Жерге орналастыру табылады. ҚР жер заңдылығына сәйкес, жерге орналастыру, жерлердi тиiмдi пайдалану мен қорғауға бағытталған кешенді шаралар ж



бет1/7
Дата27.11.2022
өлшемі35,46 Kb.
#52897
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
докум


Kipicпе

Елiмiздiң мәдениетiнiң, ғылымының және экономикасының дамуы, ғылыми техникалық прогрестiң жүзеге асырылуы халық шаруашылығында, о.і. бiрiншi кезекте аграрлық өнеркәсіп кешенінде, маңызды табиғи ресурс және өндiрiстiң негiзгi құралы жердi тиiмдi пайдаланумен тығыз байланысты.


Қазақстан Республикасының барлық жер қоры 272,5 млн.га құрайды. Осы барлық жер ресурстарын, о.i. ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердi тиiмдi пайдалану, осымен байланысты жер қатынастарын реттеу өте маңызды мәселе болып табылады. Бұл мәселені шешу маңызды шараларды жүргiзудi қажет етедi, яғни, халық шаруашылық
айналымына жерлердi көбiрек енгiзудi, кұнарлы жерлердi пайдалану денгейiн арттыруды, жердi эрозиядан қорғауды және т.б.
Халық шаруашылық салалары арасында және ауыл шаруашылығында, жерге меншік иелері мен жер пайдаланушылар арасында жерлердi бөлу, өндiрiс, энергетика және тұрғын үй құрылысы үшiн жер массивтерiн бөлу қажеттiлiгi, жаңа қалаларды салу және де қалыптасқан елдi мекендердi кеңейту осылардың барлығы жер зандылықтардың негiзiнде жер (жер-құқықтық) қатынастарын реттеу қажеттiлiгiн туындатады. Елiмiздiң бірыңғай жер қорын басқару, жер қатынастарын реттеу, жерді пайдалану, иелену, жалға беру ережелерiн және жер заңдылықтарды жүзеге асырылуын бақылаудың маңызды негiзi болып жерге орналастыру табылады. ҚР жер заңдылығына сәйкес, жерге орналастыру, жерлердi тиiмдi пайдалану мен қорғауға бағытталған кешенді шаралар жүйесi болып табылады.
Қазiргi кезде, өндiрiстiң жаңа әдiстерiнiң пайда болуына, өндiрiстiк және жер қатынастарының өзгеруiне байланысты, жерлердi а.ш. өндiрiсiнiң маңызды құралы елді-мекендердiң, кәсiпорындардың, көлiктiң, байланыстың базисы ретiнде тиiмдi пайдалану деңгейін арттыру қажеттiлiгi туындайды. Осыған байланысты, жердiң өзiн және онымен тығыз байланысты өндiрiс құралдарын дұрыс және тиiмдi орналастыру формаларын таңдаудың маңызы аса зор.
Жалпы айтканда, жерге орналастырудың түрлерiне сәйкес келетiн олардың үш үлкен тобын атап өтуге болады:
1. шаруашылықаралық
2. iшкi шаруашылық
3. учаскелiк.


Ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобалары бұрыннан қалыптаскан немесе жаңадан құрылған жерге жеке меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар шекарасында жасалады және тек қана а.ш. өндiрiсiмен байланысты. Сонымен катар, жобамен қарастырылатын жердi орналастыру формалары шаруашылыктың өндiрiстiк типінен, яғни онын мамандандырылуынан, негiзгi және қосымша салаларынан, табиғи жағдайлар мен территорияның кеңiстiк ерекшелiктерiнен, климатынан, суармалы және суарылмайтын жерлердiң көлемiнен, елді-мекендердiң санынан және басқада табиғи, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық жағдайларға байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет