Жэс-тың сипаттамалары мен ерекшеліктері



бет2/4
Дата02.05.2023
өлшемі1,13 Mb.
#88793
1   2   3   4

Большевиктер таптық мүддені қорғау принциптерінен ажырамаса да, жаңа экономикалық саясат аясында мемлекеттің экономикаға араласуы шектелді. Мемлекет белгілі мөлшерде ғана көпукладты ұдайы өндірісті кредит, салық жүйелері арқылы ғана реттеп отырды. Экономикалық өмірдің нақты дамуын қамтамасыз ететін мұндай саясат өте орынды еді.


Ірі өнеркәсіп саласын мемлекеттік монополизациялау нәтижесінде олар өз өнімдерін тұтынушыларға (әсіресе аграрлық сектордағы жеке тұтынушыларға) өте жоғары бағамен ұсынды. Партия және үкімет шешімдері ауыл шаруашылық кооперацияның ЖЭС жағдайындағы жаңа ролін анықтағанына қарамастан, оны бақылап отыруға мемлекет мүдделі болды, соның нәтижесінде мемлекет ауылшаруашылық товарларын сатып алу бағасын өзі белгіледі және ол өте төмен болды.

Ұзақ әлеуметтік даму барысында қалыптасқан дәстүрлі товарлы шаруашылық мемлекет тарапынан ендірілген мұндай реттеуші бақылауға сәйкес келмеді. Мемлекет тарапынан жүргізіліп отырған мұндай саясат ұсақ ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер тарапынан қарсылық тудырды.

Олар өндірген өнімдерін төменгі бағамен сатудан бас тартты. Алайда бұл қарсылықты мемлекет өзі жүргізіп отырған саясаттың кемшілігінен деп есептемеді. Керісінше ол қарсылықты тап жауларының іс-әрекеті деп бағалады. Мемлекет тарапынан жеке шаруа қожалықтарына қарсы бақылауды күшейтті. Ұсақ тауар өндірушілерді әкімшілік жолмен бақылау мен ығыстыру саясаты сауданы шектеуге, яғни ЖЭС-тің шектелуіне әкелді.

1921 жылы наурызда РКП (б) X съезінде Ленин жаңа экономикалық саясатты ұсынды. Бұл дағдарысқа қарсы бағдарлама болды, оның мәні көп қабатты экономиканы қалпына келтіру және большевиктер Үкіметінің қолында басшылықты сақтай отырып, капиталистердің ұйымдастырушылық – техникалық тәжірибесін пайдалану болды. Қоғамның негізгі саяси және экономикалық тұтқалары мемлекеттің қолында болды.

Өнеркәсіпте мемлекеттік сектор, орталықтандырылған қаржы жүйесі және сыртқы сауда монополиясы бар.ЖЭС-тың басты саяси мақсаты-әлеуметтік шиеленісті жою, жұмысшылар мен шаруалар одағы түріндегі кеңес өкіметінің әлеуметтік базасын нығайту.Экономикалық мақсат-күйреудің одан әрі нашарлауына жол бермеу, дағдарыстан шығу және экономиканы қалпына келтіру.Әлеуметтік мақсат – әлемдік революцияны күтпестен социалистік қоғам құру үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет