Оқу-өндірістік жұмыстың психофизиологиялық негіздері



Дата21.10.2022
өлшемі14,13 Kb.
#44608
Байланысты:
Оқу өндірістік


 Оқу-өндірістік жұмыстың психофизиологиялық негіздері
Еңбек физиологиясы, организмнің функционалдық күйінің еңбек үрдісіне және ол іске асырылатын орта жағдайларымен байланысты болатын өзгерістерін зерттейді. Мұндай зерттеудің мақсаты адамның еңбекке қабілеттілігін жоғарлату шараларын іздестіру, оны ұзақ уақыт бойына жоғары деңгейде ұстап тұру және зорығуды болдырмау жатады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшінеңбек үрдістерін, еңбек пен демалыс тәртібін тиімді ұйымдастыру, жұмыс орынын ұтымды ету және т.б. физиологиялық негіздері жасалады.
Жиырмасыншы ғасырдың 90-шы жылдарының басында еңбек гигиенасы мен кәсіптік аурулар базасында жаңа пән – еңбек медицинасы пайда болды, ол аурудың алдын-алу және емдеу жөніндегі медицинаның біріктірілген саласы болып табылады
Өндірістерде байқалатын жұмыс жағдайлары өндірістік орта факторларының зияндылық, қауіптілік көрсеткіштері бойынша және еңбек үрдісінің ауырлығы мен қауырттылығы бойынша 4 класқа бөлінеді.
Қолайлы еңбек жағдайлары (1 класс) – жұмыс істеушілердің денсаулығы сақталатын және еңбекке қабілеттілігі жоғары деңгейде сақталуына алғы шарттары бар, еңбек жағдайлары. Өндірістік факторлардың қолайлы нормативтері микро-климат параметрлері мен еңбек үрдісінің факторлары үшін орнатылған. Басқа факторлар үшін, өндірісте қолайсыз факторлары жоқ немесе факторлардың деңгейлері халық үшін қауіпсіз деп қабылданған деңгейлерден аспаса, еңбек жағдайлары шартты түрде қолайлы деп қабылданады.
Рұқсат етілген еңбек жағдайлары (2 класс) – жұмыс орындары үшін бекітілген гигиеналық нормативтерден аспайтын, өндірістік орта мен еңбек үрдістері факторларының деңгейімен сипатталады, ал ағзаның функционалдық жағдайында болатын өзгерістер регламенттелген демалыс уақытында немесе келесі жұмыс ауысымның басында қалпына келеді және жұмыс істеушілер мен олардың ұрпақтарының денсаулық жағдайына жақын уақытта және ұзақ уақыт өткеннен кейінгі кезенде қолайсыз әсер етпеуі тиіс. Рұқсат етілген еңбек жағдайларын шартты түрде қауіпсіз еңбек жағдайларына жатқызады.
Зиянды еңбек жағдайлары (3 класс) – деңгейі гигиеналық нормативтерден асатын, зиянды өндірістік факторлардың болуымен сипатталады, сол себепті бұл факторлар жұмысшының немесе оның ұрпағының ағзасына қолайсыз әсер етеді. Зиянды еңбек жағдайлары гигиеналық нормативтерден артық болуы және жұмысшылардың ағзасындағы өзгерістердің айқындық дәрежесіне байланысты төрт зияндылық дәрежесіне бөлінеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет