялау. Алқаптарды трансформациялау дегеніміз олардың түрін өзгерту. Трансформацияланатын учаскелерді жобалау кезінде олардың орналасқан жері, межелері және ауданы анықталады.
Трансформацияланатын учаскелердің орналаеқан жері 4 және 5 кестелердің негізінде белгіленеді.
Трансформациялау межелерін анықтау кезінде, топырақ контурларының және жарамдылық категорияларының межелері қисық сызықты болатындығын, ал ауылшар-уашылық техникасын тиімдірек пайдалану үшін, өнделетін учаскелердің межелері тік сызықты болуын талап ететінін ескерген жөн. Сонымен қатар, трансформациялау межелерін анықтау кезінде, натурадағы топырақтар арасыңда көріну дәрежесіне байланысты, топырақ контурларының межелерінің ауытқу шамасын білген жөн. Масштабы 1:25000 жоспарларда топырақ контурлары анық көрінетін межелердің мүмкін ауытқуы 4мм, ал нашар көрінетіндері 10мм болғандықтан, дәл осындай дәлдік-пен трансформациямежелеріанықталады.Демек, трансформацияланатын учаскелердің межелерін, топырақ контурларының межелеріне оларды ең үлкен түрде жақындата отырып, бұрылыс бұрыштары 90 градусқа жақын тік сызықты түрде жобалаған жөн.
Трансформацияланатынучаскелердіңаудандары графикалық тәсілмен есептел-еді және трансформация жоспары көрсетілетін 7 кестеге жазылады.
Бұл кезде жұмыс келесідей реттілікпен жүргізіледі.
Бақылау сұрақтары:
Трансформациялау межелерін анықтау кезінде, топырақ контурларының және жарамдылық категориялары.
Есептік шығымдылықты анықтау.
Ауылшаруашылық алқаптар түрлері.
Достарыңызбен бөлісу: |