Жетекші Мектеп қызметін ұйымдастыру негіздері
1.Жетекші мектептерді құрудың бастамашысы- ПШО, ПШО -ның филиалдары
2.Аудандардағы Жетекші Мектептер ПШО хаты мен жергілікті білім беру саласы басшысының бұйрығы негізінде құрылады.
3.Аймақтағы білім беру мекемелерінің тізімін филиалдар ұсынысы бойынша ПШО анықтайды
4.Филиалдар штатында деңгейлі курстардан өткен педагог қызметкерлері бар мектептерді Жетекші Мектеп ретінде белгілейді.
Жетекші Мектеп қызметінің мазмұны
Білім беру мазмұнын жаңарту жолында бағдарламалар тәжірибиесін жүзеге асыру жолын жасау.
Ынтымақтастық орта қалыптастыру және курстан өткен барлық педагог қызметкерлерінің еңбектестігін қамтамасыз етіп, курстан өтпеген қызметкерлерді тарту.
Тұрақты түрде педагогикалық қызметкерлердің желілік қауымдастығын қалыптастыру және ұйымдастырып қолдау, барлық жаңашыл педагогикалық бастамаларды демеу.
Ең жақсы әдістемелік ресурстар қорын қалыптастыру және таратуға қолайлы жағдай жасау.
Үйлестіру орталықтарының міндеттері Жетекші Мектеп жұмысының құрылуы мен дамуына ұйымдық көмек көрсетеді;
Мектеп көшбасшыларына - басшылар мен деңгейлі бағдарламаны оқыған мұғалімдерге жүйелі түрде әдістемелік көмек көрсетеді (тікелей- кездесу арқылы және үзбей online түрінде);
Жұмыстардың сараптамасын жасайды, сұрыптайды және қызықты тәжірибе мен ең жақсы нәтижені басылым бетіне шығаруға көмек көрсетеді;
Бағдарлама бойынша оқыған мұғалімдерден нақты тәжірибиелерінде бағдарламаның басты идеяларын жүзеге асыру, бейімдеу үдерісінің мониторингтік зерттеуін жүргізеді.
Үйлестіру орталығы -ПШО, ПШО филиалдары; филиалдың тренерлер тобы кіреді, желілі көшбасшылар ретінде жетекші мектептердің жұмысын басқарады.
Жетекші Мектептер - желілі ұйымдастырушы ретінде анықталған, ұжымы желілі қауымдастықты құруда көшбасшылық танытқан аймақтың мектептер тобы.
Серіктес мектептер -желілі топтар шеңберіндегі аймақтың мектептер тобы.
Серіктес мектептердің қызметі Тірек мектептер ұйымдастырған шараларға курстан өткен педагогтарды және басқа да мұғалімдерді тарту арқылы қатысады;
Жетекші мектептің желілік көшбасшылығы арқылы таратылған Назарбаев Зияткерлік мектептері, Жеткші мектептердің тәжірибиесін белсенді түрде зерттейді;
Серіктес мектептің бағдарлама бойынша курстан өткен педагогтары Жетекші Мектеп жасайтын ақпарттық -әдістемелік қорын қалыптастыруға қатысады, озық тәжірибиелерді таратуға көмектеседі.