Мектепалды даярлық сыныптарындағы «Дене шынықтыру» пәніне ұйымдастырылған перспективалық жоспары 2023-2024 оқу жылы Апталық жүктеме 3 сағат, жылдық жүктеме 105 сағат. Алматы «Алматыкітап баспасы» 2022 ж.
А/с
№
ҰІӘ-нің тақырыбы
ҰІӘ-нің міндеттері
Сағат саны
Өту мерзімі
І тоқсан Қыркүйек айына ұйымдастырылған іс-әрекет:
1 Апта
1
Спортзал.
Кеңістікте бағдарлай білу және күш секілді дене қабілеттерін дамыту. Спортқа деген қызығушылықтарын дамыту және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
1
04.09.23ж
2
Спортзалда ойнаймыз.
Ептілік, шыдамдылық, төзімділік тәрізді дене қабілеттерін дамыту. Мейірімділікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу.
1
05.09.23ж
3
Денсаулықтың құпиялары.
Спортпен шұғылдану, салауатты өмір салтына, өз денсаулығын бағалай білуге баулу. Күштілікті, ептілікті, төзімділікті дамыту.
1
06.09.23ж
2 Апта
4
Күлкі сыйла.
Бала ағзасын төзімді, мықты болуға шынықтыру, омыртқаның қисайып кету қаупінің алдын алу. Мейірімділікке, әрқашанда көмекке дайын болуға, өзінің бойындағы теріс әдеттерден арыла білуге тәрбиелеу.
1
11.09.23ж
5
Біз күшті және ержүрекпіз.
Дене бітімін дұрыс ұстап, тепе-теңдіктерін сақтап, орындық үстімен жүруді бекіту. Бұлшық ет корсеті мен омыртқаның иілімділігін қалыптастыруға мүмкіндік жасау; стретчинг – омыртқаның қисаюның алдын алу. Салауатты өмір салтын сақтауға баулу.
1
12.09.23ж
6
Мен ойнағанды жақсы көремін.
Допты бастан асыра бір-біріне лақтырып, оны екі қолмен қағып алуды үйрету, гимнастикалық орындық үстінде білегі мен тізесіне таянып еңбектеуді жетілдіру, орындық үстіндегі қимыл-қозғалыс жасай білу дағдыларын дамыту.
1
13.09.23ж
3 Апта
7
Керуен (таза ауада)
Ұлттық ойындарға деген қызығушылықтарын арттыру, коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту, мейірімділік пен ұлтттар арасындағы достыққа тәрбиелеу.