Жергілікті өлкенің (қаланың, ауданның) табиғаты. Табиғатты қорғау



бет26/26
Дата09.01.2023
өлшемі217,86 Kb.
#60712
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Тақырыбы: Балаларды табиғатпен сөз арқылы таныстыру

Орындаған: Қабиева Д.Қ


Топ:ДО2Б(11)
Жетекші: Секенова И.К

2023 жыл
1.Тәрбиешінің әңгімесі. Тәрбиешінің табиғаттың түрлі құбылыстары және заттар жайындағы әңгімесі балалардың білімін едәуір молайтады. Алайда әсерлі сөз барлық уақытта нақтылы елестетулерге сүйенілуі тиіс. Балаларға таныс та жақын, бейнелі, әсерлі сөздерді пайдаланып әңгімелеген жөн.


Тәрбиешінің әңгімесі сәбилер тобына қарағанда естияр, ересек және мектепке даярлык топтарында көбірек орын алады. Тәрбиеші балалардын, бақылағандарын толықтырып отырады және қабылдамауға болмайтын объектілермен, құбылыстармен (құстардың қыстайтын орындарымен, жабайы аңдардың өмірімен және т. б.) таныстырады. Әңгіме үнемі картиналарды, диафильмдерді немесе дыбыссыз кииофильмдерді көрсетумен қоса қабат жүргізіледі. Осы мақсатпен балалар бақшаларына арналып шығарылған картиналар серияларын пайдалануға болады.
Кейде бақылағанды әңгімемен толықтыру қажеттігі туады. Мысалы, балалар серуен кезінде құмырсқалар быжынап жатқан илеуді көреді. «Олар не істеп жатыр?»— деп сұрайды балалар. «Қәнеки, байқап көрейік»,— дейді тәрбиеші. Бақылау процесінде ол құмырсқалардың қайда жорғалап бара жатқанын түсіндіреді. Құмырсқаларды аз уақыт бақылағаннан кейін тәрбиеші құмырсқалардың тіршілігі жөнінде тәптіштеп әңгімелеп береді.
2.Көркем шығармаларды оқу. Көркем шығармаларды оқығанда балаларда табиғат туралы білім жинақталады, табиғатқа деген ынтызарлық пен сүйіспеншілікке тәрбиеленеді, әсемдікті сезінуі дами түседі. Көркем сөзді пайдаланғанда оны балалардың тура қабылдауымен дұрыс байланыстыра білу керек. Кейбір әдеби шығармалар табиғатты — орманда, шалғында, далада—бақылағаннан кейін ба- . рып оқылуы мүмкін. Кейде шығарма бақылаудан бұрын оқылады. Мұндай оқудың маңызы туралы С. Т. Аксаков «Багров-немеренің балалық шағы» деген шығармасында тамаша айтады. Мұнда ол өзінің бес жастағы бала кезін еске ала отырып: «Мен өзімнің кітабымды масаттана оқыдым… Менің балалық ақылымда тіпті керемет өзгеріс болды да, мен үшін жаңа өмір ашылды… Мен «күннің күркіреуі туралы пікірлермен», найзағайдың, ауаның, бұлттың не екенін білдім; жаңбырдың пайда болуын және кардың шығу тегін білдім. Табиғаттағы көптеген құбылыстар, қызыға, түсінбей қарасам да, мен үшін мәнді де мағыналы болып есептелді, одан да әрі қызықтыра түсті. Құмырскалардың, аралардың әсіресе көбелектердің тұқымнан құрттарға, құрттардан хризалидаға және ең ақырында хризалидадан әдемі көбелекке айналғаны менің зейінім мен сезімімді меңгеріп алды; менде осылардың бәрін өз көзіммен бақылағым келу тілегі еріксіз пайда болды».
Бұрыннан таныс өсімдіктерді, жануарларды немесе табиғат құбылыстарын суреттеп жазу балалардың қабылдауын айқындап, бақылауға деген қызығушылығын тудырады. Мысалы, М. Пришвиннің «Алтын шабындық» очеркін тыңдағаннан кейін олар шабындықтың түріне күннің әр мезгілінде және әр түрлі ауа райында көңіл бөле бастайды. Бақбақтарды қарап көреді және оның гүлінің ашылғандағы және жабылғандағы қалпының өзгеруін байқайды.
Таныс емес өсімдіктер мен жануарларды суреттеу бұрыннан бар бақылауға және жалпы елестетулерге сүйенгенде табиғаттағы түсіндірілетін объектіні табуға көмектесетін жаңа бейне жасайды. Мысалы, тәрбиеші Н. Павлованын. «Қабықша сияқты» ертегісін оқып немесе әңгімелеп айтып береді. Серуен кезінде балалар ертегіде баяндалған белгілері бар қызыл бояу гүлін іздестіреді.
3.Әңгімелер. Әңгіме тәрбиешінің сұрақтарынан және оған балалардың қайтарған жауаптарынан тұрады. Бұл — бұрыннан бар білімді анықтап, оны кеңіте түсудің бағалы тәсілі, балалардың сөздік қорын молайту және олардың байланыстарын, сөйлеуін дамыту. Әңгіме кезінде тәрбиеші сұрақтар беру арқылы баланың ойлауына басшылык жасайды. Сұрақтардың саны мен реті осы сабақта шешілуге тиісті міндеттерге және балалардың жасына байланысты. Сұрақтарды балалардың тәжірибесін ескере отырып және олардың ойлауын белсенділендіруді көздеп құрастыру керек. Әңгімелесу кіріспе, қорытынды немесе бақылау және жаңадан алған білімді байланыстыру түрінде болуы мүмкін.
Кіріспе әңгіме қысқа болуы тиіс, оның мақсаты балаларда бұрыннан бар білімді жаңадан алған біліммен ұштастыру, оған деген қызығушылығын туғызу. Мұндай әңгімелер ересек және мектепке даярлық топтарында экскурсиялардан немесе- балалардың практикалық іс-әрекетінен бұрын жүргізіледі.
Барлық топтарда бақылаулармен немесе картиналарды көріп, қарай отырумен қатарласа жүргізілетін ең көп тараған және үнемі қолданылатын тәсіл әңгімелесу болып табылады. Бұл бүкіл дерлік сабақтың, экскурсиялардың, дидактикалық ойындардың элементі ретінде кіріп отырады.
Ең қиыны — қорытындылай әңгімелесулер болып табылады. Бұларды тек ересектер мен мектепке даярлық топтарында жүргізеді. Мұндай әдгімелер балалардың бақылаулары мен еңбек процесінде алған, бұрыннан таныс материалы негізінде құрылады және олардыи білімін нақтылай түсу мен жалпылау мақсатын көздейді.
Ересек балалар тобындағы корытынды әңгіменің үлгісі мынау. Бұл әңгіме балалардың күздегі табиғат құбылыстарын бақылауынан және күз туралы тақпақтар мен әңгімелерді тыңдағандарынан кейін өткізіледі. Мұндай әңгіме жүргізгенде төмеидегідей сұрақтарды ұсынуға болады: қазір жылдың қай мезгілі? Біз орманға (паркке) барғанда ауа райы қандай болды? Күзде ағаштардың жапырақтары қанда» жағдайда екен? Күзде орманда біз не естідік? Орманнан қандай құстарды көрдік? Торғайлар, қарғалар, қарлығаштар қайда кеткен? Олар неге ұшып кеткен? Көбелектер, қоңыздар, өрмекшілер қайда? кеткен? Күзде біз орманнан не жинадық? Күзде бақшада не істеледі? Күз кімге ұнайды? Неліктен?
Сұрақтар балалардың алған елестетулерін естеріне түсіріп, олардың «күз» туралы түсініктерін қорытындылай алатындай болуы тиіс. Әңгімені оларға таныс тақпақтар мен жұмбақтарды оқып берумен аяқтауға болады.
Мектепке даярлық тобының балаларына мына сияқты сұрақтарды; ұсынуға болады: неліктен сен күз келді деп ойлайсың? Құстар неге ұшып кеткен? Құрт-құмырсқалар неліктен жоқ болып кетті? Өсімдіктер неге солып қалған? Сұрақтардың қойылысы баланың ақыл-ой» мәселелерін өз бетінше шешуіне міндеттейді, мұнда ол өз тәжірибесіне, өз бақылауларынан алғандарына сүйенеді, осы мезгіл туралы түсінігін қорытындылайды.
Әңгіме балаларды фактілерді салыстыра, олардың арасындағы кейбір себептік байланыстарды аңғара білуге жетелеп отыруы тиіс, Бұған «неге?» және «сен қалай білдің?» деген сияқты сүрақтар көмектеседі, мысалы: қыста бақтағы ағаштардың бұтақтарында неге жапырақ болмайды, ал бөлмеде бұтақтардың жапырақтары пайда болған? Мұның қайың екенін сен қалай білдің?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет