Жергілікті өлкенің (қаланың, ауданның) табиғаты. Табиғатты қорғау



бет8/26
Дата09.01.2023
өлшемі217,86 Kb.
#60712
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26
Байланысты:
Баяндама Дария (1)

Тақырыбы: Ойын, ойынның түрлері және тиімділігі.

Орындаған: Қабиева Д.Қ


Топ:ДО2Б(11)
Жетекші: Секенова И.К
2023 жыл
Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму қуралы, та-ным көзі, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынды әрбір адам ойнап өседі, ойынды көп ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз сезімтал тұлға болмақ. Әрине, ойын адамның дамуына, қалыптасуына әртүрлі әсер береді. Кей бала ойында шынайы өмірді бейнелесе, кей бала ішкі сезімін білдіреді. Ойынның дамуына және баланың ойынға араласуына әсер ететін факторлар өте көп. Мысалы, үлкендердің ойынға басшылық жасауы, ойыншықтар, баланың өсетін ортасы, балалар ұжымы, баланың тәрбиесі т.б. Дегенмен де ойын тек әрекет емес, балалардың да, үлкендердің де қызығушылық ермегі, адамды рахат және қанағат сезіміне бөлейтін іс-әрекеті. Балалар тұрмақ, үлкен адамдар да әлікүнге дейін ойнайды, әрине ойынның түрлері өте көп. Балалар ойынына талдау жасайтын болсақ, оның өзгеріп отыруы балалардың жас және жеке дара ерекшеліктеріне бай-ланысты. Мысалы, сюжеттік рөлді, қимыл-қозғалыс, драматизациялық, музыкалық, дидактикалық, құрастыру, ұлттық, спорттық, дамытушы ойындардың түрлері бар. Әрқайсысының өзіндік мәні, ерекшеліктері, мазмұны, ережелері, тәртібі, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық функциялары бар. Оның әрқайсысына жеке тоқталатын болсақ, сюжеттік рөлді ойындар ойынның алғашқы танымы десек, артық болмас.Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады. Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеуалдымен ойында басталады». Мысалы; сюжеттік — рөлді ойындар.Ойынның негізгі ерекшелігі ол балалардың қоршаған өмірді — адамдардың қимылын, іс-әрекеттерін бейнелеу болып табылады. Ойында бөлме теңіз, аспан кеңістігі де, темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар жағдайға ойынның өздері ойлаған түпкі ниеті мен мазмұнына лайықты маңыз береді.Ойын іс-әрекетінің тағы бір ерекшелігі — оның әрекеттік сипаты. Балалар ойын шығарушылар, ойынды жасаушылар болып табылады. Олар ойында өздеріне мәлім өмір құбылыстары мен оқиғалары туралы білімдерін бейнелейді, оларға өзінің қатынасын білдіреді.Балалар ойынының ерекшелігі сондай-ақ бейненің, ойын әрекеті мен сөздің ұштасуымен өзара байланыстылығында. Бұл оның сыртқы белгісі емес, шын мәні. Ойында бала өзі бейнелеген қаһарманның іс-әрекетімен, сезімімен тыныстайды. Кейде бейненің баланы баурап әкететіні соншалық, ол тіпті өзін әдеттегідей шақырғанға жауап та қатпайды.Балалар үн-түнсіз ойнамайды. Тіпті бала жалғыз болғанның өзінде ойыншықтармен сөйлесіп жүреді. Ойынға қиялдағы қатысушылармен әңгімелеседі, өзі мен мамасы үшін, науқас кісі мен дәрігер үшін сөйлеседі және т.б. Сөз нақ бір ойын әрекетін сүйемелдеуші болып табылады, бейнені, оған баланың өз қатынасын толығырақ ашады.Ойын процесінде сөйлесу қарым-қатынасы үлкен рөл атқарады. Сөйлесе жүріп балалар пікірлесіп, әсер алысып, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойында сөзбен уәделесу ұйымдастырушылық қызмет атқарады, балалар арасында өзара түсінісу мен достықтың, қоршаған өмірдің қайсыбір фактілері мен құбылыстарына бірдей көзқарастың пайда болуына және дамуына көмектеседі.Бейненің, ойын әрекеті мен сөздің өзара байланысы ойын қызметінің өзегі болып табылады, шындықты бейнелеудің құралы қызметін атқарады.Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар: ойынның түпкі ниеті, сюжеті немесе мазмұны; ойын әрекеттері, рөлдер; ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі. Бұл элементтер өзара тығыз байланысты және ойынды балалардың өзінше бір іс — әрекеті ретінде көрсетеді.Ойынның түпкі ниеті — бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы, мәселен: «дүкен», «аурухана», «қызы мен шешесі», «балабақша» және т.с.с. болып ойнау. Ол сөзде тұжырымдалып, ойын әрекеттерінің өзінде бейнеленеді, ойынның мазмұнында қалыптасады және ойынның өзегі болып табылады.Ойынның түпкі ниетіне қарай ойындарды азды-көпті мынадай типтік топтарға бөлуге болады:а) тұрмыстық құбылыстарды бейнелейтін ойындар («отбасы», «мектеп», «балабақша» және т.б. болып ойнау);ә) жасампаз еңбекті бейнелейтін ойындар (корабль салу, үйлер, стадиондар тұрғызу жәнет.б.);б) қоғамдық оқиғаларды, дәстүрлерді бейнелейтін ойындар (мерекелер, демонстрациялар, қонақтарды қарсы алу, саяхаттар
т.т.).Ойындарды бұлай бөлу, әрине, шартты ғана, өйткені ойын өмірдің алуан түрлі құбылыстарын бейнелеуді қамтуы мүмкін.Ойынның сюжеті, мазмұны — бұл оның жанды тұлғасын құрайтын, ойын әрекеттерінің, балалардың өзара қарым-қатынастарының дамуын, көп жақтылығын және өзара байланысын анықтайтын… Ойынның мазмұны оны қызықты етеді, ойнауға деген ықылас пен ынтаны қоздырады.Ойынның құрылымдық ерекшелігі мен түйіні — бала атқаратын рөл. Ойын процесінде рөлге берілетін маңызына қарай көптеген ойындар рөлді немесе рөлді-сюжетті ойындар деп аталады. Рөл әрқашан адамға немесе жануарға, ол қиялдағы қылықтарға, іс-әрекеттерге, қарым-қатынастарға қатысты болады. Солардың бейнесіне енген бала сол өзі қалап алған нәрсеге айналады, яғни белгілі бір рөлді ойнайды.

Ойын процесінде балалардың өздері (ал кейбір ойындарда — ересектер) ойнаушылардың мінез-құлқы мен өзара қарым-қатынасын анықтайтын және реттейтін ереже белгілейді. Ереже ойынға ұйымшылдық, тұрақтылық сипат береді, оның мазмұнын баянды етеді және қарым-қатынас пен өзара қарым-қатынастардың одан арғы дамуын, күрделене түсуін айқындайды. Сонымен бірге ойын ережесі жасқаншақ, ұялшақ балалардың ойынға белсендірек қатысуына көмектеседі.


Ойынның осы құрылымдық элементтерінің бәрі типтік болып табылады, бірақ олардың түрлі маңызы бар және әртүрлі ойындарда түрліше арақатынаста болады. Әрине ойынның әр түріне сипаттама беруге болады, дегенмен ойынның ішінде дидактикалық ойындардың білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мәні зор.

«С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ»КЕАҚ


ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет