Сұңғыланың ғылыми атауы – цистанхе лат – Cistanche. Көктемде тез бой көтеріп, ал жаз шыға бере сабағы қурап қалады. Сәуірдің ортасында гүлдей бастаған кезде, 10-15 күн ішінде теріп алады. Содан кейін тамырларды тазалап жуып, кептіреді.Орта есеппен бір маусымда 4,5тонна сұңғыла жиналса, құрғатылғанда шамамен 700-800 кг құрайды. Емшілер мұны цистит және пелионефритке қарсы қолданған.Сонымен қатар ми мен денені байланыстырып, қимыл-қозғалысқа келтіретін жүйке жүйесін барлық зиянды факторлардан қорғайды. Бүйрекауырғанда, еркектің бел қуатынан айырылғанда пайдаланады.
Қызылмия
Қызылмия. 2013 жылдан бері Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы бірнеше ауылдың тұрғындары қызылмия шөбін аяусыз отап жатқаны жөнінде дабыл қағылып келеді. Оны кейде "жалаң мия" деп те атайды.Жан-жануар аузына салмайтын ащылы-сортаң "есекмиямен" шатасып кетпеңіз. Ол басқа. Қызылмияның жапырағы мен сабағын қой малы сүйсініп жейді. Ол сұңғыла сияқты құмда емес, Жайық, Шу, Іле, Сырдария өзенінің жағаларында, жер асты сулары жақын тоғайларда өседі.
Арпа. Бір жылдық шөп тектес дақыл. Халық медицинасында бойға қуат беретін арпа дәнінің қайнатпасы асқазан мен ішек ауруларын, денедегі бөртпелерді жазып, бүйректегі тасты түсіріп, қуықтың қабынуына ем.

Қарандыз. Сазды жерде өседі. Түбін дәрі ретінде пайдаланады. Жөтелгенде түбірін аршып ауызға салады
Итмұрын. Жемісінің құрамында илік заттар, С, К, Р, Е, В тобындағы дәрумендер, каротин, қант, лимон, алма қышқылдары, аздаған мөлшерде белок, май, гликозидтер бар. Итмұрын жемісі, тұнбасы малға да, адамға да өте пайдалы.

Аскөк. Одан жасалынған дәрі-дәрмектер медицинада қан қысымын төмендетуге, қан тамырларын кеңейтуге, несеп, өт жүргізу, қақырық түсіру үшін қолданылады.