ЖЕТЕКШІНІҢ ЖҮКТЕМЕСІ
Мектепалды даярлық сыныбының
ОҚУ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
2023-2024 оқу жылы
№
|
Ұйымдастырылған іс-әрекет.
Балалар әрекеті
|
Аптасына өткізілу жиілігі
|
Аптадағы нормативтік жүктеме
|
Аптадағы ҰІӘ саны
|
1
|
Дене шынықтыру (**Қимыл белсенділігі )
|
күн сайын
|
3 сағат
|
102
|
2
|
Сөйлеуді дамыту (Коммуникативтік әрекет)
|
күн сайын
|
2 сағат
|
68
|
3
|
Көркем әдебиет (Коммуникативтік әрекет)
|
күн сайын
|
2 сағат
|
102
|
4
|
Сауат ашу негіздері (Коммуникативтік, танымдық әрекет)
|
күн сайын
|
3 сағат
|
102
|
5
|
Қазақ тілі (Коммуникативтік, танымдық әрекет)
|
күн сайын
|
2 сағат
|
68
|
6
|
Математика негіздері (Танымдық, зерттеу әрекеті)
|
күн сайын
|
3 сағат
|
102
|
7
|
Қоршаған ортамен таныстыру
(Зерттеу,танымдық, комму-тік,еңбек әрекеті)
|
күн сайын
|
2 сағат
|
68
|
8
|
Шығармашылық, бейнелеу әрекеті
|
күн сайын
|
1 сағат
|
34
|
Сурет салу
|
9
|
9
|
Мүсіндеу
|
9
|
10
|
Жапсыру
|
8
|
11
|
Құрастыру
|
8
|
12
|
Музыка (****Шығармашылық, музыкалық, қимыл әрекеті)
|
күн сайын
|
2 сағат
|
|
|
Ұйымдастырылған іс – әрекетінің ұзақтығы
|
25-30 минут
|
|
Барлығы
|
20 сағат
|
|
Мектеп жасына дейінгі балалардың ұйымдастырылған іс – әрекетінің жалпы көлемі
|
20 сағат
|
714 сағат
|
Мектепалды даярлық сыныбында ұйымдастырылатын іс – шаралар кестесі
2023 – 2024 оқу жылы
Апта күндері
|
Мерзімі
|
Уақыты
|
Пәндер
|
Дүйсенбі
|
Күн сайын
|
1с
|
14.00 - 14.25
|
Сөйлеуді дамыту
|
1с
|
14.35 – 15.00
|
Сауат ашу негіздері
|
1с
|
15.10 – 15.35
|
Дене шынықтыру
|
1с
|
15.45 – 16.10
|
Сурет\Жапсыру\Мусіндеу\Құрастыру
|
Сейсенбі
|
Күн сайын
|
1с
|
14.00 – 14.25
|
Көркем адебиет
|
1с
|
14.35 – 15.00
|
Сауат ашу негіздері
|
1с
|
15.10 – 15.35
|
Дене шынықтыру
|
1с
|
15.45 – 16.10
|
Қоршаган ортамен танысу
|
Сәрсенбі
|
Күн сайын
|
1с
|
14.00 – 14.25
|
Математика негіздері
|
1с
|
14.35 – 15.00
|
Сауат ашу негіздері
|
1с
|
15.10 – 15.35
|
Дене шынықтыру
|
1с
|
15.45– 16.10
|
Сөйлеуді дамыту
|
Бейсенбі
|
Күн сайын
|
1с
|
14.00 – 14.25
|
Қазақ тілі
|
1с
|
14.35 –15.00
|
Көркем адебиет
|
1с
|
15.10 – 15.35
|
Математика негіздері
|
1с
|
15.45 – 16.10
|
Музыка
|
Жұма
|
Күн сайын
|
1с
|
14.00– 14.25
|
Математика негіздері
|
1с
|
14.35 – 15.00
|
Қазақ тілі
|
1с
|
15.10 – 15.35
|
Қоршаган ортамен танысу
|
1с
|
15.45 – 16.10
|
Музыка
|
ТҮСІНІК ХАТ
Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі ұлттық даму стратегиясымен тығыз байланысты мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады. Бала — біздің болашағымыз. Олай болса, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту баланың ғана емес, еліміздің де жарқын болашағының кепілі. Ол – үздіксіз білім берудің алғашқы деңгейі. Сондықтан, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың негізгі мақсаты – баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болып отыр.
Еліміздің мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық үдерістерін жаңа бағдарламалармен, оны жүргізудің тиімді әдістерімен қамтамасыз ету қажеттілігі туды. Ұсынылып отырған бағдарламасы мектепке дейінгі 5-6 жастағы балаларды тәрбиелеу мен дамытудың психологиялық-педагогикалық және мазмұндық аспектілерін ашады және негізгі құзіреттіліктерді қалыптастырудың міндеттерін жүзеге асырады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мақсаты әр баланың қызығушылықтарын, ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жалпы адами және ұлттық құндылықтар негізінде оларды толыққанды дамыту мен әлеуетін ашу.
Әдістемелік нұсқау хатта 2022-2023 оқу жылындағы негізгі міндеттер белгіленген, ол мынадай бағыттарды қамтиды: - әр баланың жеке қабілеттері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жайлы дамытушы қауіпсіз білім беру ортасын, оның ішінде инклюзивті орта құру;
- балалардың өмірін қорғау және денсаулығын нығайту, салауатты өмір салты негіздерін, қауіпсіз өмір сүру дағдыларын қалыптастыру;
- тәрбиеленушілердің қимыл-қозғалыс, бейімделу, коммуникативтік, эмоционалдық, әлеуметтік, когнитивтік дағдыларын қалыптастыру;
- Отанды, ана тілін сүюге, ұлттық бірегейлік пен азаматтық негіздеріне және патриотизмге баулу;
- баланың мектепте оқуға физикалық, психологиялық, эмоционалдық, әлеуметтік дайындығын қалыптастыру және тең бастапқы мүмкіндіктер беру.
Тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыруда педагогтерге келесі қағидаларды назарда ұстау ұсынылады:
- ойын арқылы оқыту;
- түрлі балалар әрекетін ұйымдастыру арқылы (ойын, қимыл, танымдық, шығармашылық, зерттеу, еңбек, дербес) балаларды дамыту.
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14235 болып тіркелген) (бұдан әрі – Үлгілік оқу бағдарламасы);
5) мектепке дейінгі ұйымдар үшін әзірленген, өңірлік әдістемелік орталықтың ғылыми кеңесінде бекітілген және қолдануға ұсынылған білім беру бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырады.
Тәрбиеленушілердің жеке тұлғасын жан-жақты дамыту мына бағыттар бойынша:
- физикалық дамыту;
- коммуникативтік дағдыларды дамыту;
- танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту;
- шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту;
- әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру арқылы іске асырылады.
Физикалық даму, балалардың коммуникативтік, танымдық, зияткерлік, шығармашылық дағдыларын, зерттеушілік қабілеттерін дамыту, әлеуметтік- эмоционалдық дағдыларын қалыптастыру келесі ұйымдастырылған іс-әрекеттерді кіріктіру арқылы жүзеге асырылады:
1) дене шынықтыру (ерекше тәрбиеленушілер үшін бейімделген дене шынықтыру); 2) жүзу (жүзу бассейні болған кезде);
3) сөйлеуді дамыту;
4) көркем әдебиет;
5) сауат ашу негіздері;
6) қазақ тілі (оқыту басқа тілде жүргізілетін топтарда);
7) сенсорика;
8) математика негіздері;
9) құрастыру; 10) сурет салу; 11) мүсіндеу; 12) жапсыру;
13) қоршаған ортамен таныстыру; 14) музыка.
Стандарт талаптарына сәйкес әзірленген Үлгілік оқу жоспарларында балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес кіріктірілген ұйымдастырылған іс-әрекеттер берілді.
Мектепалды даярлықтың негізгі міндеттері: - балаларда оқу әрекетінің ұйымдастырылған мінез-құлқының дағдыларын қалыптастыру (танымдық белсенділік, шығармашылық);
- мектепке оқу үшін қажетті болашақ бірінші сынып оқушысының жеке қасиеттерін қалыптастыру (жауапкершілік, зейінділік, дербестік, ынталық);
- ұжымдық әрекетте бірлесіп әрекет ету дағдыларына тәрбиелеу (құрдастарына көмек көрсету, жұмыс нәтижелерін бағалау және т. б.);
- балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымнан мектепке көшу кезінде сабақтастықты және табысты бейімделуді қамтамасыз ету;
- баланың мектепке эмоционалды-оң көзқарасын, оқуға деген ынтасын дамыту.
Мектепалды сыныптары тәрбиелеу-білім беру қызметін:
1) «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі – Стандарт) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына;
2) «Тиісті үлгідегі және түрдегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17657 болып тіркелген) (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидаларына;
3) «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8275 болып тіркелген) бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларына (бұдан әрі – Үлгілік оқу жоспарлары);
4) «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14235 болып тіркелген) (бұдан әрі – Үлгілік оқу бағдарламасы) сәйкес жүзеге асырады.
Тәрбиеленушілердің жеке тұлғасын жан-жақты дамыту мына бағыттар бойынша: -физикалық дамыту;
- коммуникативтік дағдыларды дамыту;
- танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту;
- шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту;
- әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру арқылы іске асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |