«Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы»



жүктеу 69.5 Kb.

Дата15.03.2017
өлшемі69.5 Kb.

Жергілікті  атқарушы  биліктің  аудан  халқы  алдындағы  имиджін 

қалыптастыру, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі 



«Жергілікті  атқарушы  органдар  басшыларының  халыққа  есеп  беру 

кездесулерін  өткізу  туралы»  №  1546  Жарлығын  іске  асыру  және  аудан 

тұрғындарын  ақпараттық  қамтамасыз  ету  мақсатында  аудан,  кент  және 

ауылдық округі әкімдерінің  есепті кездесулерінің кестесі,  сенім телефондары,  

елді мекендегі мәселелер жайлы тұрғындардың ұсыныстары мен ой-пікірлерін, 

ескертулерін жинауды қамтамасыз ететін арнайы жәшіктердің орналасқан жері 

туралы  мәліметтер  аудандық  «Тіршілік  тынысы»  газетінің  2013  жылғы                     

1 қаңтардағы № 1 санында,  қаңтар айының 9-30 күндері аралығындағы № 2,3,9 

сандарында аудан, кент және ауылдық округі әкімдерінің есепті баяндамалары 

жарияланды.  

Тереңөзек  кенті  мен  ауылдық  округі  әкімдері,  аудан  әкімі  кент  және 

ауылдық округтерде ағымдағы жылдың ақпан айында тұрғындар алдында есеп 

берді.    Есепті  кездесулер  ұйымдасқан  түрде  өтті,  халықтың  қатысуы, 

белсенділігі  жоғары  болды.  Аталған  жиындарға  аудандық  мәслихаттың 

депутаттары,  аудан  әкімінің  жауапты  қызметкерлері,  сала  басшылары, 

тұрғындар,  ҮЕҰ  мен  БАҚ  өкілдері,  оның  ішінде  «Қазақстан-Қызылорда», 

«Қоғам»  телеарналары  және  облыстық  «Сыр  бойы»  газетінің  аймақтық 

тілшілері қатысты. 

Есепті  кездесулер  туралы  материалдар  аудандық  «Тіршілік  тынысы» 

газеті  бетіндегі  «Билік  есеп  берді»  атты  айдарда,  облыстық  «Сыр  бойы» 

газетінде  де  жарияланып,  кездесулер  туралы  облыс,  аудан  тұрғындары  толық 

хабардар етілді. 

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  2012  жылғы              

14 желтоқсандағы  «Қазақстан-20» Стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің 

жаңа  саяси  бағыты»  атты  Қазақстан  халқына  арнаған  Жолдауын    аудан 

тұрғындары  арасында  түсіндіру  мен  жүзеге  асыру    мақсатында  «Аудандық 

ақпараттық-насихаттық  топтар  туралы»  3  ақпараттық-насихаттық  топ,  құрамы             

37  адам,  АНТ-дың  Тереңөзек  кенті  мен  ауылдық  округтерге  бөліну  кестесі,            

АНТ-дың  қызметін  ұйымдастыру  бойынша  іс-шаралар  жоспары»  жасалып, 

аудан  әкімінің  2012  жылғы  19  желтоқсандағы  №  341-ө    өкімімен  бекітілді. 

Аудандық АНТ-дың құрамында азаматтық қоғам өкілдері, аудандық «Тіршілік 

тынысы»  газетінің  редакторы  мен  жауапты  қызметкерлері,  мәслихат 

депутаттары,  серіктестік,  шаруа  қожалығы  төрағалары  бар.  Сонымен  қатар, 

кент және ауылдық округтерде аудан әкімінің өкімінен туындайтын іс-шаралар 

қабылданды. 

2013  жылдың    19  желтоқсанында  аудандық  мәдениет  үйінде  аудан  әкімі 

Елбасы 

Жолдауындағы 



«Қазақстан-2050» 

стратегиясы-қалыптасқан 

мемлекеттің жаңа саяси» бағыты бойынша аудандық мәслихаттың депутаттары, 

аудан  әкімінің  жауапты  қызметкерлері,  сала  басшылары  мен  мекеме 

қызметкерлері, 

ҮЕҰ-дар, 

БАҚ 

өкілдері, 



шаруашылық 

жүргізуші 

субъектілерінің басшыларымен кездесу өткізді. Кездесуде ауданда «Жұмыспен 

қамту-2020»  бағдарламасы  аясында  атқарылған  жұмыстар,  кәсіпкерлердің, 

ҮЕҰ-дың,  мектеп,  медицина  сала  қызметкерлерінің  ұсыныс-пікірлері 

тыңдалды. Кездесуге барлығы – 300 адам қатысты. 



Ағымдағы  жылдың  қаңтар  айының  11-12  күндері  Қазақстан 

Республикасы 

Парламенті 

Мәжілісінің 

депутаттары 

Қ.Ыдырысов, 

Г.Сейтмағанбетова  және  Г.Исембаева  Елбасы  Жолдауына  байланысты 

Айдарлы,  Жетікөл,  Аманкелді,  Бесарық,  Қоғалыкөл,  Шіркейлі,  Н.Ілиясов, 

Шаған,  Ақжарма,  Іңкәрдария    ауылдық  округтерінде,  барлығы  10  ауылда  10 

кездесу  өткізді.  Кездесу  жиналыстарына  ауыл  активімен,  ҮЕҰ  мен  жастар 

ұйымдарының  жетекшілері,  ауыл  тұрғындары  қатысты.  Кездесу  барысында 

Мәжіліс  депутаты  Елбасы  Жолдауының  7  басым  бағыттарына,  индустриялық 

картаға  байланысты  облысқа  салынатын  инвестициялық  жобалар,  «Ақ  бұлақ» 

бағдарламасына  сәйкес    ауыз  су  жүйесіне  қаржы  бөлу,  шағын  кәсіпкерлікті 

дамытуға  байланысты  бөлінетін  несие  мен  жинақталатын  құжаттың  көптігі, 

денсаулық  сақтау  саласына,  егінге  берілетін  судың  тарифінің  қымбаттығы, 

азық-түлік  өнімдері,  жанар-жағар  майдың,  электр  энергиясы  бағаларының 

өсуіне  байланысты,  т.б.  сұрақтар  берілді  және  депутат  Қ.Ыдырысовтың, 

Г.Сейтмағанбетова  және  Г.Исембаеваның  аудан  әкімі,  орынбасары  тарапынан 

жауаптар  берілді.  Мәжіліс  депутатымен  бірге  аудан  әкімі  Ғ.Әбілтай,  аудан 

әкімінің орынбасары, аудандық АНТ жетекшісі  Б.Лекеров,  «Нұр Отан» ХДП 

аудандық  филиалының  орынбасары  М.Омаров  бірге  жүрді.  Аталған 

кездесулерге барлығы - 950 адам қатысты. 

 

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Әкімшілігі  Басшысының 



орынбасары  Б.Майлыбаев  бекіткен  зейнетақы  жүйесін  жаңғыртудың  негізгі 

бағыттарын  түсіндіру  бойынша  медиа-жоспарға  сәйкес,  үстіміздегі  жылдың               

9 сәуір күні аудан әкімінің бастауымен ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары 

Ж.К.Дүйсебаев, Р.У.Ким, К.Н.Бұрханов, Б.Смағұл Шіркейлі, Шаған, Ақжарма, 

Іңкәрдария  ауылдық  округтерінде  болып,  сонымен  қатар  ҚР  Парламент 

Мәжілісінің  депутаты  М.Айсина,  аудан  әкімінің  орынбасары  Е.Әжікенов 

бастаған ақпараттық топ мүшелері аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік  

бағдарламалар  бөлімінің  бастығы  Б.Өтегенова,  аудандық  білім  бөлімі 

бастығының  міндетін  атқарушы  Ү.Жұмабаевалар  Айдарлы,  Аманкелді, 

Жетікөл, Бесарық ауылдық округтерінің  халқымен кездесіп, зейнетақы жүйесін 

жаңғырту туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 

6  шілде  күні  жұмыс  сапарымен  Қазақстан  Республикасы  Парламент 

Мәжілісінің  депутаты  Құттықожа  Ыдырысов  келіп,  әлеуметтік  нысандарды 

аралады.  Мұнан  соң  «Нұр  Отан»  Сырдария  филиалының  салынып  жатқан 

ғимарат,  емхана  құрылыстарын  аралап,  аурухана  қызметкерлерімен  кездесті. 

Жолдаудан  туындайтын  міндеттер  жайлы  айтты.  Сонан  соң  «Нұр  Отан»  ХДП 

ғимаратында тұрғындарды қабылдап, тұрғын үй, ардагерлер мәселесі, жер алу, 

жұмыспен  қамту  мәселелері  бойынша  тұрғындардың  сұрақтарына  тұщымды 

жауап берді.  

 

5  тамыз    күні  ауданымызға  облыс  әкімі  Қ.Көшербаев  бастаған  ҚР 



Парламент  мәжілісінің  депутаты  Қ.Сұлтанов  және  сенатор  Ә.Ахметов  іс-

сапарда  болды.  Мәртебелі  меймандар  алдымен  кент  орталығында  орналасқан 

аудандағы  білім  ордаларының  қарашындағы  №35  И.Тоқтыбаев  атындағы 

мектеп-лицей  ғимаратының  күрделі  жөндеу  жұмыстарының  барысымен  және 

Сырдария өзеніне салынып жатқан көпір құрылысымен танысып, «Шаған Жер» 

ЖШС-нің күріштігінде болды. 



 

28 тамыз күні  Шіркейлі ауылындағы Аббас Камалатдин төрағалық ететін 

«Мәді  қажы»  ЖШС-нің  егінжайындағы  лента  қию  рәсіміне  ҚР  Парламенті 

Сенатының депутаты Қ.Баймаханов, М.Мұхамедов қатысты.   

Елбасы  Жолдауы  жарияланған  күннен  бастап  есепті  мерзімге  аудан 

тұрғындары  арасында  Жолдауды  түсіндіру,  кеңінен  насихаттау  мақсатында 

ұжымдарда  талқылау  жиналыстары,  дөңгелек  столдар,  т.б.  барлығы  25  түрлі 

шаралар ұйымдастырылып, оған 2 000 адам қамтылды. 

Жолдаудың басым бағыттары бойынша көрнекі үгіт-насихат құралдарын 

орналастаруға  сәйкес  Тереңөзек  кенті  мен  ауылдық  округтерде  23  билборд,              

10 керме жасалып ілінді. 

Елбасы  Жолдауын  насихаттау,  негізгі  басымдықтары  мен  міндеттерін 

түсіндіру және олардың жүзеге асырылуы бойынша баспа құралдарында және 

электронды БАҚ-да арнайы айдарлар ашу, ақпараттық-насихаттық материалдар 

жариялауға байланысты Елбасы Жолдауының толық мәтіні аудандық «Тіршілік 

тынысы» газетінің 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 104 санында, 1 қаңтардан 

бастап № 1-26  сандарында «Жолдауды қолдау», «Жолдау  – бағытымен» атты 

айдарлар  ашылып,  онда  аудандық  мекеме,  бөлім  басшылары  мен  жауапты 

мамандарының,  мәслихат  депутаттарының,  ҮЕҰ  мен  жастар  ұйымдары  

жетекшілері,  кәсіпкерлердің,  қарапайым  тұрғындардың,  барлығы  40  материал 

жарық көрді. 

 

2013  жылдың  14  мамыр  күні  Қазақстан  Республикасының  Премьер 

Министрі 

С.Ахметовтың 

тапсырмасына 

сәйкес 


«Халықтық 

ІРО» 


бағдарламасын  облыс  халқын  кеңінен  насихаттау  мақсатында  арнайы 

ақпараттық топ түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында іс сапармен ауданда 

болды.  Топ  құрамында  «Самұрық-Қазына»  Ұлттық  әл-ауқат  қоры»  АҚ-ның 

үйлестірушісі  Матерзаева  Жанат  және  «Қазпочта»  АҚ-ы  облыстық 

филиалының бөлім бастығы және «Смамұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» 

АҚ-ның лекторы Сәндібекқызы Алия. 

Аталған  топ  мүшелері  «Халықтық  ІРО»  бағдарламасын  түсіндіру 

мақсатында  аудандық  ауруханада  және  №36  Ә.Тәжібаев,  №35  И.Тоқтыбаев,                           

№210  О.Абдулпаттаев  атындағы  мектептерінде  болып,  қызметкерлерімен 

кездесулер өткізді. Қамтылғаны 300 адам. 

28  мамыр  күні  аудандық  мәдениет  үйінде  облыстық  ішкі  саясат 

басқармасы  мен  «Самұрық»  инновациялық  идеяларды  дамыту  орталығы» 

қоғамдық  қорының  ұйымдастыруымен  аудан  тұрғындары  арасында  «Діни-

рухани  үйлесім  негізі»  тақырыбында  ақпараттық  –  насихаттық  топ  мүшелері 

семинар өткізді. 

Аталған  ақпараттық  -  насихаттық  топ  Қызылорда  облысы  бойынша  дін 

істері  департаментінің  жауапты  маманы,  ҚМБД-ның  Қызылорда  облысы 

бойынша өкілдігінің имамы және дінтанушы мамандарынан құрылған. 

4  маусым  күні  сағат  11

00

  –де  аудандық  мәдениет  үйінде    аудандық  ішкі 



саясат  бөлімі  және  аудандық  «Мирас»  жастар  ұйымы»  қоғамдық  бірлестігінің 

ұйымдастыруымен  аудан  жастарының  белсенділігін  арттыру,  жастар  бойында 

патриоттық  тәрбиені  қалыптастыру  мақсатында  4  маусым  –  Қазақстан 

Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған Сырдария аудандық 

форум өткізілді.  

Форумға 300 адам қатысты. 



4  шілде  күні  жастар  саясатын  жүзеге  асыру  және  бұқаралық  спортты 

дамыту мақсатында «Қуатты да, салауатты Қазақстан үшін» атты Қалжан-ахун 

ауылы жастарының арасында шағын футболдан сайыс өткізілді. 

 

«Мирас»  жастар  ұйымы  қоғамдық  бірлестігінің  ұйымдастыруымен  2013 



жылдың 

25 


шілде 

күні 


Жетікөл 

ауылында 



«Мен-Қазақстанның 

болашағымын!»  тақырыбында  ауылдық  жердегі  жастардың  белсенділігін 

арттыру,  жастардың  бос  уақытын  тиімді  пайдалану  мақсатында  пікірталас 

сайысы өткізілді. 

 

Сонымен  қатар,  «Мирас»  жастар  ұйымы  қоғамдық  бірлестігінің 



ұйымдастыруымен  2013  жылдың  25  шілде  күні  Айдарлы  ауылында  Елбасы 

Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан-2050»  стратегиясы-қалыптасқан  мемлекеттің 

жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау барысында 

ауыл жастарымен кездесу ұйымдастырылды. 

23  шілде  күні  кент  мәдениет  үйінде  «Сырдария  жастары»  жастар 

қоғамдық  бірлестігі  және  «Қызылорда  жастары»  Қауымдастығымен  бірлесіп 

жастардың  кәсіпкерлігін  дамыту  және  қолдау  механизмдерін  қалыптасытру 

бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылды. 

21  маусым  күні  Қазақстан  Республикасының  денсаулық  сақтау  саласын 

дамытудың  «Саламатты  Қазақстан»  мемлекеттік  бағдармасы  шеңберінде 

Қызылорда  облысының  салауатты  өмір  салтын  қалыптастыру  орталығы  мен 

«Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қоры аудан 

тұрғындары  арасында  салауатты  өмір  салтын  насихаттау  және  қантамырлары 

аурулары мен сүт безінің қатерлі ісігін-алдын алу мақсатында орталық алаңда 



«Өзіңізді сүт безі қатерлі ісігінен сақтаймыз!»«Өз жүрегінді сақтап, өз қан 

қысымынды біл!» ұранымен денсаулық акциясы өткізілді. 

Акция  бағдарламасында  дәрігер  мамандарының  аудан  тұрғындарына 

кеңес берулері, қан қысымын өлшеу, ЭКГ, ренген аппаратына түсіру, сонымен 

бірге  қанның  құрамындағы  глюкоза  және  хрестерин  мөлшерін  анықтау 

жұмыстары жүргізілді. 

Сонымен  қатар,  облыстық  жастар  саясаты  мәселелері  басқармасы  және 

«Қызылорда  жастары»  қауымдастығының  ұйымдастыруымен  «Жастар 

арасында  кәсіпкерлікті  дамытуға  және  ақпараттық  қолдау  көрсетуге 

бағытталған  ресурсттық  орталық  жұмысын  ұйымдастыру»  әлеуметтік 

маңызды жобасы аясында жастар саясатын жүзеге асыру бағытында ресурсттық 

орталықтың  рәсімі  аудандық  ішкі  саясат  бөлімінде  орналасқан  жастар 

орталығында ұйымдастырылды.   

27 маусым күні сағат 10

45

-



 

де облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Ақ 

босаға» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен  кент мәдениет үйінде аудан 

тұрғындары  арасында  «Шаңырақ  шаттығы»,    «Отбасын  нығайту  және 



сақтау – мемлекеттің басты саясаты» тақырыптарында семинар өткізді. 

3 шілде күні  кент мәдениет үйінде облыстық ішкі саясат басқармасының 

тапсырмасы  бойынша  «Ақ  босаға»  әйелдер  қоғамдық  бірлестігінің 

ұйымдастыруымен  «Қазақстан-2050»  стратегиясын  насихаттау  бағытында 

«Отбасын сақтау және нығайту–мемлекеттің басты мақсаты» тақырыбында оқу 

курсын ұйымдастырды. 

27  шілде  күні  аудандық  ішкі  саясат  бөлімінің    қолдауымен  «Нұр  Отан» 

ХДП 


аудандық 

филиалының 

және 

аудандық 



прокуратураның 

ұйымдастыруымен  «Ашық  есік»  күнін  7  елді  мекенде  өткізді.  Барлық 

ауылдардағы  «Ашық  есік»  күнінде  «Нұр  Отан»  ХДП  аудандық  филиалы 

төрағасының  бірінші  орынбасары  М.Омаров,  аудан  прокуроры  М.Ерназаров, 

аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы 

Б.Өтегенова жекелеген азаматтармен қабылдау жүргізді. 

23  шілде  күні  кент  мәдениет  үйінде  «Сырдария  жастары»  қоғамдық 

бірлестігі «Жастардың кәсіпкерлігін дамыту» «Өз ісің: қадаммен немесе бизнес 

жобаларды  меңгеру»  жобасы  аясында  жастар  арасында  кәсіпкерлікті  дамыту 

мақсатында семинар-тренинг өткізді. 

10 тамыз күні аудандық ішкі саясат бөлімінің мәжіліс залында аудандық 

ішкі  саясат  бөлімінің  қолдауымен  «Мирас  жастар  ұйымы»  қоғамдық 

бірлестігінің  ұйымдастыруымен  «12  тамыз-Халықаралық  жастар  күні» 

мерекесіне  арналған  «Сыр  елінің  жалынды  жастары»  атты  дөңгелек  үстел 

өткізілді. Дөңгелек үстел барысында аудан көлемінде жастар саясатын жүйелі 

жүргізу  мақсатында  атқарылып  жатқан  жұмыстар  туралы  –  аудандық  ішкі 

саясат  бөлімінің  басшысы  А.Мырзахметова,  жастар  арасында  салауатты  өмір 

салтын  дамыту  бағытындағы  жұмыстары  туралы  –  «Сырдария  ұрпақтары» 

қоғамдық  бірлестігінің  төрағасы  С.Отызбаев,  жас  отбасы  қоғам  дамуының 

қайнар  көзі  –  «Сырдария  ауданының  әйелдері»  қоғамдық  бірлестігінің 

төрайымы  Ұ.Жаналиева,  «Сырдария  жастары»  ҚБ  және  «Жас  Отан»  ЖҚ 

Сырдария аудандық филиалының атқарып жатқан жұмыстары туралы Е.Жақып 

және  «Мирас»  жастар  ұйымы»  қоғамдық  бірлестігінің  алдағы  уақытта 

атқарылатын жұмыстары туралы Б.Қарамырзаев хабарлама жасады. 

Аталған  дөңгелек  үстелге  аудан  жастары,  ҮЕҰ  және  БАҚ  өкілдері 

қатысып, шара барысында ауданның белсенді жастары марапатталды. 

 

22  тамыз  күні  аудандық  кент  мәдениет  үйінде    ішкі  саясат  бөлімінің 



қолдауымен 

«Мирас» 


жастар 

ұйымы» 


қоғамдық 

бірлестігінің 

ұйымдастыруымен «Ата заңым  - айбарым» атты жастар арасында Қазақстан 

Республикасы Конституция күніне орай Аманкелді ауылдық округінде көшпелі 

шара ұйымдастырылды. 

 

24  тамыз  кент  мәдениет  үйінде  аудандық  ішкі  саясат  бөлімінің 



ұйымдастыруымен  «Сырдария  ауданының  әйелдері»  қоғамдық  бірлестігінің 

ұйымдастыруымен ақындар мүшәйрасы өткізілді. 

 

Сырдария  ауданы  бойынша  8  қыркүйек-Отбасы  күні  мерекесін  атап  өту 



мақсатында аудандық іс-шара жоспары жасалып бекітілді. 

8  қыркүйек  отбасы  күніне  орай  аудандық  ішкі  саясат  бөлімінің 

қолдауымен  «Сырдария  ауданының  әйелдері»  қоғамдық  бірлестігінің 

ұйымдастыруымен  2013 жылдың 10 қыркүйек күні аудандық мәдениет үйінде 

«Жас  отбасы-2013»    атты  аудандық  байқау  өткізілді.  Байқаудың  мақсаты  - 

отбасы құндылықтарын дәріптеп, білім деңгейлерін, өнерін, мәдениеттіліктерін 

көтеру мақсатында ұйымдастырылды. Аталған шараға аудан бойынша бес жас 

отбасы  қатысып,  барлығы  да  дипломдармен,  бағалы  сыйлықтармен 

марапатталды.  

 

18  қыркүйек  күні  облыстық  «Ұрпақтан  ұрпаққа»  қоғамдық  бірлестігінің 



ұйымдастыруымен  Н.Ілиясов ауылы №132 Т.Айтбаев атындағы мектептің акт 

залында    «Елдің  атын  Ер  шығарады,  Ердің  атын  ел  шығарады»  тақырыбында 

аға буын өкілдері мен жастардың кездесуі өткізілді. 


 

9-14  қыркүйек  аралығында  аудандық  ішкі  саясат  бөлімінің  қолдауымен 

Сырдария  аудандық  «Мирас  жастар  ұйымы»  қоғамдық  бірлестігінің 

ұйымдастыруымен  «Жастар  Жолдауды  қолдайды»  тақырыбында  көшпелі 

негізінде  ауылдық  округтерде  мерекелік  іс-шаралар  мен  дөңгелек  үстелдер, 

семинар  тренингтер  өткізілді.  Қамтылған  ауылдар:  Ақжарма,  Бесарық, 

Шіркейлі,  Іңкәрдария,  Шаған,  А.Тоқмағанбетов.  Іс-шаралар    барысында 

белсенді жастар марапатталды. 



 

 




©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал