Абрис - тұрпат‚ нобай, заттың бейнесін, қандай да бір объекті нысанын көрсететін сызық.
Жер учаскесі - жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі.
Комиссияның оң қорытындысы– тиісті жергілікті атқару органдарымен құрылатын комиссияның жер учаскесін беру туралы хаттама шешімі нысанындағы қорытындысы.
Нобайлар - жергілікті жердің маңызды элементтерін көрсететін, көз мөлшермен түсіруде орындалған сызба;
Жерге орналастыру жобасын әзірлеу Мемлекет меншігіндегі жерлерден жер учаскесін беру кезінде
Қолданыстағы жер учаскелерін ретке келтіру кезінде
жерге орналастыру жобасын әзірлеу комиссияның оң қорытындысы негізінде жүзеге асырылады
жерге орналастыру жобасын әзірлеу тапсырыс берушінің өтініші негізінде жүзеге асырылады.
жер учаскелерін бөлген кезде;
жер учаскелерін қосу (біріктіру);
жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамалары (конфигурациясы, шекаралары, алаңдары) өзгерген;
жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қою немесе сатып алу жағдайларында жүргізіледі.
Жерге орналастыру жобасы мынадай ретпен қажетті іс-шараларды жүзеге асыруды көздейді
1) жерге орналастыру жобасын әзірлеуге өтініш; 2) дайындық жұмыстары; 3) жерге орналастыру жобасын әзірлеу; 4) жерге орналастыру жобасын қалыптастыру; 5) жерге орналастыру жобасын бекіту; 6) жерге орналастыру жобасын орындау.
Дайындық жұмыстарының құрамында жоспарлау-картографиялық материалдарды іріктеу, мемлекеттік жер кадастрында жерге орналастыру, қала құрылысы, орман орналастыру, геодезиялық және картографиялық құжаттамаларда қамтылатын жер учаскелері туралы мәліметтерді жинау және зерттеу жүргізіледі.
Белгілі бір жер учаскесі туралы мемлекеттік жер кадастры мәліметтері қағаз және электрондық тасығыштарда, сонымен қатар белгіленген тәртіппен жер учаскесінің есепке алынған жері бойынша техникалық және телекоммуникациялық байланыс құралдарын қолдана отырып, жер кадастры мәліметтерінің банкіне тікелей рұқсат ету түрінде беріледі.