Бөлімге сұрақтар
1. Жерді экономикалық бағалау деген не?
2. Жер учаскесінің орналасуы оның бағасына қалай әсер етеді?
3. Ауыл шаруашылық алқаптарды экономикалық бағалау қай мақсаттарда жүргізіледі?
4. Жерлерді экономикалық бағалаудың қандай негізгі көрсеткіштері болады?
5. Дифференциалдық пайда деген не?
6. Шығындар орнының толтырылуы деген не?
7. Жыртылатын жерлердің экономикалық бағалауы қалай жүргізіледі?
8. Мал азықтық табиғи алқаптарын бағалаудың ерекшелігі неде?
9. Нормативтік бағаны есептеу әдістемесінің ерекшелігі неде?
Ұсынылған әдебиеттер:
1.Сейфуллин Ж.Т. Земельный кадастр: Управление земельными ресурсами в рыночных условиях. – Алматы.: КазНИИЭОАПК, 2012.
2.Қазақстан Республикасының Салық кодексі, 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
3.Қырықбаев Ж.Қ., Карбозов Т.Е.,Ахметов Е.С. Шаруашылықаралық жерге орналастыру. Оқу құралы. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті баспасы. Астана,2017
4.Қазақстан Республикасының Жер кодексіЖаңартылған 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі.(Өзгерістер енгізілген, басылымға 2022 ж.шыққан)
Дәріс №9.Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің, елді мекендердің, өнеркәсіптің,
көліктің және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жердің құқықтықрежимі
Жоспар
1.Жер қорын жер санаттары бойынша бөлу
2.Жерді пайдаланудың ұйымдастырушылық-экономикалық мәні мен қарқындылығы
3.Санаттар бойынша жердің сипаттамасы
Мемлекеттік жер кадастрының объектісі болып, Қазақстан Республикасының барлық жерлерін қамтитын бірыңғай мемлекеттік жер қоры жатады. Жерге мемлекеттік меншіктік барлық жерлерді, олардың мақсаты мен міндет атқаруы және шаруашылық пайдалануына қарамастан, бірыңғай мемлекеттік жер қорына бірігуіне нақты себепші болды.
Қазақстан Республикасының аумағында табиғи жағдайлары бойынша мынадай аймақтар ерекшеленедi:
1) орманды дала;
2) дала;
3) қуаң дала;
4) шөлейттi;
5) шөлдi;
6) тау етегi-шөлдi-далалық;
7) субтропикалық шөлдi;
8) субтропикалық-тау етегi-шөлдi;
9) орта азиялық таулы;
10) оңтүстiк-сiбiр таулы аймақтар.
Қазақстан Республикасының жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес мынадай санаттарға бөлiнедi:
1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер;
2) елдi мекендердiң (қалалардың, кенттер мен ауылдық елдi мекендердiң) жерi;
3) өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер;
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер;
5) орман қорының жерi;
6) су қорының жерi;
7) босалқы жер.
Республика аймақтарының климаттық, топырақтық және экономикалық жағдайлары мен оларда жерлерді пайдалану сипаты әр түрлі болғандықтан облыстар мен республикада жер кадастрын жүргізудің ең бір маңызды міндеті - ауыл шаруашылық өндірістің табиғи–экономикалық аймақтар және әкімшілік аудандар бойынша жағдайларын даму ерекшіліктерін анықтауға мүмкіндік беретін мәліметтерді алу болып табылады. Облыста және республикада жер кадастрінің объектісі сол әкімшілік– аумақтық бірліктер шегінде орналасқан мемлекеттік жер қоры болып табылады.
Кадастрдің ең негізді әдісі ретінде жер кадастрлік құжатты жүргізуге, сол аумақтардың әр түрлі түсірулеріне, ізденіс-зерттеулердің мағлұматтарына, құжаттарына, жерге орналастыру, мелиорация және басқа жобаларының мағлұматтарына сүйенген құжаттық әдіс қолданады. Кадастрдың деректерін есепке алу мен оларды сақтау бірлігі тұйық шекарада бөліп шығарылған, белгіленген тәртіппен жер құқығы қатынастарының субъектілеріне бекітілген жер учаскесі болып табылады.
Кадастрда әрбір жер учаскесі үшін оны кеңістікте бірмәнді бөлуге, мөлшерін және орналасқан жерін айқындауға мүмкіндік беретін сәйкестендіру сипаттамалары, сондай-ақ учаскенің кадастрлық бағалау құны белгіленеді. Кадастрдың құрамына жер учаскесінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар туралы ақпарат кіреді.
Жер учаскесі туралы мәліметтер осы учаскеге бекітіліп берілген нөмірі, орналасқан жері, шекарасы және мәтіндік сипаттамасы көрсетілетін жер-кадастрлық карталармен арақатынаста болады.
Мемлекеттік жер кадастрының мәліметтерін қалыптастыру топографиялық-геодезиялық, аэроғарыштық, картографиялық, жерге орналастыру жұмыстарын, топырақ зерттеу, геоботаникалық зерттеулер мен ізденістер, жер мониторингі жөніндегі жұмыстарды, жерді сандық және сапалық есепке алуды жүргізумен, нақты жер учаскесіне жер-кадастр ісін жасаумен, жер-кадастр карталарын, жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын, жер-кадастр жоспарын дайындаумен қамтамасыз етіледі.
3.Қазақстан Республикасының жер заңнамасында барлық жерлерді белгілі бір санаттарға бөлу белгіленген. Жер санаты – жер қорының негізгі мақсаты бойынша бөлінетін және пайдалану мен қорғаудың белгілі бір құқықтық режимі бар бөлігі.
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес республикадағы әкімшілік- аумақтық бірліктер өңірлер мен елді мекендер болып табылады. Өңірлерге республикалық әкімшілік-аумақтық құрылыстың негізгі буындары ретінде облыс, аудан, ауылдық (селолық) округ жатады. Елді мекендер қалалық және ауылдық болып бөлінеді. Қалалықтарға республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар, сондай – ақ кенттер; ауылдарға-олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан, барлық қалған елді мекендер жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |