Жэс-тың сипаттамалары мен ерекшеліктері


ЖЭС жылдары өнеркəсіпте де өзгерістер болды



бет4/4
Дата02.05.2023
өлшемі1,13 Mb.
#88793
1   2   3   4

ЖЭС жылдары өнеркəсіпте де өзгерістер болды.

Жалпыодақтық трестер республика бюджетіне табыстарының бір бөлігін аударып отырды. Трестерді қаптату аймақтарда өндіргіш күштерді ұтымды орналастыруға теріс әсер етті. Қазақстан экономикасының ұзақ жылдарға созылған шикізаттық сипаты анықталды. Қазақстанның кен өнеркәсібіне, әсіресе түсті металдар өндіруге көңіл бөлінді. Түсті металлургияның басты ауданы Кенді Алтай болды.

1920 жылы Шымкент сантонин (дермене) зауыты пайдалануға берілді.


1923 жылы Риддер қорғасын зауыты одақта өндіретін қорғасынның 40%-ын берді. Атырауды Доссор, Мақат мұнай кәсіпшіліктерімен жалғастыратын тар табанды жол салынды. 1927 жылы Қарсақбай мыс комбинаты мыс өндіруді бастады.
ЖЭС кезінде тауар айырбасы мен тауар айналымының маңызы артты. Жеке саудаға рұқсат етілді. Жәрмеңке саудасы күшейтілді. 1927 жылы 75 жергілікті, 13 губерниялық, 7 өлкелік жәрмеңке жұмыс істеп, сауда айналымы 30 млн. сомға жетті. Басты жәрмеңкелер:
  • Семей губерниясында – Қоянды, Баянауыл.
  • Ақмола губерниясында – Атбасар.
  • Ақтөбе уезінде – Ойыл, Темір.
  • Бөкей ордасында – Орда.

  • Бұл жәрмеңкелерге Қытайдан, Монғолиядан көпестер келген.

Пайдаланылған әдебиеттер:
  • «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ», Димаш Дүйсен, 2020
  • «Қазақстан жаңа экономикалық саясат жылдарында», https://e-history.kz/kz/history-of-kazakhstan/show/9008
  • http://lemur59.ru/node/9625
  • http://www.history.nsc.ru/publications/books/pisma_2020.htm
  • https://world-nan.kz/kz/blogs/perekhod-k-nepu-20200928125219

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет