Жылдың әр мезгілінде шөптердің емдік қасиеті әртүрлі
Жылдың әр мезгілінде шөптердің емдік қасиеті әртүрлі
Дәрумендердің мөлшері
Гүлдеу мен жеміс берудің бастапқы кезеңінде жапырақ пен сабақтарында;
Толық пісіп жетілген кезде, жемісінде;
Күз келгенде, өсімдіктің жер үстіндегі бөлігі солып қалғанда тамырында көп болады.
Шөптерді кептіргенде неге мән беріледі?
– Ең бастысы өсімдіктің жапырағын, шөбін, гүлін күнге кептіруге болмайды. Күн түскен кезде ол өзінің бойындағы дәрумендерінен айырылады. Кептірудің ең қолайлы әдісі – шатыр астында құрғақ желдету. Кептіру кезінде тамырларды күніне кетпенмен немесе күрекпен бірнеше рет аударып отыру керек. Ауа-райы қолайсыз болған кезде өсімдікті арнайы пеште кептіруге болады. Пеш жағылғаннан кейін 2-3 сағаттан соң кептірмесе, шөп күйіп кетуі мүмкін. Пештегі температура 80-90°С болу керек. Бірақ, жапырақты, гүлді пеште сирек кептіреді. Әр шөптің жарамдылық мерзімі бар. Олар уақыт өткен сайын қасиеттерін жоғалтады.