Ұсынылған әдебиеттер:
1.Сейфуллин Ж.Т. Земельный кадастр: Управление земельными ресурсами в рыночных условиях. – Алматы.: КазНИИЭОАПК, 2012.
2.Қазақстан Республикасының Салық кодексі, 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
3.Қырықбаев Ж.Қ., Карбозов Т.Е.,Ахметов Е.С. Шаруашылықаралық жерге орналастыру. Оқу құралы. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті баспасы. Астана,2017
4.Қазақстан Республикасының Жер кодексіЖаңартылған 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі.(Өзгерістер енгізілген, басылымға 2022 ж.шыққан)
Дәріс № 17.Қазіргі заманғы спутниктік жүйелерді құру қағидаты және
жұмыстары.
Жоспар
1.Спутниктік жүйенің секторларын сипаттау: космостық, басқару, бақылау, және
тұтыну
2.Спутниктік жүйелерде қолданылатын өлшеу және есептеу әдістері.
3.Спутниктік өлшеулер қателерінің көздері және олармен күресу әдістері
Жерсеріктік GPS радионавигациялық жүйелері. Қазіргі таңда GPS жүйесі ғаламдық масштабта қызмет ететін жалғыз жерсеріктік жүйесі болып табылады. Жерсеріктік навигацияның потенциалдық мүмкіндіктері алғашқы жасанды жер серіктерін ұшырудан басталды. Қазіргі кезде жерсеріктік навигациялық жүйе барлық тұтынушыларға кез келген жерде және уақытта жоғарғы дәлдікте навигация және позициялауды қам тамасыз ету үшін кеңінен қолданылуда.
(GPS) ғаламдық позициялау жүйесі АҚШ-та жасалып, мемлекеттік деңгейде қолданады. (GLONASS) Жерсеріктік ғаламдық навигациялық жүйесі Ресей де жасалған. Екі жүйеде жұмыс істейді NAVSTAR жер серігінің жүйесі Navigation Satellite Timing and Ranging, США). Жер серігінің радионавигациялық жүйеде 24 GPS жердің навигациялық жасанды серіктерінің (соның ішінде үшеуі резервте) бір- бірінен 600- пен әрқайсысында 3–4 жер серігі бойынша жылжытылған 6 шеңбер маңындағы орбиталарда орналасады. GPS-тің жер навигациялық жасанды серіктері орбиталарының биіктігі шамамен, 20 200 км-ді құрайды. Айналу мерзімі – 11 сағат 57 минут 58,3 сек. Соңғы буын жер серігінің массасы – 1044 кг. Қазіргі таңда орбитада екінші және үшінші буынның тең бөлінген 29 жер серігі орналасқан.
Қабылдау-есептеу кешені – тұтынушы секторының негізін құрайды. Бұл сектор пайдаланушыға бақылау пунктісінің орналасқан жері, дәл уақыт көрсеткіші және қозғалатын обьектілерге қатысты – жылдамдық пен олардың орнын ауыстыру бағыты жөніндегі ақпаратты алуға мүмкіндік беретін, барлық құрамбөліктерді біріктіреді.
Қабылдау-есептеу кешенінің жұмыс істеу ерекшелігі оларды бөлуге қабылданған пайдаланушы категориясына аса тәуелді. Жеке алғанда, қазіргі уақытта пайдаланылатын GPS және ГЛОНАСС жүйелері өзінше екі мәнді жүйе болып есептеледі. Яғни, оларды әскери де, азаматтық та тұтынушылар пайдалануына бағытталған. Әскери тұтынушыларға арналған аппаратура жұмысының сипатты ерекшелігі – бұл аппаратура әскери қызметті жүргізу жағдайларында тез әрі сенімді жұмыс істеуі тиіс.
Бұл кезде бақылаудың қозғалмайтын пункттерін ғана емес, сонымен қатар ұшу аппараттары, әртүрлі жүзу құралдары мен жерүсті көліктері сияқты, қозғалатын обьектілердің де орналасу орнын анықтау дәлдігін қамтамасыз етуі керек. Жүйенің азаматтық пайдаланушылары екі негізгі топтарға бөлінеді. Олардың біріншісі – осындай жүйедегі навигацияда, ал екіншісі – геодезияда қолдануға бағытталған. ГЛОНАСС жүйесінің қазіргі заманғы күйі, оны кең ауқымда геодезиялық есептерді шешуге мүмкіндік бермейтіндіктен, негізгі геодезиялық қабылдау- есептеу кешендері GPS жүйесінің құрамына кіреді. Қазіргі заманғы кешендердің, барлығының болашағы зор. ЖРНЖ-ді пайдалану мүмкіндігін ескере отырып жобаланады.
Қателік көздерін жіктеу. Қателік көздерінің әсер ету сипатына байланысты пайда болатын қателіктер, екі негізгі топқа бөлінеді: жүйелі қателіктер, олар жерсеріктік өлшеулерге қатысты – ығысу деп аталады. Сонымен қатар кездейсоқ сипаттағы қателіктер, оларды көбінесе «шу» ұғымымен теңдестіреді. Бірінші топтың қателіктері үшін оларды ескерудің арнайы әдістері жасалады. Екінші топтың әсерін көп жағдайда, үлкен массивті жеке өлшеулерді пайдалану есебінен азайтуға болады.
GPS және ГЛОНАСС жүйелеріне тән өлшеу процестерін талдауға байланысты, барлық негізгі қателік көздерін шартты түрде үш негізгі топқа бөлуге болады:
1) бастапқы деректерді нақты білмеуге байланысты қателіктер; онда анықтаушы рөл мәндерінің – өлшеу кезеңінде белгілі болуы тиіс жер серігі эфемеридтерін білу қателіктеріне жүктеледі;
2) сыртқы орта әсерінен туған қателіктер; олардың ішінен жерсеріктік өлшеу нәтижелеріне атмосфераның (ионосфера мен тропосфера) әсері сияқты, сондай-ақ қоршаған объектілерден шағылысатын радиосигналдар (көпжолдылық) сияқты қателік көздерін бөліп көрсетуге болады;
3) құрал-жабдықтық қателік көздері, оларға қабылдағыш антеннасының фазалық орталағының күйін дәл білмеу, ақпараттық сигналдардың аппаратура арқылы өткен кезде ескерілмеген уақыттық кідірістері жатады.
Сондай-ақ, жерсеріктік қабылдағыштардың тіркеу құрылғылары жұмысына байланысты қателіктер де жатады. Жоғарыда айтылған қате топтарымен бірге, қателіктердің пайда болуын дәлелдейтін жеке факторларды да ескеруге тура келеді. Олар жоғарыда айтылған топтардың біреуіне де тиісті емес. Негізінен, мұндай қателіктерге – бақыланатын жерсеріктерінің өзара тиімсіз орналасу салдарынан пайда болатын қателіктер жатуы мүмкін (геометриялық фактор). Одан бөлек, бірқатар қателіктер бір координаталық жүйеден, екіншісіне ауысу процесінде, мысалы, GPS жүйесіне қатысты WGS-84 ғаламдық- координаталық жүйеден жергілікті координаталық жүйесіне ауысу кезінде пайда болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |