3.Жобаның маңызды орталық құрамдас бөлігі болып алқаптарды ұйымдастыру табылады. Оның мазмұны қазіргі талаптарға сәйкес жердің әр бір учаскесін мелиоративтік, агротехникалық және т.б. шаралар негізінде қарқынды пайдалануын көрсетеді. Алқаптарды ұйымдастыру мазмұны 2 элементке бөлінеді. Біріншісі барлық жер алқаптарының пайдалануын а.ш. айналымына еңгізу арқылы жақсарту, жобаланған мелиоративтік және мәденитехникалық шаралар есебінен а.ш. алқаптарды көбейту. Екіншісі - а.ш.алқаптарды қарқынды пайдалануын арттыруға, экономикалық тиімді және экологиялық тұрғысынан ұтымды егістік көлемдерін анықтауға бағытталған. Жобалык планда және жер экспликациясында көрсетілген алқаптарды ұйымдастыру нәтижесінде, сондай-ак іріленген сметалық-қаржылық есептеулер негізінде келешекте жұмысшы жобалары жасалады. Сонымен қатар, алқаптарды ұйымдастыру нәтижесінде егістік массивтерінің, көп жылдык екпелердің, жайылым мен шабындықтардың шекаралары белгіленеді.
4. Ауыспалы егістік жүйесін ұйымдастыру барысында олардың типтері, түрлері мен сандары анықталады. Ауыспалы егістіктерді орналастыру бірқатар жағдайларды ескере отырып жүзеге асырылады және де егістік жерлердi жақсарту максатында кешендi мелиоративтік, агротехникалык шараларды жүргізуді қарастырады. ІШЖО жобасында, жоғарыда аталған құрамдас бөлiктерiнде, территорияны ұйымдастырудың өндiрiстiк құрылымының негiзiн құрайтын жалпы шаруашылыктық шешiмдер қарастырылады. Алқаптар территориясын ұйымдастыру барысында тығыз байланыста екi бағыт қарастырылады:
1. Технологиялық
2. территориялық.
Технологиялық бағыт барысында а.ш. өндiрiсiнде тиiмдi жүйелерді (ауыспалы егiстiктердi, жайылым айналымдарды, шабындық айналымдарды және т.б.) қолдануға мүмкiндiк беретiн шаруашылық учаскелердiң сандық және сапалық сипаттамалары қамтамасыз етiледi.
Территориялық тұрғысынан жобаланған шаруашылық учаскелерде қажеттi жағдайларды ұйымдастыру керек, яғни тиiмдi көлемдердi, пiшiндi және орналасу орындарын. Сондықтан, ауыспалы егiстiктер танаптарын, көп жылдык екпе ағаштардың кварталдар мен клеткаларын, жайылымдағы малды кезектеп бағу өрiстерiн жобалаудағы айырмашылықтарын қарамастан, олардың территориясын ұйымдастыруда жалпы ережелер де бар. Бәрiне бiрдей жалпы ережелер болып əр жер учаскесiне жол жүйесін ұйымдастыру, топырақты эрозиядан қорғау шараларын қарастыру болып табылады. Ауыспалы егістік территориясын құру танаптар мен жұмысшы учаскелерін, қорғайтын орман жолақтарын, далалық жол жүйесiн, далалық қостарды және далалық су жабдықтау көздерiн орналастыру болып табылады.
5. Көп жылдық екпе ағаштар территориясын құру тұқым мен сорттарды, кварталдар мен клеткаларды, қосалқы шаруашылық орталықтарын орналастыру болып табылады. Көпжылдық екпе ағаштар территориясын құру ІШЖО барысында ғана емес, сондай-ақ, бөлек жұмысшы жоба ретiнде де жүргiзiледi.
6. Мал азықтық алқаптар территориясын орналастыру жайылым айналымдар мен шабындық айналымдарды ұйымдастыруды, олардың танаптарын, гурттық (отар) учаскелерiн, малды кезекпен жайылатын өрiстердi, жазғы лагерлердi, су көздерi мен суару пунктерін орналастыруды және жайылымдарды фермаларға, шаруашылық-есептiк, арендалық ұжымдарға бекiту болып табылады.
Сонымен, ІШЖО жобасы а.ш.кәсiпорындардың территориясын ұйымдастыру сұрақтарымен қатар, қоныстандыру жүйесiн, өндiрiстi, еңбек процессiн және басқару мен байланысты шешiмдердi де қарастырады.