Жергілікті өлкенің (қаланың, ауданның) табиғаты. Табиғатты қорғау



бет20/27
Дата09.01.2023
өлшемі127,49 Kb.
#60713
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27
Байланысты:
Баяндама Дәрия (1)

Тақырыбы: Балабақшадағы табиғат бұрышы: ресімделуі, мазмұны, кеңестері.
Балабақшадағы табиғат бұрышын қалай ұйымдастырамыз? Балабақшадағы табиғат бұрышында не болуы тиіс? Бұл мақалада осы сұрақтарға және балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін оятуға байланысты басқа да сұрақтарға жауап береміз.
Балабақшадағы табиғат бұрышын безендіру
Балабақшада балаларды табиғатпен таныстыру үшін табиғатпен үнемі тікелей байланыста болу талап етіледі. Табиғат бұрышына өсімдіктер мен жануарларды іріктеп алуда мыналарды ескеру керек: өсімдіктер мен жануарлар әр топтың жас мөлшеріне сай болуы тиіс.
Өсімдіктер мен жануарлар әдеттегі экологиялық немесе жүйелік топқа жатуы тиіс. Бұл ретте балаларды көптеген өсімдіктер мен аңдардың негізгі ерекшеліктері мен өзіндік қасиеттерімен таныстыруға мүмкіндік бар.
Табиғат бұрышын мекендеушілерді күтуге жұмсалатын күш пен еңбек ету түрі мектеп жасына дейінгі баланың жас мөлшеріне сай (тәрбиешінің жетекшілігімен) болуы керек. Сондықтан өсімдіктер мен жануарлардың Балабақшадағы табиғат бұрышында не болуы тиіс
Табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен жануарлар мектеп жасына дейінгі баланың әлі қалыптаса қоймаған зейінін аударатын және сыртқы пішімі жағынан тартымды болғаны абзал.
Өсімдіктер мен жануарлардың бірнеше түрі болғаны дұрыс; балалар бақылау нысанынан тек жалпы ұқсастықты емес, сондай-ақ жеке айырмашылықтарын да көретін болады, бұл олардың тірі ағзалардың қайталанбайтыны және әртүрлі болатыны туралы негізгі түсінікті қалыптастырады.
Өсімдіктер мен жануарлар бала денсаулығына ешқандай зиян келтірмейтіндей қауіпсіз болуы тиіс.
Балалар мекемесінің ғимаратында, өсімдіктер мен жануарлардың қалыпты дамуы мен өсуіне барлық мүмкіндік жасаған жөн.
Табиғат бұрышын мекендеушілерді орналастыруда бірінші кезекте олардың биологиялық ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, қамқорлық жасаған дұрыс. Осылай бөлме өсімдіктері (қазтамақ пен кактус және т. б.) күн сәулесінің мол болуына мұқтаж, оларды бөлменің ең жарық жеріне қою керек, бұлардан басқаларының (түйінді шегіргүлі) тікелей күн сәулесін қабылдауы нашар.
Кесіртке мен құрбақаның жаратылысы ерекше, террариумды кесіртке күнге жақсы қыздырынатын жерге орналастырып, ал құрбақаны үнемі көлеңкеде ұстаған жөн.
Тағамдық улану (ата-аналарға кеңес беру)
Педагог-психолог құжаттамасы
Балабақшадағы еңбек тапсырмалары
Балабақшадағы өз қолыңмен жасаған табиғат бұрышы
Сонымен қатар, табиғат бұрышы тартымды, ішкі көрінісі қызығарлықтай үйлесімді болғаны дұрыс. Сондай-ақ, табиғат бұрышындағы нысандарды балалар еркін түрде қолына ұстай, бақылай, күте алатындай етіп орналастыру керек.
Балабақшаның барлық табиғат бұрышының мекендеушілерін тұрақты және уақытша деп бөлуге болады. Алғашқылары табиғат бұрышында жыл бойы өмір сүреді (бөлме өсімдіктері, балықтар т. б.), ал кейінгілері қысқа мерзімдік уақытқа ғана әкелінеді.
Уақытша мекендеушілер – олар тұрақты аймақтың өсімдіктері мен жануарлары, бұлардың тіршілік ету түрі жыл мерзімінің маусымына қарай (көктемгі наурызгүл, гүлбақтарының әдемі өсімдіктері, күзде бүр жаратындар, жәндіктер және т. б.) ерекше өзгеріп отырады.
Балабақшадағы табиғат бұрышын тұрақты мекендеушілер – бөлме өсімдіктері. Олардың бірі – көп және ұзақ бүр атады, ал енді бірінің жапырақтары әдемі, олардың сабақтары (тік өсетін, жатып, биіктеп, бұйраланып және т. б.) әртүрлі болып келеді




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет